• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі шаралар әркез өз жалғасын тауып келеді.

Осы орайда Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып келе жатырған «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының тұрғындар өміріндегі алар орны маңызды.

Ағымдағы жылы «Жол картасына» сәйкес 5 әлеуметтік нысанды күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Шалқар көлі жағасындағы «Ақшағала» балалар лагері мен Сайқұдық ауылдық кітапханасын күрделі жөндеу, Тінәлі негізгі мектебін табиғи газ жүйесіне қосу жұмыстары аяқталып, Қарауылтөбе бала бақшасы, Сайқұдық мәдениет үйі пайдалануға берілді. «Жол картасы» аясындағы аталған нысандарға жоспарға сәйкес маусым айынан 149 адам жұмысқа тартылса, бағдарламаға сәйкес 120 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. 95 жас маман 42 мекемеге жолданып, тәжірибе жинақтауда. Күні бүгінге олардың 9-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандардың орнына тағы 9 жас маман тәжірибе жинақтауға жіберіліп, жоспар 112,9 пайызға орындалды.

Мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отырған игі істердің бірі - жұмыссыздарды кәсіби оқыту және қайта даярлаудан өткізу жұмыстары ауданда тиісті деңгейде жүргізілуде.  

9 ай бойынша 77 адам оқуға жіберіліп, кәсіби мамандықтарға оқытылды. Жыл аяғына дейін жоспарланған мамандықтарға сұранысына орай мамандығы жоқ жұмыссыздар жіберіліп, олардың оқулары ұйымдастырылатын болады.

Аудан бойынша кедейшілік деңгейі жыл басындағы көрсеткіштен 1,7 пайызға азайып, 2,7 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздар есебінде тұрғандардың тұрақты және маусымдық жұмыстарға қажетті мамандықтарының болмауы жұмыссыздық деңгейінің жоғары деңгейде болуына әсер етуде. Олар жұмыссыздар есебіне алынып, сонан кейін ғана жұмысқа жолдануда. Сондықтан кәсіби оқуға жұмыссыздар есебінен жіберу шаралары қолға алынуда. 

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жыл басымен салыстырғанда едәуір азайып отыр. Жыл басында 1385 адамы бар 367 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған болса, 1 қазанға атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылары 254-ті құрап, олардағы адам саны 435-ке төмендеді.    

Бұған әлеуметтік жұмыс орындарына, жаңадан ашылған тұрақты және маусымдық жұмыстарға, инвестициялық жобаларға бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тартылуы себеп болуда. Бұл өз кезегінде аудандағы кедей отбасылар санының төмендеуіне ықпал етуде.

Қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 227 жұмыссыз  адам тіркеліп, оның деңгейі аудан халқының 0,8 пайызын  құрап  отыр.

Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, оның ішінде аз қамтылған отбасы мүшелерін қатыстыру арқылы табыс көзі аз, күнкөріс деңгейі төмен жанұялардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын түзетуге де баса назар аударылып, нақты көмектер көрсету негізгі істердің біріне айналуда.

Өткен жылдың 9 айында қоғамдық жұмысқа 622 адам тартылса, үстіміздегі жылдың осы мерзімінде 710 адам алынып отыр. Әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар төлеу жалғастырылуда.

Аз қамтылған балалы отбасыларына мемлекеттік балалар жәрдемақысын беру жалғасын тауып, 2034 отбасындағы 4865 балаға балалар жәрдемақысы төленуде.

Аз қамтылған 195 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы беріліп келеді.

Ардагерлер мен мүгедектерге шипажайларға жолдама беру ісі де жүйелі түрде жүргізілуде. 

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алда да жалғаса береді.


 

 


Ауа райы