• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні аудан əкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары жəне мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Əділет басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты тұрғындарға электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдалануды түсіндіру. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік қызмет көрсететін ауданымыздағы тоғыз бөлім, Əділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Чапаев ауылдық округ əкім аппаратының басшылары мен мамандары қатынасып, халыққа қызмет көрсетті. Шара барысында мемлекеттік қызмет алушылар мен қызмет көрсетуші тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатындағы видеоролик көрсетіліп, ауылдық округ əкім аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерінің стенді орнатылып таныстырылды.

«Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Сізден ауыл атауын өзгерту туралы ауыл тұрғындары жиналыс қорытындысын 2017 жылдың 26 қазан күні НҚА сайтына енгізуіңізді сұраймын. Аудандық «Жайық таңы» газетіне хаттама 2017 жылдың 26 қазан күнімен жарияланады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының қылмыстық және іс жүргізу процестері заңдылықтарын жаңғырту бойынша көптеген іс шаралар жүргізілуде.

Жаңғыртудың жаңа кезеңі қылмыстық қудалау процестерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған.

Ақжайық ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша, 2017 жылдың 27 қарашасында сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 72 мекен-жайында конкурс өткізеді

2017 жылдың 13 қараша күні аудан әкімі Ә.Жоламановтың төрағалығымен «Аудан әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ІҮ тоқсандағы» комиссия отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде АХАТ қызметтері бойыншадөңгелек үстел отырысы өткізілді.АХАТ бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді орындау  мақсатында келесі функцияларды жүзеге асырады: тууды тіркеу, некені тіркеу, бала асырап  алуды тіркеу, әкелікті анықтауды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, өзара келісім бойынша ортақ  балалары және мүлікке талас болмаған жағдайда некені бұзуды тіркеу, сондай – ақ заң күшіне енген сот шешімі бойынша.


 


Ауа райы