• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

AitmukhambetovСіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

рисунок

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен Тайпақ ауылдық округіндегі мәдениет үйінің ғимаратында «мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі» өтті.

рисунок

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобының мүшелері Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында «Парасыз болашақ» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға мобильдік тобының мүшелерімен қатар Жасыл ел» жастары және музей қызметкерлері де қатысты.

IMG 6237

2018 жылдың  20-қыркүйек  күні аудан әкімінің қолдауымен, жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Менің әлеуметтік қызметім» тақырыбында аудандық әлеуметтік қызметкерлер арасында байқау өтті. Байқауға Облыс әкімі аппаратының инспекторы Светланна Әділқызы, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  басшысының орынбасары   Ділдәш Салауатқызы, аудан әкімінің орынбасары Асқар Батырханұлы қатынасты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында еліміздің жоғары және арнаулы оқу орындарына арналған білім гранттарын бөлудегі комиссия отырыстарына азаматтардың бақылаушы ретінде тікелей қатысуына мүмкіндік беруде.

Ақжайық ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жер учаскесін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс 2018 жылы «15»  тамыз  сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Қонаев көшесі №70 мекен-жайы бойынша өтеді.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы