• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ауданда 3 аурухана, 1 емхана, 13 ауылдық  дәрігерлік амбулатория, 34 медициналық пункт 41 мыңнан  астам  халыққа  медициналық  көмек  көрсетіп  келеді. Оларда 54 дәрігер, 256 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Барлық ауылдық дәрігерлік амбулаториялар «Жедел жәрдем» автокөлігімен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы Жамбыл ауылында медициналық пункт энергиясымен жылытуға көшірілді.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг - зерттеулер жүргізілуде.

Аудандық емханда дәріхана ашылып, реаномобиль автокөлігі берілді.

Көліктік медицина арқылы дәрігерлік көмек көрсету бағытында ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде жылжымалы медициналық кешен жерлестерімізге тегін медициналық көмек берді.

Өткен жылы 814 сәби жарық жүние есігін ашса, 363 адам дүниеден озып, табиғи өсім 451-і құрады. Ана өліміне жол берілмегенімен, сәбилердің шетінеуі тіркелуде.

Медициналық құрал жабдықтар алуға 6 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.


 

 


Ауа райы