• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданы елтаңбасының (гербінің) сипаттамасы

Ақжайық ауданының елтаңбасында мәңгілік пен дамуды білдіретін шеңбер түріндегі қызыл түсті аттың тағасы бейнеленген, оның барлық белгілері бір шеңбер ішінде орналастырылған.

Ортасындағы сары, көгілдір, көк  түстер - ауданның ең басты ерекшелігі :

Азия мен Европаның материктік көрінісі мен оны екіге бөліп тұрған Жайық өзені белгісі.

Осы үш түстің аясында екі құрлықты жалғап тұрған аудан халқына кеңінен мәлім аспалы көпірдің сұлбасы көрініс тапқан.

Тағаның жоғарғы бөлігінде сулы жердегі тіршіліктің иесі - ақ шағала сомдалған.

Елтаңбаның төменгі жағында «Ақжайық ауданы» деген жазу бар.

 

Т  а  ғ  а

Елтаңбаның негізгі пішіні - дөңгелек тәрізді таға, мағынасы : тіршілік белгісі, өмір нышаны. Ол тұлпар тұяғының тұғыры іспетті. Қазақтар шаңырағының кірер есігі маңдайшасына тағаны  іліп, отбасына бақыт, берек-ырыс тілеген. Қызыл түс - оттың, жылудың нышаны саналады.

 

С  а  р  ы,   көгілдір,  к  ө  к    бөліктер.

Аудан елтаңбасының басты белгі-нышаны - оның көркемдік-идеялық мазмұнын белгілеп тұрған Жайық өзенінің (көгілдір) Азия (сары) мен Европаны (көк) екіге бөліп ағып жатқан көрінісін көз алдымызға әкеледі. Ал аспалы көпір - осы екі құрлықтағы өмірді, адамзат өркениетін байланыстырушы.

 

Ш  а  ғ  а  л  а

Өмірі мен тұрмысы табиғатпен тығыз байланысты болған көшпенділер ұрпағы - қазақ үшін қанатты құстың орны әрқашанда бөлек.

Шағаланың нышандық мағынасы - ұшы-қиырсыз айдынды, сулы жерді мекен ететін киелі құстың қозғалыс үстіндегі бейнесі асқақ арманға, асыл мақсатқа қиялап қанат қағуы.

 

 

Ақ Жайық - өлкем

 

    Әні: КСРО-ның озат мәдениет қызметкері Ғ. Хибашевтікі

    Сөзі: Ұстаз, ақын журналист, әдебиетші М. Бердалінікі

 

Төгілген терден нәр алған,

Жақсы ісі көпке таралған,

Жүрегі шуақ абзал жандардың

Ниеттерінен жаралған,

Ақ Жайығым, Ақ Жайық - өлкем.

 

Қайырмасы:

Ақсақалдары - ақылдың кені,

Бастамалары көркейткен жерін.

Ақ Жайық - өлкем, ғажайып көркем,

Нұрлы едің неткен, мекенім менің.

 

Еңбектерімен еселі

Азаматтары көшелі,

Түлеген қайта ауылым асыл

Өркендеп, өрлеп өседі.

Ақ Жайығым, Ақ Жайық - өлкем.

 

Қайырмасы:

Кеуделеріне ұялап сенім,

Келеді алға нық басып елім.

Ақ Жайық - өлкем, ғажайып көркем,

Нұрлы едің неткен, мекенім менің.

 

Көңілдің қылын қозғаған,

Жанымның ары - боз далам.

Өңірім туған, бесігім алтын,

Ақ Жайықтан ел озбаған.

Ақ Жайығым, Ақ Жайық - өлкем.

 

Қайырмасы:

Батырдың жері, ақынның елі,

Дертіме дауа самалың, желің.

Ақ Жайық - өлкем, ғажайып көркем,

 

Нұрлы едің неткен, мекенім менің  

 

 


Ауа райы