• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының негізгі мақсаты - қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілген қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі саласында бақылауда және қадағалауды жүзеге асыратын, сала аралық үйлестіруді, іске асыру және бақылау- қадағалау функцияларын жүзеге асырады.2018 жылға арналған жоспарға сәйкесбасқармасының желілік кесте бойынша мамандар жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында ағарту шараларын жүргізеді.

Атқарылған шаралар туралы:

1.Бруцеллез, құтыру, сібір жарасы, листериоз, оба, туберкулез ауруларын адамдар арасында болдырмау мақсатында семинар өткізілді.

Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Ақжайық аудандық әкімдік ғимаратының мәжіліс залында 2018жылдың 16 ақпанында Ақжайық аудандықветеринария бөлімінің басшысымен біріккен 09.02.2018жылғы № 6 / 8  бұйрығы бойынша «Аса қауіпті жұқпалы аурулар – сібір жарасы, бруцеллез, құтыру, листериоз, оба, туберкулез ауруларын адамдар арасында болдырмау мақсатында» Ақжайық аудандық ветеринарлық қызметінің мамандары, аудандық аурухана эпидемиологі, жұқпалы аурулар дәрігерінің қатысуымен өткізілген семинар өткізілді. Семинарға 52 адам қатысып, әсіресе бруцеллез, құтыру аурулары бойынша өзекті мәселелер де талқыланды. Алдағы уақытта осы аурулардың алдын-алу іс-шаралары ұсынылды.

2. Профилактикалық екпе алудан бас тартқандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

 Аудан әкімшілігі, Ішкі саясат бөлімі, мешіт имамы,  Ақжайық аудандық ҚДСБ, Ақжайық аудандық орталық ауруханасы,  «Таным» диструктивтік  ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығының қызметкерлерінің қатысуымен 14.02.2018 жылы Ақжайық аудандық орталық ауруханасының  мәжіліс залында  жұқпалы дертке қарсы профилактикалық екпе алудан бас тартқан адамдармен (ата-аналармен) вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру  туралы дөнгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 19 адам қатысты.БҚО ҚДС Департаменті ислам- адам баласының денсаулығы үшін екпе жасауға қарсы еместігін халыққа түсіндіру бағытында плакаттар дайындалып шығарылды.

3. Желілік кестеге сәйкес 6 бағыт бойынша, яғни «Таза қол» (жіті ішек жұқпа, ауруханаішілік жұқпаның алдын алу), «Физикалық белсенділік» (семіздіктің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану), «Болашаққа қадам» (АҚТБ/ЖҚТБ алдын алу), «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» (скринингтік тексеру), «Ұнды фортификациялау» (дұрыс тамақтану), «Қауіпсіз тағам таңда» (қауіпсіз тағаммен қамтамассыз ету) деген тақырыптарда мектептерде, балабақшаларда, сауда үйлерінде оқушылар, мұғалімдер, тұрғындар арасында ағарту жұмыстары жүргізілді.

 

Наурыз айында атқарылған жұмыстар бойынша

Жиналыс

Дөңгелек үстел

Акция

 


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы