• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ауданда тарихи ескерткіштерді сақтау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Аудан орталығы Чапаев ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы аудан тұрғындарымен қатар сырттан келген қонақтар үшін де аудан тарихынан сыр шертетін маңызды орындардың бірінен саналуда. 2008 жылы мұражай күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа экспозициялармен толықтырылса, 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған  экспозиция залы ашылды.  

Көрнекті қоғам қайраткері, қаламгер-ақын Жұбан Молдағалиевтың 90 жылдық мерейтойына орай аудан орталығында жыр алыбының сәулетті ескерткіші орнатылды. Ақынның ескерткіші тұрған алаң тұрғындар жиналатын және түрлі мәдени-көпшілік шаралар өткізілетін қасиетті орынға айналатын болады.

Аудандағы тұрғындар үшін мәдени орындардың бірі «Даңқ» саябағы. Аталған саябаққа Ұлы жеңістің 65 жылдығына орай жөндеу жүргізіліп, жаңа ескерткіш тақталар орнатылып, жаңа тас жолдар төселіп, халықтың мерекелік шараларда жиналатын және бос уақыттарында серуендейтін көрікті орнына айналды.

 

 


Ауа райы