• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №139-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 29-тармағын орындау мақсатында басқарманың 2015 жылғы 20 мамырдағы № 330 бұйрығымен «Сенім телефоны» болып 260463 телефон нөмірі бекітілгені хабарланады.

Сенім телефоны арқылы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде ата-аналарға, кәмелетке толмағандарға жедел кеңес және психологиялық қолдау көрсетілуде.


Бастауыш сынып және пән мұғалімдері арасында облыстық пән олимпиадасы

Бастауыш сынып және пән мұғалімдері арасынан өзін-өзі жетілдірумен, клешекте тұлғалық және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді қолдау мақсатында 12 сәуір күні облыстық пән олимпиадасы өткен болатын.

Олимпиадаға  12  аудан , 2 қала және 2 облыс  мектептерінің бастауыш және пән мұғалімдері қатынасып, жеңімпаздар анықталды. Олимпиада 2 турда өтілді. Мұғалімдердің мамандықтары бойынша теориялық білімін   және мұғалімдердің мамандықтары бойынша практикалық біліктілігін, құзыреттілігін анықтау мақсатында теориялық бөлім, практикалық бөлімдерден тұрды.  Ауданымыздан  Ғ.Махамбетов ат.ОЖББМ  химия пәнінің мұғалімі Қалыбаев Ораз Наурызбайұлы   І орын, Қаршы ОЖББМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кустамбаева Айгуль Ахметовна ІІ орын, Абай атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Абишев Максим Маратұлы ІІІ орын және Қ.Байсықов ат. ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Ақтоты  Қуанышқызы Алғыс хатпен марапатталды.

рисунок

рисунок

 

Аудандық білім бөлімінің әдіскері: Баймуханова Анар Кадиловна

 

 


Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің аудандық семинары

Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру


 

 

 

 

 

Облыстық  «Күзгі өнімдер»  мерекесінде 

Үздік оқу-тәжірибе үлескесінің тәжірибесін насихаттау, өскелең ұрпақты экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, үздік ұжымдық-шығармашылық істер тәжірибесін жетілдіру, еңбекке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында  29 қыркүйек күні «Күзгі өнімдер» облыстық мерекесі өтілді. Байқауға  12 аудан және  бірнеше қала  мектептерінің   жас экологтарының  жеке орындаған және ұжымдық жұмыстары қаралып, жеңімпаздар анықталды. Ауданымыздан  №1 ОЖББМ оқушыларының топтық жұмысы «Үздік гүлдер композициясы» номинациясы бойынша ІІІ орынды  (жетекшісі:  Митрясова Е.Е), «Үздік мүсіндер» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленіп (жетекшісі: Нигметова Н.К.) мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді. Жанұялық құндылықтарды нығайтуды көздеген мерекеге орай «Мөлдір бұлақтан..» фестивалі сырттай өткізілді. Байқауға ауданымыздан «Өнер сүйген отбасы» номинациясы бойынша Абай атындағы мектеп гимназиясына Саркуловтар отбасы қатысып жүлделі 1 орынға ие болды. Отбасы мүшелері: әкесі - Саркулов Ермек Оразайұлы, анасы - Құсайынова Зухра Асқарқызы, ұл-қыздары: Саркулов Думан Ермекұлы - 6 «ә» сынып, Саркулова Назерке Ермекқызы - 1 сынып, Саркулова Тана Ермекқызы - балабақша.


Білім  бөлімінің   2015  жылға арналған жұмыс   жоспарына  сәйкес және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылдың 1 қазанында «Жас  сұңқар - 2015» жас полиция топтарының VІІІ аудандық байқауы М.Әуезов  атындағы   орта  мектебінің базасында  өткізілген болатын. Сайыстың негізгі IV туры бойынша ауданы мектептерінен келген Жас полиция топтары бақ сынады. Нәтижесінде Алмалы ОЖББМ - алғыс хат, Жаңабұлақ ОЖББМ, Ғ.Махамбетов ат. ОЖББМ - ІІІ орын, Бітік ОЖББМБ, М.Әуезов ат. ОЖББМ - ІІ орын иеленді. АлАбай атындағы мектеп-гимназиясының «Жас қыран» жас полиция тобы І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Облыстық кезең қазан айының 14-16 аралығында өтеді. Жас Қырандарымызға сәттілік тілейміз!

 


Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 2015 жылғы жоспарына сай «Өркен»  қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамлеясының 20 жылдығына орай 30 қыркүйек күні өткен облыстық «Балбұлақ» өзге ұлт өкілдеріне арналған балалар театры байқауында Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Атап айтқанда:  Потанин Александр - 8в сынып оқушысы, Горбунов Александр - 6в сынып оқушысы,  Мамалаева Даяна-5в сынып оқушысы, Меджидова  Гульнара -6в сынып оқушысы, Юсупбекова  Айханум - 2г сынып оқушысы, Тастаев Дихан - 6в сынып оқушысы қатысып ауданның мерейін асқақтатты. Мектептегі  «Буратино» үйірмесінің жетекшісі Юсупбекова Мадина Магомедовнаның  бастауымен «Үйшік» орыс халқының ертегісін сахналап көрсетті.

 


2015 жылдың 25 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес дәстүрлі "Үздік оқу әдістемелік кешен" облыстық байқау өткізілген болатын. Байқаудың мақсаты: пән мұғалімдерінің оқу әдістемелік кешендерді қолдануын жандандыру және үздік іс - тәжірибелерін тарату. Байқауға аудандар және Орал қаласынан барлығы 15 қатысушы өз авторлық бағдарламаларын ұсынған болатын.  Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы ОЖББ мектебінің І санатты информатика пәні мұғалімі Б.С.Сабиров қатысып, пән бойынша шеберлігін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі    А.Қ.Сапаргалиева

25-қыркүйекте облыс көлемінде дәстүрлі түрде өтетін  «Үздік оқу-әдістемелік кешен» байқауы оздырылды. Әр ауданнан озық деп танылған 2 жұмыс әділ қазылар алқасының назарына ұсынылды. Химия сабақтарының сапалы өтуіне септігін тигізетін жан-жақты  мәліметтерді жинақтап, «Бейорганикалық химия негізі» атты оқу-әдстемелік кешенді осы байқауға ұсындым.5 жылдық жұмыс тәжірибемде түсінгенім: жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда сапалы, қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтар тапшы. Ал химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтердің жетіспеуі салдарынан  зертханалық және сарамандық жұмыстарды өткізу қиындық тудырады. Бұл оқу-әдістемелік кешенде химия ғылымын меңгертуге қажетті маңызды мәліметтер мен терминдер,  бейнероликтер (сарамандық және зертханалық жұмыстардың) қамтылған. Осы байқауға ұсынылған  оқу-әдістемелік кешен «Шебер техникалық шешім» номинациясына ие болды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі    А.Қ.Сапаргалиева


 

 


Ауа райы