• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімінен мал саны жөнінде шаруа қожалықтарынан дәлелді құжаттарды жинақтау қорытындысы бойынша олардың 30-ынаы заңбұзушылықты жою жөнінде ескертулер жөнелтті. Яғни, қолдағы мал заңнамаға сай тіркелуі керек. Егер бұл талап орындалмаса, облыстың жердің падаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан тиісті шара алынатын болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерін атап өтті. Салтанатты жиылыста алдымен олардың саласы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы бейнесюжет көрсетілді.

Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері: Павлодардағы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Жолдас Бермұратов, Алматы облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Құрметхан Байғара, БҚО Дін істері басқармасының бас маманы, теолог Нұржан Стамбакиев тұрғындармен, ауылдардағы мектептер директорларымен, мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, жастар жетекшілерімен жүздесті.

Ел тәуелсізідігінің ширекғасырлық мерейтойына арналып Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта ерлер командасы арасында БҚО чемпионаты өтуде.

Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында еңбек мерекесі ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімі Ермек Құсайынов жиналғандар алдында мерейтойлы жылғы сан-қырлы шаруаның біраз қорытындыларын баяндап, қыс маусымына дайындықтың жайын пысықтады.

Осындай атпен Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газетінің 85 жылдығына арналып, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы