• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданының әкімі қызметін 2015 жылдың  12 маусымынан Жоламанов Әділ Тауфиқұлы  атқарып келеді.

Әділ Тауфикұлы Жоламанов 1968 жылы туған, білім жоғары, «Евразия» Батыс Қазақстан менеджмент және тілдер институтын бухгалтерлік есеп және аудит, Евразия академиясын құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы облысымыздың Жымпиты аудандық атқару комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік, сәулет- жоспарлау тобының технигі болып бастады, 1993-1994 жылдары Жымпиты ауданындағы «Арай» кәсіпорны директорының орынбасары, сосын Сырым аудандық салық инспекциясының салық инспекторы, бас салық инспекторы, 1998-1999 жылдары БҚО Сырым ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 1999-2007 жылдары аталған аудан бойынша салық комитеті төрағасы, 2007-2008 жылдары облысымыздағы Теректі ауданы  бойынша салық комитеті төрағасы, 2008-2011 жылдары Теректі ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, кейін Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы, БҚО Сырым ауданы әкімінің экономика, ішкі саясат және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. Ал 2014 жылдың мамырынан БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды. 2015 жылдың 12 маусымынан бастап БҚО Ақжайық ауданының әкімі.


 

 


Ауа райы