• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мезгілінен бұрын жетіп, Республика әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50  елдің қатарына енді. Бұл жетістіктер Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуін қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге көтерілуін анықтаған болатын.

Сонымен қатар Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына үлкен пәрмен берді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Мал ұрлығы бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Жылдар бойы бағып-қағып, күткен малдарынан бір түнде айрылып қалу тұрғындардың ешбірінеде оңай тимейтіні анық. Ақ адал малын судан, түн жамылған ұрыдан қолды болып, шығынға ұшырыған соң, мал иесінің зар илеуін түсінуге болады. Сондықтан, мал ұрлығы қылмысының алдын-алу және оның деңгейін төмендету жұмысы бойынша «мал ұрлығына қарсы жол картасы» жасалды. Ауыл шаруашылығы жануарларын (паспорттау,сырғалау,тавро салу және т.б.) белгіленген тәртіппен нақты есепке алу және тіркеу, ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген орындардан тыс жерде сақтауға жол бермеу, жануарларды сатып алу кезінде, сатып алушы жануарды сатушыдан заңды иелігін  растайтын тиісті құжаттарды талап ету құқығын  жүзеге асыру, жануарларды белгіленген  сауда орындарында сатып алу нормаларының сақталмауы және сауда орындарынан тыс жерде сатуларын қадағалау.

2017 жылдың 10 тамызда аудан орталығында Тлек Габдушевтың жүргізуімен «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ағымдағы жылдың 21 тамыз күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Нұржанованың төрағалығымен аталған бөлім басшысының орынбасары О.Қажғалиев, аудандық зағиптар қоғамының төрайымы Ж.Жақсығұлова, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектер ерікті қоғамы»  қоғамдық бірлестігінің Ақжайық аудандық филиалының төрағасы М.Сарсенов, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің дефектолог маманы С.Нұрғалиева  және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас мамандардың бас қосуымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Ақжайық аудандық бөлімдерінің мамандары 2017 жылғы мамыр айынан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне аптаның бір күні келіп, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде әдістемелік көмек көрсетуде.  

2017 жылдың 16 тамыз күні аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Аскаровтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, шаруа қожалығы жетекшілері және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас мамандардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел отырысында аталған бөлімнің бас маманы А.Мурзагалиева «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және  сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі кеңінен баяндады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай, халыққа әлеуметтік көмектің, жұмыспен қамтудың бірқатар басымдықтары жүзеге асырылуда. Мұны ауданымыз тынысынан да байқауға сөзсіз болады. Атап айтқанда, көпбалалы, кедейлік шегінен төмен және мүгедек жандар мемлекет тарапынан көптеген қолдауға ие.


 


Ауа райы