• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg
Ақжайық ауданы Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы – 25,2 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 41072 адам. Орташа қоныстану тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 2 адам. 50 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан. Орталығы – Чапаев селосы. Аудан құрамына 18 әкімшілік – аумақтық бөлініс – Ақжол, Ақсуат, Алғабас, Алмалы, Базартөбе, Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері кіреді. 

 

Ақжайық ауданының әкімі - Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

AitmukhambetovАйтмухамбетов Калияр Шадиярович, 1969 жылы дүниеге келген, 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын агроном, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

1986 жылы Қызылкөл совхозының жұмысшысы болып жұмыс жасаған, 1994-1997 жылдары Қызылкөл совхозы директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1998 жылдары Қызылкөл совхозының №2 бөлімшесінің агрономы, 1998-2003 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің бас маманы, 2003-2006 жылдары Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2009-2017 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, 2017-2018 жылдары БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2018 жылдың 15 қазанынан бастап Ақжайық ауданы әкімі болып тағайындалды.

 

Абуғалиев AbugalievАсқар Батырханұлы 1960 жылы Қазталов ауданының Талдыапан ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1983 жылы Семей зоотехникалық - мал дәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Фурманов» кеңшарында комсомол-жастар бригадасында көмекші шопан болып бастаған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Чапаев ауданының Жамбыл атындағы совхозда мал дәрігері,  Чапаев аудандық малдәрігерлік зертханасының мал дәрігері, директоры, Ақжайық аудандық малдәрігерлік қадағалау бөлімі бастығының орынбасары, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік инспекторы,бөлім бастығы, ауданның бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы болды. 2003-2005 жылдары - Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 жылдың қаңтарынан бастап Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.  2013 жылдың тамыз айынан  Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары.

 

ШиниязовШиниязов Тимур Серікұлы - 1983 жылы 26 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 2005 жылдың қаңтар айынан Жәнібек аудандық білім бөлімінің ЭВМ операторы қызметінен бастаған. 2005 жылдың наурыз - қараша айлары аралығында Жәнібек аудандық мәслихатының бас маманы, 2005 жылдың қараша айынан 2007 жылдың қараша айына дейін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, 2007 жылдың қараша айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың сәуір айына дейін Жәнібек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың сәуір айына дейін Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, 2011 жылдың мамыр айында Круглозерный психоневрологиялық медициналық - әлеуметтік мекемесі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, 2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың мамыр айына дейін Орал қалалық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры қызметтерін атқарған. 2012 жылдың мамыр айынан Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары.

 

Габдушев Тлеккабыл Александрович

Аудан әкімінің 2016 жылғы 24 қазандағы №128 өкімімен Ақжайық ауданы әкімінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары болып Габдушев Тлекқабыл Александрұлы тағайындалды.

Ол 1979 жылы Чапаев ауданы (қазіргі Ақжайық ауданы) Жайық ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғары кәсіби білімді тарих пәнінің мұғалімі және 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

2000-2002 жылдары Чапаев ауылындағы Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2002-2006 жылдары Абай атындағы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және 2006-2016 жылдары Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

 

Umirov E

Үмітов Ердос Рашидұлы 1986 жылдың 03 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін  ветеринариялық санитария және 2012 ж. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

2008 - 2009 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2009 - 2012 жылдары аралығында Сырым ауданы жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы білім беру бөлімінің бас маманы, 2012 - 2013 жылдары аралығында Сырым ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы, 2013-2015 жылдары Сырым ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы