• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

AitmukhambetovАқжайық ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Онда бөлімнің бас маманы А.Бегманова тұрғын үй көмегінің орындалу барысы жөнінде түсініктеме берді. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» электрондық түрде көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына 4-қосымшасымен «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген.

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні аудан əкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары жəне мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Əділет басқармасы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өтті. Жәрмеңкенің мақсаты тұрғындарға электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдалануды түсіндіру. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік қызмет көрсететін ауданымыздағы тоғыз бөлім, Əділет басқармасы, Халыққа қызмет көрсету орталығы және Чапаев ауылдық округ əкім аппаратының басшылары мен мамандары қатынасып, халыққа қызмет көрсетті. Шара барысында мемлекеттік қызмет алушылар мен қызмет көрсетуші тарапынан сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатындағы видеоролик көрсетіліп, ауылдық округ əкім аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттерінің стенді орнатылып таныстырылды.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы