• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 27 қарашадағы

№ 339 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты»

мелекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1.   Жалпы ережелер

1. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық -талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырытын мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республиксының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына , облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, аудан әкімі аппаратынның жұмыс регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзретінің мәселелері бойынша заңнамада   белгіленген тәртіппен Ақжайық ауданы әкімі аппараты басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090100, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учереждение «Аппарат акима Акжаикского района» Западно-Казахстанской области.

10. Осы Ереже Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақжайық ауданының әкімдігі болып табылады.

12. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен Ақжайық ауданы әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттен кірісіне жіберіледі.

 

2. Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаттары негізгі міндеттері, қызметінің нысанасы мен функциялары, құқықтары міндеттері

14.   Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және мақсаттары Ақжайық ауданының атқарушы билік органының  қызметін сапалы және мерзімді  ақпараттық- талдаулық  қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

 Ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15.   Батыс Қазақстан облысы  «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері мыналар болып саналады:

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы, 1- тармағына сәйкес аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру- құқықтық, және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) Аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының және аудан әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

3) Аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкімнің, әкімнің орынбасарларының, аудан әкімдігі тапсырмаларын пәрменді, дер мерзімінде және мінсіз орындау;

4) аудан әкімін, огның орынбасарларын және аудан әкімдігін Ақжайық ауданы аумағындағы істің жай-күйі туралы дер мерзімінде және толық хабардар ету;

16. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінің нысанасын асыру үшін келесі функциялар болып табылады:

1) өз құзыры шегінді ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуынның болжамын әзірлеуге қатысу, мемлекеттік бағдарламалардың және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының іске асырылуын қамтамасыз ету және бақылау, ұсыныстар әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын аудан аумағында іске асыруға қатысады;

2) орталық атқарушы орган уәкілеттік берген өкілеттерге сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

3) Ақжайық ауданының әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын, оны іске асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетіктері мен әдістерін жетілдіру жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысады, осы мақсаттарда аудан аумағында атқарушы билік органдарынан талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды сұрату және дер мерзімінде алу арқылы олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін дайындайды, олардың орындалуын бақылайды, әлеуметтік- экономикалық даму мәселелері бойынша ұсыныстар ме болжамдарды жасақтайды;

4) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің,облыс әкімі мен орынбасарларының тапсырмаларын орындалуын ұйымдастырады және  қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын бақылайды;

5) өндіріс, импорт алмастыратын өндірістерді дамыту үшін шетел кредиттерін және инвестицияларын тарту саласында дамудың басымды бағыттарын айқындау, өңіраралық байланыстарды үйлестіру және қор жүйесінжасақтау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады және еңгізеді;

6) облыс әкімі аппараттарымен, жергілікті  уәкілетті органдамен, селолық округ әкімдерімен , бұқаралық ақпарат құралдарымен және тұрғандамен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

7) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобалары бойынша ұсныстар енгізеді;

8) аудан әкімі және оның орынбасарлары өткізетін  активтерді, кеңестерді, кездесулерді, сапарларды және басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады,  оның орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлерін шаруашылық, қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

9) Ақжайық ауданы әкімі аппараты  жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

10) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді, қызметтік құжаттарды, хаттарды, азаматтардың арыз- өтініштерін қарауды, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастырады, келіп түсетін азаматтардың хаттары мен өтініштеріне, құжат ағынына талдау жасайды, іс жүргізуді, құпия құжаттамен жұмысты, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізуді қолдануды жолға қояды және жетілдірді;

11)  аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының сақталуын қамтамасыз етеді;

12) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтауын бақылауды ұйымдастырады және ішкі бақылауды жүзеге асырады;

13)  облыстық және аудандық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігін бағалау мәселелерімен щұғылданады;

14) ақпараттық технологияларды енгізу, электорондық құжат айналымы жүйесі мәселелерімен щұғылданады;

15) аудан номенкулатурасына кіретін кадрлар бойынша ұсныстарды зерделеу және еңгізу, кадрлар резервін қалыптастыру,олардың оқуын, тағылымдардын өтуін, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын жүзеге асырады;

16) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімдігінің қызметін жарықтандыруды жүзеге асырады, олармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жүргізетін ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың жай күйін, мәселелерді шешу жолдары түсіндіреді;

17)  аудан әкімі мен әкімдігінің құқық қорғау органдарының ауданда заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша озара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

17.  Аудан әкімінің аппараты өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін өз

құзыры шегінде:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға, сондай-ақ оларға орындалуды міндетті түрде тапсырмалар беруге;

2) барлық меншік нысаны кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдардан аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды,ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;

3) мемлекеттік органдардың игілігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;

4) мемлекттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдар мен аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;

5) Президент актілерінің, үкімет қаулыларының, әкімдік қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;

6)  аудан әкімдігінің отырыстарына, сондай-ақ бөлімдер, ауылдық окріг әкімдері отырысына қатысуға;

7)  аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басқа да ұйымдардың қызметкелерінің аудан әкімі аппаратының құзырына жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға құқылы.

 

3. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекмесінің қызметін ұйымдастыру

18. Батыс Қазақстан блысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесіне  басшылықты Ақжайық ауданы әкімі ның аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға  дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы басқарады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы тікелей аудан әкіміне бағынады.

Аппарат басшысы аудан әкімдігінің мүшесі болып саналады.

19. Батыс  Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысы  өз өкілеттігін жүзеге асыру мақсатында келесідей функцияларды атқарады:

1) белгіленген лимит шегінде аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесін, сондай-ақ оларға өзгерістерді аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, селолық округ әкімдері  аппараттарының құрылымдары жобаларын ұсынады;

3) аудан әкімі аппаратының ерекше көзге түскен қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне жалпы басшылық жасайды және қызметін үйлестіреді;

5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

6) бұйрықтар шығарады, аудан әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережелерді, аппараттағы ішкі тәртіп ережесін, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді, аппаратта аудан әкімі аппараты басшысының құзырына кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтарды бекітеді;

7) аудан әкімі мен әкімдігінің бекітуіне актлердің, ауданның тұрмыс-тіршілігіне қатысты басқа да қызметтік құжаттардың жобаларын ұсынады;

8) аппарттың шығыстар сметасын бекітеді және белгіленген смета шегіндегі ақша қаражатына иелік етеді;

9) өз өкілеттегі шегінде облыс әкімі аппаратымен, жергілікті уәкілетті органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, аудан тұрғындарымен тұрақты  байланысты және өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

10) аудан әкімі мен әкімдігінің қабылданған актілерінің, аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

11) аудан әкіміне ауылдық округ әкімдері аппаратының, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

12) аудан әкімі мен әкімдігі ауктілері жобалаларының сапалы дайындалуын бақылайды, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне дербес жауап береді;

13) кадр саясатының іске арырылуна жауап береді. Аудан әкімінің қарауына ауылдық округ әкімдері, ауданның бөлім басшылары лауазымдарына тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар береді, кадрлар резервін жасақтайды, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

14) өз өкілеттігі шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

15) азаматтарды жеке қабылдауды жүрүгізеді, өз өкілеттегі шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін және өзге де жүгінулерін қарайды;

16) аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды;

17) аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауап береді;

18)  басшыллық жүктген басқа да функцияларды атқарады.

21) Батыс Қазақстан обылысы «Ақжайық ауданы әкімі аппаратыы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде онывң өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22) Батыс Қазақстан обылысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты»мемлекеттік мекемесінің басшысы;

1) өз өкілеттігі шегінде ауылдық округ әкімдеріне, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушілеріне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларына, аудан әкімінің қарауына енгізілетін, сондай-ақ аудан әкімдігі отырыстарында қаралатын мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде нұсқаулар және тапсырмалар беруге;

2) ауылдық округ әкімдері аппаратынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, аудан әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуы жөніндегі ақпараттар мен есептерді талап етуге;

3)  ауылдық округ әкімдеріне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемллекеттік органдарға, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелерге, орындаушыларға аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері,аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын, іскери хаттарды енгізу тәртібіне және белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, кері қайтаруға;

4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың тиісті жылдың аудандық бюджетінде қаралмаған қосымша қаржыландыру немесе айрықша жеңілдіктер беру мәселелері жөніндегі өтініштерін тіркеусіз кері қайтаруға;

5) ұйымдармен аудан әкімдігінің, әкімінің және аудан әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде шаттар жасасуға.

 

4.     Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету

23. Аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттерді орындау үшін оның құрамында бөлімдер құрылады.

24. Аппараттың бөлімдері осы Ережеге, сондай-ақ аппарат басшысы бекіткен бөлімдер туралы ережеге сәйкес негізде әрекет етеді. Әкімдік қаулылары,аудан әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларын әзірлеуге өзінің  құзіретіне сәйкес немесе аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша бөлімдердің мамандарыжауапты болып табылады.

25. Бөлім басшыларын, көмекші, кеңесшіні аудан әкімі заңнамада белгіленген  тағайындайды және қызметтен босатады.

26. Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің басшылары:

 

1) бөлімдеріне жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, орынбасарлар мен аудан әкімі аппараты басшысы тапсырмаларының, аудандық мәслихатының өз өкілеттері шегінде қабылданған актілерінің жедел және нақта орындалуы үшін дербес жауап береді;

2)қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныстар енгізеді, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбекті ұйымдастыруды, өзара алмасушылықты, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, аппаратта іс қағаздарының, соның ішінде құпия іс қағаздарының қолданыстағы нұсқаулықтарға сәкес дұрыс жүргізілуіне жауап береді;

3) өздеріне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауап береді;

27. Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде осы Ережеге сәйкес мыналарға:

1) аудан әкімдігі отырыстарына, аудан әкімі аппаратында өткізілетін кеңестерге, іс-шараларға, ауылдық округтер әкімдіктері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың отырыстарына қатысуға;

2)аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппарат басшысының тапсырмаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың,аудан аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың қызметкерлерін туындаған мәселелерді шешуге тартуға, олардан басшылыққа бекітуіне енгізілетін құжаттардың жобалары бойынша ақпараттарды, ұсыныстарды, қорытындыларды сұратуға;

3) аудан әкімі аппаратының басшысына қойылған талаптарға сай келмейтін, заңға қайшы келетн аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын жетілдіру үшін қайтару. аудан әкімі аппаратының құзырына кірмейтін құжаттар мен материалдарды қараусыз кері қайтару жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4) аппарат басшысы мен оның орынбасарының тапсырмалары бойынша аудан әкімі аппаратының құзіреті шегінде басқа да қажетті өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы;

28. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін аудан әкімі аппаратының басшысы реттеп отырады.

 

5.Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі

29. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекетттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

6.Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

30.     Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берге мүліктен, негізгіқорлар мен айналым қорларынан, сондай-ақ құны теңгерімде корсетілетін өзге де мүліктерден қалыптастырылады.

31. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекетттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

32. егер зөаңнамада өзгеше көзделмесе, батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

7. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

33. Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйке жүзеге асырылады.


 

 


Ауа райы