• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

13 желтоқсан Ақжайық аудандық музейінде Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты шара өткізілді.Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін,тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу, өскелең ұрпақтың имандылық және елжандылық сезімдерін дамыту мақсатында өтті.

Бүгін 11 желтоқсан "Ұлы Дала Елі - Тəуелсіздіктің 25 негізі" атты 25 жұлдызды күндер жоспарына сәйкес қосымша білім беру педагогтарының кəсіби шеберлігін арттыру жəне дарынды оқушыларды анықтау мақсатында балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен "ЭКСПО тарихы" тақырыбында "Шығармашылық шыңдайды шеберлігі" атты үйірме мүшелері мен үйірме жетекшілері арасында көрме байқауы өтті.

Ағымдағы жылдың 3 – желтоқсан күні Ақжайық аудандық орталық ауруханасында «25 жұлдызды күн»аясында «Ашық есік» күнін өткізілді.

Өткен жұмада «25 Жұлдызды күннің» кезекті тақырыбы отбасы құндылықтарына арналды. Осыған орай Чапаевтағы аудан әкімі Әділ Жоламанов әйел-аналардың үлкен тобымен кездесті.

Отбасы қоғамның ажырамас құрамы, кішігірім ұйым, ата-анамен балалар арасындағы, ерлі зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатысының тарихи нақты жүйесі екені мәлім. Ауылдардан жиналған әйел-аналардың алдындағы өз сөзінде аудан басшысы нәзік иықты жандардың еңбегі, ортақ істерге үлесі жайында айта келіп, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты қадау - қадау міндеттерге тоқталды. Ата-бабаларымыз өз ұрпағының текті, намысты, көкірек көзі ояу болуы үшін не керектің бәрін жасаған. Бодандық жылдары тоталитаризм бізді сол құнардан айыру үшін талай қиянат жасағаны да белгілі. Тәуелсіздігімізбен бірге өткен қайнарларымызға қайта оралу мүмкіндігі келді. Ұл-қыздарымыздың жарқын тағдыры үшін алуан да ауқымды істер тындырылуда. Бірақ кешігіп жатқан немесе мән бермей жүрген тұстарымыз аз емес.

Ақжайық ауданында мерейтойлық жыл құрметіне «25 игі іс» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Осы апта басынан бастап аз қамтылған 179 отбасына 1,3 млн. теңге көлемінде кәсіпкерлер, мекеме-ұйымдардың демеушілігімен көмек көрсетілді. Тек азық-түлік түрінде емес, сонымен қатар, көпбалалы отбасыларына жылы киім, ауласындағы малына жемшөп және отындық ағашпен қолдау көрсетілуде.

Уақыт өткен сайын кәсіптік-техникалық білім ұяларының маңызы арта түсуде. Мұның мысалына Ақжайық агротехникалық колледжінен толық көз жеткізуге болады. Сонау 1958 жылы ашылып, одан беріде жылдар жүзінде атауы бірнеше рет өзгергенімен, атажұртымызға қажетті мамандар даярлауда оның орны орасан екенін ешкім жоққа шығармайды. Рас, бір кезде «ой, училище ме...» деп оны менсінбейтін жағдай болған. Бірақ, уақыт не бұрыс, не дұрыс екенін көрсетуде. Бүгіндегі келбеті мүлдем басқаша. Не айтатыны бар, осындай колледждердің күні оңынан туып келеді.

Ел Тәуелсіздігінің ширекғасырлық даңқты датасына арналып, Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта гір спорты мен қол күресінен аудан біріншілігі өткізілді. Бұл жарыстарға 62 спортшы қатысты.

Айталық, қол күресінен 50 келі салмақ дәрежесінде Аңсар Құбашев (Көнеккеткен), бірдей салмақ дәрежелерінде, яғни өз топтарында 60 келіде Ерасыл Азатов (Қарауылтөбе), Азат Айтуғанов (Чапаев), 70 келіде Сүйеніш Сүйіндіков, Жанғали Теменов (екеуіде Көнеккеткен),  70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ақжайық Мерхан (агротехколледж), Элдар Русланов (Көнеккеткен), 40 келіде Бақтығали Әсет (Базаршолан), ал абсалюттік салмақ дәрежесінде жоғарыда аталған Ақжайық Мерхан топжарды.

Қыздар арасында Ақбота Досмағамбетова (Алғабас, 50 келі), Әсем Жеңісова (агротехколледж, 60 келі) жеңімпаз танылды.


 

 


Ауа райы