• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидасының» 14, 22 – ші тармақтарына сәйкес ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары  асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидия алуға тиісті негіздердің туындауына қарай қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ арқылы немесе электрондық түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz  арқылы 2018 жылдың 20-шы қаңтарынан субсидиялар алуға арналған өтінімдер жолдай алатындығы  туралы  хабарлайды.

Ақжайық ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша, 2018 жылдың 30 қаңтарда сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70 мекен-жайында конкурс өткізеді

Кеше ашылған "Өркен" коворкинг орталықта арнайы рухани жаңғыру залы бар. Аталмыш бағдарламаның алты басымдығын жастардың санасына сіңіру көзделген бұл бөлмеде өңірімізде жүзеге асыруға болатын тың идеялар, жарқын бастамалар туындайды деген үміт мол. Себебі, жаңашылдық пен жаңғыру жастардан бастау алмақ керек. Мұнда келешекте Bookcrossing əдісімен өзін өзі жетілдіруге мақсаттайтын кітаптарды тегін алып оқуға болады.

Тауық жылының еліміздің бүкіл жеріндегідей, Ақжайық ауданына әкелген игі бетбұрыстары аз емес. Соның одан әрі баяндылығына қол жеткізіп, заман талабы алдымызға көлденең тартқан ауқымды істерге жұмылғанымыз абзал. Бүгін Ақжайық ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловтың еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен жүздесуінде осы орайда рәуішті әңгіме қозғалды.


 


Ауа райы