• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

AitmukhambetovАқжайық ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Қорғаныс істері жөнінде бөлімінде «25 Жұлдызды күннің» Мемлекеттік шекараға арналған күніне орай Ақжайық агротехколледжіндегі «Көк бөрі» әскери патриоттық клубы мүшелерімен «Ашық есік күні» өтті.

Уақыт өткен сайын кәсіптік-техникалық білім ұяларының маңызы арта түсуде. Мұның мысалына Ақжайық агротехникалық колледжінен толық көз жеткізуге болады.

«25 Жұлдызды күннің» кезегін Ақжайық ауданында мемлекеттік рәміздерге арналған автошеру патриоттық акциясы жалғастырды. Аудан орталығының оңтүстік бетіндегі ажарлы ғимараттары  көз тартқан агротехколледждің алаңынан ертеңгілік жол тартқан автошерушілер ұстаған Мемлекеттік Туымыз көзге оттай басылды.

15 қарашада Ұлттық валюта - Теңге күніне орай салтанатты жиылыс өтті. Жиналғандарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтап, сөз сөйледі.

Елбасы Жарлығымен бекітілген «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты Тұжырымдама аясында бастау алған «25 Жұлдызды күннің» алғашқысы - Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған шаралар Ақжайық ауданында да ерекше шырайлы өтті.

Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында «Жаңа Дем» Республикалық жастар конгресінің қолдауымен облыстық «Жасыл ел» (штаб жетекшісі Қанат Досмағанбетов) еңбек жасағының мүшелері келіп, қайырлы істер орындады.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы