• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу бағдарламасын іске асыру және латын графикасының ел дамуына пайдасы жөнінде халыққа түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында «Латын әліпбиі – еркін таңдау» акциясы аясында барлық ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі кеңесші мамандар тұрғындарға флаерлер таратты.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында басты бағыттың бірі латын әліпбиіне көшу болатын.Осыған орай Көнеккеткен ауылдық округі О.Исаев атындағы ОЖББМ-де 9-11-сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында «Латын әліпбиі- ел ертеңі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында МДОІЖО Буланаев Е.М.бүгінгі кездесудің мақсатына тоқталып,өту барысын түсіндірді. Қазіргі таңда қоғамдық талқылаудың басты өзегіне айналып отырған «Латын әліпбиі»мәселесі қозғалды.

Бүгін Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевқа «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы бойынша кешенді түсіндіру жұмысы тобының өкілдері келді. Тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүздесу алдында оларды аудан әкімі Әділ Жоламанов қабылдап, әңгімелесті. Аудан басшысы бұл топтың уақыт талабы үндеген сан қырлы ісіне сәттілік тіледі.

26-қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Ақбота балабақшасында» «Тəуелсіздік тұғыры – мемлекеттік тіл» атты ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында қазақ елінің азаматы ретінде туған тілін қадірлеу – қастерлеу мақсатында бүлдіршіндер əн айтып, үш тілде тіл, Отан туралы тақпақ, мақал-мəтелдер айтты.

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы «Ақжайық» балалар саяхат кешенінде Бүкіләлемдік туризм күніне орай ауылдық округтерден, мектептерден, мекемелерден 25 команданың қатысуымен аудандық VІ туриада ұйымдастырылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Жоламанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын талқылау барысында аудандық ардагерлер ұйымы ардагерлермен жастарға арналған латын әліпбиіне үйрететін үйірме жобасын ұсынған болатын. Сол жобаны іске асыру мақсатында бүгін үйірменің «Рухани жаңғыру – жаңа әліпбиден басталады» атты алғашқы сауат ашу сабағы оздырылды.


 


Ауа райы