• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Ақжайық ауданы көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлерін дүниеге әкелген киелі жер екендігі баршаға белгілі. Тұрғындар барша қазақтың мақтанышына айналған ақындар Жұбан Молдағалиев және Сағынғали Сейітовтің аудан топырағынан шыққанын мақтан етіп келеді. Ұлы Отан соғысында ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атанған Михаил Абдолов, Темір Масин, Есен Орақбаев және Александр Щурихиннің аудан перзенттері екендігі жерлестерінің мәңгі есінде. Өңірдің дамуына ерен еңбектерімен өлшеусіз үлес қосқан 17 Социалистік Еңбек Ері баршаға үлгі-өнеге. Аудан бірнеше ордендердің иегері, Ресей батыры Қайырболат (Николай) Майдановты болашаққа қанат қақтырған қасиетті өлке.     

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш.Ә.Өтемісов, математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Б. Темірғалиев, доцент, экономика ғылымының докторы А.Қ.Ержанов, Қазақстан Қарулы күштерінің генералы Е.Л.Оразов, У.Еламанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Қ.Исмағұлов, белгілі спортшылар, самбо күресінен 4 дүркін әлем чемпионы Е.Байбатыров пен әлем кубогінің иегері Қ.Жетпісовтің Ақжайық ауданында туып-өскенін тұрғындар әрдайым мақтан тұтады.

 

 


Ауа райы