• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Ақжайық ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға берілетін жер телімдерін ұсыну бойынша, 2017 жылдың 27 қарашасында сағат 16.00-де Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 72 мекен-жайында конкурс өткізеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу бағдарламасын жастарға түсіндіру, ақпараттандыру бағытында «Рухани жаңғыру – жаңа әліпбиден басталады» атты бүгін кезекті латын әліпбиіне үйрететін үйірме сабағы өткізілді. Сауат ашу сабағы әр аптаның сәрсенбісінде өткізіліп тұрады. Өтетін орны: «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимараты, сағ:16-00

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде АХАТ қызметтері бойыншадөңгелек үстел отырысы өткізілді.АХАТ бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді орындау  мақсатында келесі функцияларды жүзеге асырады: тууды тіркеу, некені тіркеу, бала асырап  алуды тіркеу, әкелікті анықтауды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, өзара келісім бойынша ортақ  балалары және мүлікке талас болмаған жағдайда некені бұзуды тіркеу, сондай – ақ заң күшіне енген сот шешімі бойынша.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу бағдарламасын іске асыру және латын графикасының ел дамуына пайдасы жөнінде халыққа түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында «Латын әліпбиі – еркін таңдау» акциясы аясында барлық ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар тұрғындарға флаерлер таратты.

Ағымдағы жылдың 19 қазан күні «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі туралы аудандық жер қатынастары бөлімі семинар-кеңес отырысы өткізілді. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне кезекке тұрған азаматтардың тізімі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Аталған тізім Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған.

Бүгін Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевқа «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы бойынша кешенді түсіндіру жұмысы тобының өкілдері келді. Тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүздесу алдында оларды аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдап, әңгімелесті. Аудан басшысы бұл топтың уақыт талабы үндеген сан қырлы ісіне сәттілік тіледі.


 


Ауа райы