• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Мәдениет саласы

Мәдениет объектілерінің желісін 18 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 мәдени-демалыс орталығы, 1 жастар мәдениет орталығы,  және 45 кітапхана құрайды.8 кітапхана «модельді кітапхана» статусына ие. Халықтық атағы бар 8 өнер ұжымы бар.

Мәдени-демалыс орталығына бойынша мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында LED экран жинағы, рәміздер, сахналық киімдер, жиһаздар және Тайпақ мәдениет үйі, Томпақ, Жаңажол ауылдық клубтарына, аудан орталығындағы koworking орталығына музыкалық аппаратуралар сатып алынды.

 

Кітапханалар жүйесі

Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 45 кітапхана бар. Оның 18-орталық кітапхана, 25 - кішігірім кітапхана, екі балалар кітапханасы. Солардың 8-і модельді кітапханалар болып табылады. Жылдың басында еліміздегі жақсылықтардың бірі болып мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханалары заман талабына сай жаңаша жабдықталып, Жаңабұлақ және Ақжол ауылдық кітапханалары «модельді кітапхана» мәртебесін алды.

Кітап қоры 583871 дана, қазақ тілінде 300893 дана әдебиеттерді құрайды. Жаңа әдебиеттердің түсуі – 4124 дана, қазақ тілінде 3751 дана.

 

Тілдерді дамыту

«Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудың негізгі индикаторларын орындау мақсатында қазіргі таңда 997 адам байқау сынағына өтіп, 124 адам сертификат алды.

«Аумақтарды дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша аудан тұрғындарын ағылшын тіліне қазіргі таңда 104 адам оқып, сертификат алды.

 

Спорт саласы

Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 28 спорт залы қызмет атқарады.

2020 жылға дейін дене шынықтыру мен спортқа тұрақты атсалысатын халықтын санын 30%-ға жеткізу, ұлт өміршендігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесінде спортпен шұғылданушылар саны 11420 адамды құрайды (27%).

 

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

 

Ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, қазақ тілі білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ұлтымыздың ұстазы» атты тақырыптық кеш оздырылды. Шараға жалпы оқырман тобы агро – колледж студенттері қатысты. Кітапханашы шараны кіріспе сөзбен ашып, оқырмандарға ұлт ұстазының өмірі мен қызметі туралы айтып өтті. Шара барысында оқырмандар А.Сапаров, А.Алхамбетов, А.Имангалиев А.Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдарынан үзінді келтірді. Шара соңында «Алаш арысы» атты кітап көрмесіне шолу өкізілді.#руханижаңғыру

18 қаңтар күні аудандық мәдени-демалыс орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша ауданымыздың мәдениет саласына еңбегі сіңген ақын – сазгерлердің әндерінен «Атамекен ән - жырым» атты әдеби – сазды кеш өтті. Ұлы да ұлық өнерге өлшеусіз олжа салып кеткен Жұбан ақын, С.Сейітов, С.Әбдуғалиев, Ж.Қуанғалиев, С.Қайырғалиев және сол ізді жалғастырушы А.Бақтыгереева, Ү.Елеубайқызы, С.Бисенғалиев, М.Бердіәлі, Е.Меңдешев, Ғ.Хибашев, Р.Жанаисов сынды ақын - сазгерлеріміздің ән-жырлары тамашаланды.#руханижаңғыру

23 қаңтар күні мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық музей, музей залында «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты дөңгелек үстел ұйымдастарып, өткізді. Шараға мәдениет және музей қызметкерлері, агро-техникалық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Қатысушыларға «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысының қасиетті, киелі жерлері туралы бейнебаян арқылы ХVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдар, араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштердің фотосуреттері көрсетіліп, тарихы жөнінде айтылды. Аудандық балалар жасөспірімдер туризм орталығының маманы Д.Шамелов экспедиция жөнінде әңгімеледі. Бөлімінің бас маманы Р.Батырова киелі жерлер бойынша жинақталған мәліметтер, қорымдардың, құлпытастардың орналасқан жерлерінің GPS координаттары жайында айтып берді.  Музей директоры А.Жұмағалиев жалпы Қазақстандағы киелі жерлер туралы баяндады. Шара соңында қатысушылар музей экспозицияларымен танысты.

24 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақ пен дойбыдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті. Мақсаты: салуатты өмір салтын насихаттау, тоғызқұмалақ және дойбы ойынын кеңінен өрістету, шеберлікті шыңдау, аудан құрамасына іріктеу.

Жарысқа Қаршы, Бітік, Жаңабұлақ, М.Әуезов ат., Чапаев №1 ОМ және Абай ат. мектеп-гимназия оқушылары қатысты, барлығы 60 оқушы.

31 қаңтар күні аудандық орталық кітапханада белгілі әнші, термеші Қ.Орашеваның туғанына 65 жыл толуына орай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлес онлайн-мост өткізілді.

1 ақпан «Мерей» мәдениет орталығында «Мәңгілік ел- ән жырым» патриоттық әндер орындаушылардың байқауы  өтті. Мақсаты: патриоттық сезімді тәрбиелеу. Отанға, туған жерге құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.   Мәдениетті дамыту, өнерді дәріптеу,таланттарды айқындау.

2 ақпанда Аудандық кітапханада «Латын әліпбиі – ұлы дәуір бастауы» атты вебинар өтті.  Мақсаты: Халық арасына латын әліпбиінің қолайлығын түсіндіру, тіл тазалығын ұғындыру.

9 ақпан күні  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  аудандық кітапханада əуесқой сазгер, Батыс Қазақстан өңірінің күйлерін насихаттаушы "Ой-өрнек", "Өткенге ізет" кітаптарының авторы Аманғали Қайсағалиевтің шығармашылығына арналған "Ұлттық рухты ұлықтаған" атты рухани қазба тағылымды шарасы өтті.   Мақсаты:  ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру, қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық ойындар арқылы белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу. Сазгердің шығармашылығындағы тақырып əр алуан: отан, туған жер, ата-ана сынды патриоттық əн-күйлермен қатар табиғат, жануарлар, махаббат тақырыбындағы туындылары және əзіл-қалжын өлеңдері де бар. Қатысқандар 25.

9 ақпан күні «Тайпақтың Мұқағалиы» атанған жерлес  ақын Сағат Әбдуғалиевтың 70 жыл толуына орай «Сағат жырының сыңғыры» атты орталық модельді балалар кітапханасы мен Тайпақ модельді балалар кітапханасы оқырмандарымен   онлайн-мост  ұйымдастырылды.

21 ақпан күні ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында Есенсай ауылында аудандық БЖСМ-нің қазақ күресінен үйірмесінің ашылуы өтті. Осыған орай қазақ күресінен ашық біріншілік өтті. Ауылдық мəдениет үйінде өткен жарысқа Сырым ауданының Қособа ауылы, Есенсай, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Құрайлысай жəне Тайпақ ауылдарының 2006-2008 ж.т. жасөспірімдері қатысты.

Жарыстың ашылу рәсіміне самбодан əлем чемпиондары Е.Байбатыров пен М.Оңдағанов қатысты. Жалпы шараға 32 бала қамтылды.

 

Спорт саласы

Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 28 спорт залы қызмет атқарады.

2020 жылға дейін дене шынықтыру мен спортқа тұрақты атсалысатын халықтын санын 30%-ға жеткізу, ұлт өміршендігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесінде спортпен шұғылданушылар саны 11420 адамды құрайды (27%).

Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 28 спорт залы қызмет атқарады.

Соның ішінде: 22 типтік спорт залы жалпы орта білім беретін мектеп жанында.

Екі спорт залы орта арнаулы оқу орындарында - Ақжайық агро-техникалық колледжі (Чапаев ауылы) және Тайпақ колледжі (Тайпақ ауылы).

Аудан орталығындағы бір спорт кешені және Тайпақ ауылындағы «Тайпақ» атты спорт залы аудандық «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің» теңгерімінде.

Қосалқы спорт залдар – Чапаев ауылында Абай ат. мектеп-гимназия жаныңдағы интернат ғимаратында орналасқан. Тайпақ ауылдық округі, Шабдаржап ауылында Харькин ОМ спорт залы мектеп жанында қосымша салынған.

 

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы өткізілген шаралар мәліметі

 

5 қаңтар күні «Жастар» спорт алаңында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған қысқы спорттық маусымды ашу аясында маусымдық мұз айдынының ашылуы өтті. Шараға жасөспірімдер, жастар, ұжымдар қатысты.

Ашылу салтанатына қатынасқан аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев, жиналғандарды спортты серік етіп, саламатты өмір ұстануға шақырды. Жиналған жастар қысқы маусымдық жарыстарға белсене қатысатындықтарын және қысқы олимпиада ойындары кезінде қазақстандық командалары қолдайтындарын жеткізді. Жаңа құйылған мұз айдыны бетінде шайбалы хоккейден өткен жарысқа «Жігер» СК, жастар және мұғалімдер құрамасы қатысты. Ойындардан кейін қыс қызығы тұрғындарға арналған конькимен көпшілік сырғанауға ұласты.

4-5 қаңтар күндері аудандық БЖСМ «Мен спортты тандаймын!» атты спорт апталығы шенберінде жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында оқу-жаттығу топтары арасында түрлі жарыстар өткізілді.

Шараға 2002-04, 2005-07 және 2008-10 ж.т. оқушылар, барлығы 150 жасөспірім қамтылды. Қатысушылар «Көңілді сөре», бадминтон, волейбол түрлері бойынша өтті.

12 қаңтар күні Мерген ОМ-де XXIII-ші қысқы олимпиадаға қатысушы, жерлесіміз Абзал Ажғалиевті қолдау мақсатыннда үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық БЖСМ біріншілігі өтті. Жарысқа Лбішін, Тіналиев, Мерген, Мойылды, Тайпақ және Чапаевтан М.Әуезов ат.ОМ жас теннисшілері қатысты, барлығы 68 оқушы. Ойындар нәтижесінде бірінші орынды Қаршы ОМ оқушылары жеңіп алды.

13 қаңтар күні Чапаев ауылында М.Әуезов ат.ОМ спорт залында ауданның құрметті азаматы, спорт ардагері Ә.Сәтбаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер командалары арасындағы ашық турнир өтті.

Жарысқа Орал қаласынан «Денсаулық» ВК, «Білім-Инновация» лицейі, Зеленов ауданынан Янайкино ауылы, Ақжол, Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қабыршақты, Тайпақ округтары, М.Әуезов ат.ОМ және «Денсаулық» ВК (Ақжайық ауданы) командалары қатысты. Турнирге 100-ге жуық адам қамтылды. Шараның ашылу салтанатына БҚО мәслихат хатшысы М.Құлшар, аудан әкімі Ә.Жоламанов, ауданымыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері М.Жұматова, аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев қатысты.

Тартысты өткен ойындар нәтижесінде Оралдық "Денсаулық" ВК үшінші орында. Финалдық ойында жергілікті "Денсаулық" клубы екінші болса, турнир жеңімпазы Янайкино ауылы волейболшылары атанды. Турнирдің үздіктер аталымында шабуылшы - Абылай Турешов («Білім-Инновация» лицейі), ойыншы - Киселев Андрей (Янайкино), тосқауыл қоюшы - Хайргалиев Қадыр (Орал қ.) және доп үйлестіруші - Асқар Шамелов (Ақжайық ауданы) марапатталды.

18 қаңтар күні М.Әуезов ат.ОМ спорт залы мен аудандық БЖСМ-де волейболдан қыздар командалары арасындағы біріншілігі өтті. Біріншілікке Ақжолдан Қаршы, Алғабас, Базартөбе, Жаңабұлақ, Сарытоғай, Тайпақтан Байсықов ОМ, Чапаев №1 және М.Әуезов ат.ОМ командалары қатысты. Жарысқа 60-қа жуық оқушы қамтылды.

Ойындар нәтижесінде үшінші орынды Алғабас пен М.Әуезов ОМ бөлісті. Екінші орында Базартөбе ОМ, ал жеңімпаз болып Қ.Байсықов ат. ОМ қыздар командасы атанды.

25 қаңтар күні БЖСМ спорт залында еркін күрестен 2008-09 ж.т. кіші жасөспірім мен 2001-03 ж.т. ұлдар арасындағы аудан біріншілігі өтті. Жарысқа Ақжолдан Қабыл ауылы, Ақсуат, Алғабас, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қабыршақты, Тайпақ, Жайық және Чапаев ауылдары қатысты. Барлығы 83 оқушы.

Жарыс ауданымызда күрес өнерін дамытуға зор үлес қосқан, бірқатар шеберлі палуандарымызды тәрбиелеп шығарған, белгілі жаттықтырушылар, спорт ардагерлері Даулет Ишанғалиұлы Мұнайтпашев пен Ират Жайықұлы Қрықбаевтың құрметіне арналды.

27 қаңтар күні XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын жерлестерімізді қолдау мақсатында және қысқы спартакиада шеңберінде шаңғы және допты хоккей жарыстарынан аудан біріншілігі өткізілді.

Шараға Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Тайпақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аурухана, балабақша, М.Әуезов ат. ОМ, № 1 ОМ, Абай атындағы мектеп-гимназия, туризм орталығы, БЖСМ, БШО және «Жігер» спорт клубы командалары өз ара сайысқа түсті.

Жарыстын ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Жоламанов қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Шаңғы жарысының қортындысы бойынша:

18-24 жас аралығы Темірболатов Әди (туризм) және Рсалиева Динара (МСУ), 25-34 жаста Темірболатов Әділбек (Бітік), Ералиева Самал (туризм). 35-44 жас аралығында Ибраев Дархан (Бударин), Бекмагамбетова Дина (М.Әуезов),

45-54 жаста Кадырғалиев Бегелді (М.Әуезов ат.ОМ). 55 жастан жоғарыда Темирбаев Мұрат (Бударин), Сисенгазиева Замира (М.Әуезов ат.ОМ). Жасөспірімдер арасында Кенес Армат (Базаршолан), Бисенбайқызы Айым (М.Әуезов ат.ОМ).

Жарыстын қортынды бойынша допты хоккейден:

I орын – «Жігер» спорт клубы командасы.

II орын – арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы.

III орын – Жаңабұлақ а/о  командасы және Ұстаздар командасы еленді.

Үздік аталымдар бойынша:

«Жас спортшы» - Сағынғали Әділбек

«Үздік қақпашы» - Кубашев Данияр (Жаңабұлақ ОМ)

«Үздік қорғаушы» - Телагисов Куаныш (М.Әуезов ат.ОМ)

«Үздік шабуылшы» - Саркулов Ермек (МСУ)

«Ардагер спортшы» - Куспанов Кахим (МСУ)

 

25 қаңтар күні БЖСМ спорт залында еркін күрестен 2008-09 ж.т. кіші жасөспірім мен 2001-03 ж.т. ұлдар арасындағы аудан біріншілігі өтті. Жарысқа Ақжолдан Қабыл ауылы, Ақсуат, Алғабас, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қабыршақты, Тайпақ, Жайық және Чапаев ауылдары қатысты. Барлығы 83 оқушы.

Жарыс ауданымызда күрес өнерін дамытуға зор үлес қосқан, бірқатар шеберлі палуандарымызды тәрбиелеп шығарған, белгілі жаттықтырушылар, спорт ардагерлері Даулет Ишанғалиұлы Мұнайтпашев пен Ират Жайықұлы Қрықбаевтың құрметіне арналды.

 

27 қаңтар күні XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын жерлестерімізді қолдау мақсатында және қысқы спартакиада шеңберінде шаңғы және допты хоккей жарыстарынан аудан біріншілігі өткізілді.

Шараға Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Тайпақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аурухана, балабақша, М.Әуезов ат. ОМ, № 1 ОМ, Абай атындағы мектеп-гимназия, туризм орталығы, БЖСМ, БШО және «Жігер» спорт клубы командалары өз ара сайысқа түсті.

Жарыстын ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Жоламанов қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Шаңғы жарысының қортындысы бойынша:

18-24 жас аралығы Темірболатов Әди (туризм) және Рсалиева Динара (МСУ), 25-34 жаста Темірболатов Әділбек (Бітік), Ералиева Самал (туризм). 35-44 жас аралығында Ибраев Дархан (Бударин), Бекмагамбетова Дина (М.Әуезов),

45-54 жаста Кадырғалиев Бегелді (М.Әуезов ат.ОМ). 55 жастан жоғарыда Темирбаев Мұрат (Бударин), Сисенгазиева Замира (М.Әуезов ат.ОМ). Жасөспірімдер арасында Кенес Армат (Базаршолан), Бисенбайқызы Айым (М.Әуезов ат.ОМ).

Жарыстын қортынды бойынша допты хоккейден:

I орын – «Жігер» спорт клубы командасы.

II орын – арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы.

III орын – Жаңабұлақ а/о  командасы және Ұстаздар командасы еленді.

Үздік аталымдар бойынша:

«Жас спортшы» - Сағынғали Әділбек

«Үздік қақпашы» - Кубашев Данияр (Жаңабұлақ ОМ)

«Үздік қорғаушы» - Телагисов Куаныш (М.Әуезов ат.ОМ)

«Үздік шабуылшы» - Саркулов Ермек (МСУ)

«Ардагер спортшы» - Куспанов Кахим (МСУ)

 

08 ақпан күні Лбішін ауылында, Қаршы ОМ спорт залында БЖСМ-де волейболдан қыздар командалары арасындағы біріншілік өтті. Біріншілікке Қаршы, Алғабас, БЖСМ және «Жігер» СК командалары қатысты. Жарысқа 40 оқушы қамтылды.

Ойындар нәтижесінде үшінші орында спортклуб шәкірттері. Екінші орында Қаршы ОМ, ал жеңімпаз болып Алғабас ОМ қыздар командасы атанды.

Номинация бойынша Азамат Самал (Алғабас), Сабырғалиева Алина (спортклуб) және Коняева Руслана (БЖСМ) марапатталды.

09 ақпан күні белгілі спортшысы Ж.Куженовты еске алуға арналған волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді. Жарысқа Алмалы, Алғабас, Ақжол, Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Жайық ауылы, Көнеккеткен, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Тайпақ округтері және аудан әкімдігі, арнаулы қызмет көрсету орталығы, аграрлық- техникалық колледжі, М.Әуезов ат.ОМ, жастар құрамасы, «Жігер» спорт клубы, «Жасұлан» командалары қатынасты.

Тартысты өткен ойындарда Қарауылтөбе ауылының волейболшылары финалдық ойында «Жасұлан» командасын жеңіп бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар аталым бойынша:

«Үздік ойыншы»-Ғазез Диас («Жастар» командасы),

«Үздік байланыстырушы» - Шамелов Асқар (АТК командасы),

«Үздік шабуылшы» -Уахитов Фархат (Аудан әкімдігі),

«Үздік қорғаушы» -Маратова Надежда (Қарауылтөбе ауылы),

«Үздік тосқауыл қоюшы»- Шнаев Елнар («Жасұлан» командасы) атап өтілді.

11 ақпан күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық спортымызды дамыту мақсатында Жамбыл ауыл округі Үштөбе ауылында көкпар және теңге ілуден жарыс өткізілді. Жарысқа үш команда қатынасты.

Көкпар ойыны қорытындысы бойынша:

I орын-Үштөбе (ерлер) командасы

II орын-Үштөбе (жастар) командасы

III орын- «Жігер» спорт клубы командасы иеленді.

Теңге ілуден:

I орын- Есілай Айбек

II орын- Наурзов Шапағат

III орын- Бағдат Мақсат

III орын- Шарипов Олжас

19 ақпан күні Тайпақ ауылында самбо күресінен 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында БЖСМ ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Атырау облысынан Индер ауданы, Қ.Байсықов ат.ОМ, Краснояр ОМ, Тайпақ гимназиясы, Краснояр ОМ және БЖСМ самбошылары қатысты. Барлығы 25 спортшы.

22-23 ақпан күндері Тайпақ спорт мектебінің ұйымдастыруымен ақын Сағат Абдуғалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Ақжайық аудандық ашық турнир өтті. Осы турнирге Атырау облысы Индер ауданы, Қызылқоға ауданы, Орал қаласы және Тайпақ ауылдық округінің спортшылары қатысты.

 

Футзалдан 2017-2018 жылғы Ақжайық ауданы лигасы өз мәресіне жетті. Жарысқа Бударин, Есенсай, Жамбылдан Үштөбе ауылы, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Мерген, Тайпақ, Чапаев, аурухана, мешіт, Бітік мектебі, аудандық арнаулы әлеуметтк қызмет көрсету орталығы, ішкі істер бөлімі, БЖСМ, «Жігер» СК. Ұпай бойынша орталық аурухана командасы Лига жеңімпазы атанды.

02 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне арналған 2003-2006 және 2007-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы шахматтан Чапаев ауылы біріншілігі өткізілді.

Шараға М.Әуезов ат. ОМ пен Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары  өз ара сайысқа түсті.


 


Ауа райы