• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ақжайық ауданы әкімі аппаратында 2017 жылдың жылдық қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат

 

Аудан әкімі аппаратына 2017 жылы 488(533-2016жыл) өтініш келіп түсті. (2016 жылмен салыстырғанда 45 өтінішке азайып отыр).

Оның 478– жеке тұлғадан, оның ішінде 274 - жазбаша, 204- ауызша (қабылдауда болғандар), 10 өтініш заңды тұлғалардан түсті.

Қабылданған 204 адамның 160-ы аудан әкімінің, 37 азамат аудан әкімінің орынбасарлары және 7 азамат аппарат басшысының қабылдауында болды.

Заңды тұлғалардан түскен 10 өтініш аудандық жер қатынастары бөліміне жолданып, өтініштерге  уақытылы жауап берілді.

Түскен өтініштерді мағынасы бойынша сараласақ: 122 – жер мәселесі , 231- тұрғын  үй мәселесі, 87 - жұмыспен қамту, 48 – басқа да мәселелеріне байланысты болды.

 Жоғары тұрған органдар арқылы келіп түскен өтініштер саны - 11, соның ішінде - 5 өтініш облыс әкімдігі, 3 өтініш-БҚО білім басқармасынан, 1 өтініш-БҚО білім саласындағы бақылау департаменті, 1 өтініш-ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің БҚО Экология департаменті, 1 - Нұр Отан партиясынан.

Осы түскен өтініштердің барлығы бақылауға алынып, жауаптары берілді. Жалпы кіріске түскен (кіріс құжаттары арқылы түскен) өтініш саны - 10 облыс әкімдігі және 1- ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің БҚО Экология департаментінен.

Аудан әкімінің блогына 2 өтініш түсті (1-қатты қалдықтар мәселесі және 1- өтініш білім мәселесі), ҮЭП (Үкіметтің электрондық порталы) арқылы 1 - өтініш түсті (жол мәселесі), барлық өтініш иелеріне уақытында жауаптары берілді.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері


 


Ауа райы