Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

«Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының қабылдануы елде нарықтық экономиканың қалыптасуын, демократиялық бағыттағы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құрылғанын, оның ішкі тұрақтылығын анықтап берді. Осының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде айқындала түсті. 

«Қазақстан – 2030» Стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауында өз жалғасын тапты. 

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Ақжол ауылдық округінің орталығы Ілбішін ауылындағы Мәдениет үйінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиевтың концерті өтті. Жылдың басында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйінде көптеген іс-шара ұйымдастырылып, елімізге танымал бірнеше эстрада шеберлерінің концерттері өткен болатын.

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әйгілі әншілер, композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Өткен көктемде Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта «Шапағат» қайырымдылық дүкені ашылып, жұмыс істей бастаған еді. Оған ескі болса да тұтынуға жарайтын, иә болмаса, үйлерде жап-жаңа күйінде болса да киілмей, тіпті «ұмытылып» қалған киім-кешектер бірден-ақ көптеп түсіп, алушыларға ұсынылып келеді.