• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан ірі аудандардың бірі. Солтүстігінде облыстың Зеленов, Тасқала, солтүстік - шығысында Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе аудандарымен, оңтүстік - шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарының аудандарымен, батысында Жаңақала, Казталовка аудандарымен шектеседі. Аумағы 25,2 мың шаршы шақырым, 41072 адам мекен еткен ауданымызда 15 ұлт өкілдері бірлік пен достықтың, ынтымақ пен пен тұрақтылықтың арқасында тату - тәтті ғұмыр кешіп келеді. Соның ішінде қазақтар - 39073 адам (95,2 %), орыстар - 1638 (3,9 %), басқа ұлт - 361 (0,8 %). Көп ұлттан құралған тұрғындарымыздың жаны бөлек болғанымен, жірегі бір, тілі бөлек болғанымен, тілегі бір күн кешуде.

Жері жазық, күнгей бағытта еңістей беретін аудан жерін Жайық өзенінің Еуропалық және Азиялық бөлікке қақ жарып ағуы - басқа аудандардан ерекшелеп тұратын жағдайлардың бірі.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақжайық ауданы үшін Орал - Атырау тас жолының жылдар бұрын күрделі жөндеуден өткізілуі аудан тұрғындары үшін қарым - қатынасты жоғары деңгейге көтеріп, аудан экономикасының дамуына өзінің оң ықпалын тигізуде.

 

Аудан аумағындағы Сәтимола кен орнында «Сатбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен барлау жұмыстарын жүргізуде. Аталған кен орнының толықтай іске қосылуы аудан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде. 

 

 


Ауа райы