• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мәлімет

Мал шаруашылығы

Мал басы. 2018 жылдың 1-ші мамырына статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда  94 мың 486  бас мүйізді ірі қара, 293 мың 541 бас ұсақ мал, 35 мың 452 бас жылқы, 200 бас түйе тіркеліп отыр. Тиісінше 2017 жылдың 1-ші мамырдағы мал басымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 9,4 %, ұсақ мал 2,7 %, жылқы 15,5  % өсіп отыр. Аналық малдан  20181 бас бұзау, 93732 бас қозы-лақ, 5085 бас құлын алынып, 2017 жылдың 1- мамыр көрсеткіштерімен салыстырғанда: бұзау- 1,6 %, қозы және лақ – 0,7 %, құлын –3,6 % көбейіп отыр.

2017 жылдың 1-ші мамырына мүйізді ірі қараның 57,9 %, ұсақ малдың 50,6 %, жылқының 72,4 %  а/ш құрылымдарда шоғырланған болса, 2018 жылдың 1-ші мамырына мүйізді ірі қараның 62,9 %, ұсақ малдың 51,4 %, жылқының 72,5 % , түйенің 68,5 % а/ш құрылымдарда шоғырланған.

Малды асылдандыру. Ауданда 2014 жылы мүйізді ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын өсіретін  5 шаруашылық болса,  2017 жылы олардын саны 30 жетсе, күні бүгінге оның саны 39 жетіп отыр.  Көшім жылқысын өсіретін 4 асыл тұқымды шаруашылық қатарына  2015 жылы қазақтын жабы тұқымын өсіретін  «Ернұр-Ж» ш/қ , 2017 жылы  көшім жылқысын өсіретін «Аманер» ш/қ, «Жасулан» ш/қ  қосылып ұзын саны 7-ге жетті.

Ауданда Ақжайық жүнді-етті қой тұқымын өсіретін асыл «Қуаныш» ш/қ  жұмыс жасауда, 2017 жылы  Бударин а/о «Еділбай» ш/қ 1015 бас қой малына тиісті палатамен асыл тұқымды Еділбай тұқымы мәртебесі берілді.

Ауданның а/ш құрылымдары 2016 жылы асыл тұқымды 642 бас МІҚ (310 бас қашар, 332 бас бұқа), 28 бас жылқы, 193 бас  қошқар сатып алса, 2017 жылы асыл тұқымды 1259 бас МІҚ ( 844 бас қашар, 415 бас бұқа), 76 бас жылқы ( 33 бас айғыр, 43 бас бие) және  462 бас қой ( 100 саулық, 362 қошқар) сатып алды. . 2018 жылдың 1-ші мамырына ауданның а/ш құрылымдары асыл тұқымды 841 бас қашар, 274 бас бұқа, 19 бас айғыр, 37 бас байтал сатып алды.

Жалпы 2011-1.01.2018 ж.ж. аралығында ауданның а/ш құрылымдары асыл тұқымды 4082 бас мүйізді ірі қара ( 1584 бас аталық, 2498 бас қашар), 416 бас жылқы, 2212 бас ұсақ мал сатып алды. Сатып алынған аталықтар  табындағы ата тегі белгісіз, өнімділігі төмен малдарды тұқымдық жаңғырту, тектілігін арттыру мақсатында сіңіре будандастыру үшін пайдалануда.

Ауданда тұқымдық түрлендіру аясында селекциялық және асылдандыру  жұмыстарына қатысатын ауылшаруашылық құрылымдар саны еселеп өсуде. 2012 жылы 44 ш/қ 3374 бас  аналығына, 2013 жылы 92 ш/қ 7711 басқа, 2014 жылы 172 ш/қ 11055 аналыққа, 2015 жылы 201 ш/қ және 14 селолық тұтыну кооперативі (СТК) 13135 бас аналыққа, 2016 жылы 211 ш/қ және 21 ауылшаруашылығы кооперативі 15658 бас аналықпен қатысса, 2017 жылы ауданның  248 ауылшаруашылығы құрылымы  базалық норматив бойынша 16113 бас аналықпен қатынасып отыр. 2018 жылғы жоспар 16500 бас.

Сонымен қатар, қойдың аналық малына селекциялық және асылдандыру  жұмыстарына 2013 жылы 3 шаруашылық 2035 бас аналықпен, 2014 жылы 12 шаруашылық  7759 бас аналықпен, 2015 жылы  18 ш/қ 10446 бас аналықпен,  2016 жылы 17 ш/қ  10569 бас аналықпен қатысса, 2017 жылы 26 ш/қ 12 413 бас (17% артық)  аналықпен қатынасып отыр. 2018 жылға жоспар 12500 бас. Осы атқарылған жұмыстар нәтиежесінде аудандағы асыл тұқымды малдың үлесі тұрақты түрде өсіп келеді. 2014 жылы асыл тұқымды МІҚ үлесі 6,6 %, қойдын 1,2 %, жылқының 11,8 % болса, 2017 жылдың қорытындысымен МІҚ үлесі 9,4 %, қой 2,7 %, жылқы 13,8 %-ға жетіп отыр.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде үкімет тарапынан төленіп отырған демеуқаржының көлемі айтарлықтай өсуде: 2011- 53 млн 196 мың, 2012- 106 млн 900 мың, 2013- 207 млн 700 мың, 2014- 365 млн 200 мың, 2015 – 534 млн.  теңге, 2016 ж 497  млн 300 мың теңге көмек қаржы алса, 2017 жылы 572 млн теңге  төленді.

«Сыбаға». Мал басын көбейтіп олардың сапалық құрамын жақсарту үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан мақсатты несиелердің көмегі өте зор.  Мүйізді ірі қара малды сатып алуға бағытталған «Сыбаға» несие бағдарламасы арқылы 2016 жылы ауданның 16 шаруа қожалығы 255 млн 280 мың теңге несие алып  оған 53 бас асыл тұқымды бұқа және  1272 бас аналық мал сатып алса ( жоспар (1046 бас аналық), 2017 жылы ауданның 9 шаруа қожалығы 186 млн 250 мың теңге несие алып, оған 19 бас асыл тұқымды бұқа және 676 бас аналық ( 518 бас)  малын сатып алды. Жалпы 2011- 1.01.2018 ж.ж. аралығында «Сыбаға» несие бағдарламасы арқылы ауданның 85 шаруа қожалығы 1 млрд 037 млн 160 мың теңге несие алып, оған 194 бас асыл тұқымды бұқа және 5050 бас аналық мал сатып алды.

«Құлан». 2014 жылы беріле басталған «Құлан» бағдарламасы бойынша бойынша 2016 жылы ауданның 5 шаруа қожалығы 123 млн 670 мың теңге несие алып  оған 33 бас асыл тұқымды айғыр және  400 бас бие сатып алса ( жоспар 523 бас аналық), 2017 жылы  3 шаруа қожалығы 95 млн теңге несие алып оған 6 бас асыл тұқымды айғыр және 278 бас бие сатып алды ( жоспар 158 бас аналық).  Жалпы 2014- 1.01.2018 ж.ж. аралығында «Құлан» несие бағдарламасы бойынша 29 ш/қ  463 млн 720 мың теңге несие  алып, оған 39 бас асыл тұқымды айғыр және 1438 бас бие сатып алды.

«Алтын асық» несие бағдарламасы бойынша 2016 жылы ауданның 3 шаруа қожалығы 39 млн 900 мың теңге несие алып  оған 62 бас асыл тұқымды қошқар және  1469 бас аналық қой сатып алса (жоспар 2362 бас аналық), 2017 жылы 1 ш/қ 5 млн теңге несие алып, оған 180 бас қой  және 6 бас асыл тұқымды қошқар малын сатып алды.

Жалпы 2014- 1.01.2018 ж.ж. аралығында «Алтын асық» несие бағдарламасы арқылы ауданның 16 шаруа қожалығы 142 млн теңге несие алып, оған 5416 бас ұсақ мал сатып алынды.

Сонымен қатар, 2017 жылы аудандық «Ақжайық-Агро» несие серіктестігі арқылы «Қанат», «Іскер» жаңа несиелендіру бағдарламалары іске қосылды. «Қанат» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығы 36 млн 018 мың теңге, «Іскер» бағдарламасы бойынша 7 ш/қ 36 млн 500 мын теңге несие алды. 2018 жылы «ҚазАгро» АҚ арқылы 1 шаруашылық 4 млн. теңге, «АқжайықАгро» НС арқылы 1 шаруашылық 16 млн. теңге несие алды.

 

Өсімдік  шаруашылығы

2017 жылы 840 гектар егілді (картоп-120 га, көкөніс- 200 га, бақша – 520 га).  2018 жылы меморандумға сәйкес 880 гектар жеткізу жоспарланып отыр. (картоп-125 га, көкөніс- 205 га, бақша – 550 га).  2017 жылы Алмалы а/о қарасты «Балауса» ш/қ – 15 га, «Б-Абылай» ш/қ – 12 га жерге тамшылатып суару әдісін қолданып көкініс-бақша дақылдарын өсірген болса, ағымдағы жылы «Балауса» ш/қ – 24 га, «Б-Абылай» ш/қ – 16 га жерге егіс көлемін ұлғайтуды жоспарлауда. 2017 жылы  Алмалы ауылдық округінде «МұнайКонтакт» ЖШС-і  9 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып алма бағын отырғызды.

Ауданда мал азығы қорының сапасын жақсарту мақсатында екпелі шөптер және сүрлемдік дақылдар егу қолға алынуда. 2017 жылы осы мақсатта Бударин ауылдық округіне қарасты «Атамұра» шаруа қожалығы 16 гектар жерге жүгері өсіріп, 600 тн сүрлем бастырылды. Биылғы жылы аудан бойынша 20 га жерге сүрлемге жүгері егу жоспарлануда.  5 ш/қ 17 т. арзандатылған тыңайтқыштар сатып алды, соның ішінде 13 т аммиак селитрасы және 4 т аммофос. «Атамұра» шаруа қожалығы басым бағыттағы дақылдың бірі сүрлемге жүгері өсіргені үшін 1 га кеткен шығынның бөлігіне 8,0 мың тенгеден субсидия алды.

А/ш техникаларын жаңарту

Ауданда ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстары жалғасуда.  2013 жылы  18 ш/қ 31 дана а/ш техникасын лизингке  алса (с.і. 19 трактор), 2014 жылы 33 ш/қ лизингке барлығы  66 дана а/ш техника  (соның ішінде 33 дана трактор),  2015 жылы 52 дана (соның ішінде 19  дана МТЗ тракторы) сатылып алынса, 2016 жылы лизингке 38 дана және өз қаражаттарына 33 дана, барлығы- 71 дана, соның ішінде 20 трактор сатылып алынды. 2017 жылы 100 дана, соның ішінде 40 дана МТЗ тракторы, 20 дана пресс-подборщик, 18 дана КУН, 12 дана шалғы, 2 дана трактор тіркемесі, 3 дана жатка және 5 тырнауыш сатылып алынды. Барлығы 2012-1.01.2018 ж.ж. аралығында ауданның а/ш құрылымдары 514 дана а/ш техникасын сатып алса, соның 195 данасы МТЗ тракторы (119-і лизингке) және 129 дана шөп тайлауыш. 2018 жылдың өткен уақытында «ҚазАгроҚаржы» АҚ мекемесі арқылы 6 дана МТЗ маркалы трактор сатылып алынды.

Су шаруашылығы

Ауданда су шаруашылығы нысандарын түгілдеп құжаттарын жасақтау жұмыстары толығымен аяқталды. 2016 жылы облыс бюджетінен 52 млн. теңге қаржы бөлініп Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесіне кіретін коммуналдық меншікте тұрған 5 суландыру каналының және 23 қолтабанның құжаттары толығымен жасақталса, 3 (Қашкен, Ащы-Азнабай –Тайпақ, Азнабай-Тайпақ) суландыру каналының және 1 көлтабанның (№ 53 лиман) мемлекеттік жер актілері мен жерге орналастыру жобалары дайындалды. 2017 жылы облыстық бюджеттен  37 553 000 теңге қаражат бөлініп  4 (Қашкен, Ащы-Азнабай –Тайпақ, Азнабай-Тайпақ, Тоғыз) суландыру каналының, 1 көлтабанның (№ 53 лиман)  техникалық паспорттарын, сонымен қатар Солянка өзеніндегі Ақжайық су қоймасының техникалық құжатын, Аяқ су қоймасы және Қос-Жүген суландыру каналының құжаттарын (мемлекеттік жер актісі, жерге орналастыру жобасы және техникалық паспорты) жасақтау жұмыстары аяқталды. Күні бүгінге аудандағы 24 көлтабанның, 11 суландыру каналының және 2 су қоймасының құжаттары толығымен рәсімделді. Бір суландыру каналы және 16 көлтабан Республикалық меншікке берілуде. Осы су нысандарын қалпына келтіру  үшін жобалау-сметалық құжаттарын жасақтау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 106,1 млн. теңге қарастырылуда.


Хабарландыру

2017 жылғы 12 қаңтарда аудандық «Жайық таңы» газетінің № 2 (7173) нөмірінде берілген хабарламадағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылдың 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығының күші жойылғаны туралы мәлімдей отыра, 2017 жылғы 27 қаңтарда № 30 бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қағидасы  жаңа редакцияда бекітіліп, 2017 жылғы 23 ақпанда бұқаралық ақпарат ( «Егемен Қазақстан» газеті № 38 (29019) құралдарында жарияланғанын хабарлаймыз.

Қағиданың 3-тарауының 22 тармағына сәйкес мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша  Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі 2017 жылдың 1- қаңтарынан өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Толық мәліметті аудандық ресми-сайттан www.Akzhaik-bko.gov.kz  немесе Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69  мекенжайы бойынша  орналасқан «Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс телефоны: 8 - 711 - 36 -92-5-19, 8 - 711 - 36 -92-0-62.

Қосымша  120 бетте.

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (docx, 176 Kb)

«Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ


Хабарландыру

2017 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің № 29 бұйрығымен «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары туралы»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізілуіне байланысты ағымдағы жылы субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - ауылшартауарөндіруші) және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі - ауылшаркооперативі) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдарына және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.

Ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын (бұдан әрі - анықтама) бір данада ұсынады. Бұл ретте өтінім мен анықтама:

бөлімге не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде;

не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беріледі.

Өтінімдерді  қабылдау 2017 жылғы 1 ақпанынан   4 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Өтінімдерді  қабылдайтын орын: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69  мекенжайында орналасқан Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі. Байланыс телефоны: 8 - 711 - 36 -92-0-62.

Қосымша - 26 бетте.

 

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (docx, 47 Kb)

«Ақжайық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 18 ақпанындағы  № 103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» қаулысы қабылданды.

Осы қаулының 15 - ші тармағына сәйкес «Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидия алуға тиісті негіздердің туындауына қарай 2014 жылдың 3-ші наурызынан өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы  хабарлайды.  

Толық мәліметті Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69 мекен жайы бойынша орналасқан «Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (71136) 92388.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидалары

 

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы

 және ветеринария бөлімі 

ШАҒЫН  ЖӘНЕ  ОРТА  БИЗНЕС  САЛАСЫ  ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті  кәсіпкер ағайындар! 

Сіздерді  қазақтың  қайсар  ақыны  Жұбан  Молдағалиевтың  кіндік  қаны  тамған  Батыс Қазақстан облысының  Ақжайық ауданына келіп,  шағын  және орта бизнес саласын  дамытуға үлес  қосуға шақырамыз.

Аумағы  25,7 мың  шаршы  шақырым, құрамындағы 52 елді мекенде 42318  тұрғыны  барАқжайық ауданы облысымыздың  оңтүстігінде орналасқан  ірі аудандардың бірі.  Аудан орталығы  Орал қаласынан 125 шақырым  қашықтықта  орналасқан  Чапаев  ауылы.

Ауданымыз облыстағы 12  ауданның  жетеуімен және Атырау облыстарының  аудандарымен шектеседі.

Облыстағы  үлкен үш  су  қоймасының үшеуі  де  біздің ауданымыздың  аумағында  орналасқан.  Сонымен  қатар  аудан  аумағынан  4  магистралды канал өтеді.

Көпшілік  елді  мекендер  табиғи  газбен  және  таза  ауыз  сумен  қамтылған.

Аудан бойынша 1681 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген /110 заңды тұлғалар, 867 жеке кәсіпкерлер және 704 шаруа қожалықтар/.

Негізінен  мал шаруашылығымен  айналысатын ауданымызда 2014 жылдың 1 қантарына   61 808  бас  мүйізді  ірі  қара,  176 568 бас қой - ешкі, 18 318 бас жылқы, 277 бас түйе малдары тіркелді.

Бұған  қоса көршілес  орналасқан  аудандарда  200  мыңға  жуық ірі  қара,  500 мыңға  тарта қой - ешкі, 46 мың  жылқы  малдары  бар.

Ауданымызда  тәулігіне қойдың 1200  бас  еркек  марқа  тоқтысын  соятын ет  комбинаты  салынуда.

Аудан  орталығының  республикалық  маңызы  бар  Орал - Атырау  және  Ресей  Федерациясының  Астрахань, Волгоград, Саратов  облыстарына  автомобиль  жолдарымен  шығуға мүмкіндік  беретін  Чапаев - Казталовка  және Чапаев  - Сайхын тас  жолдарының   бойында  орналасуы шағын  және орта  бизнесті  дамытуға  үлкен  логистикалық  жағдай  туғызады.

 

Орал қаласы арқылы  Ресейдің  Самара, Орынбор қалаларына  еш қиындықсыз  жетуге болады.

Сондай ақ  аудан аумағынан Еуразия материгін  Еуропалық және Азиялық  бөлікке  жарып  ағатын  Жайық  өзенінің өтуі де  - басқа аудандардан ерекшелеп тұратын жағдайлардың бірі.

Қазіргі  кезде  Жайық  өзені  арқылы  автокөпір  салуға  құжаттар жасақталуда. Бұл болашақта  Самара  - Шымкент   трассасы  арқылы  Ақтөбе,  Ресейдің  Волгоград  қаласына, одан  әрі Батыс Еуропа -Батыс Қытай бағытына   шығуға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан,   тамаша табиғаты  бар  ауданымыз шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  ең  қолайлы  өңірлердің  бірі саналады.

Әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерін  өңдеу саласын  дамытуға  мүмкіндік  өте мол.

Сіздерді  өз  кәсіптеріңізді  бастауға  немесе  бизнестеріңізді кеңейтуге   шақырамыз. Біздің  тарапымыздан  заң  шеңберінде  нақты қолдау көрсетілетін болады.

Сіздер  үшін аптаның  кез -келген уақытында  аудан  әкімінің  есігі  ашық. Жаңа  жобаларыңызбен  сіздерді күтеміз.

Байланыс  телефондары: қабылдау  бөлмесі                      87113691093

87113691262

87113692320  /факс/

Электрондық пошта:                                                            Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сіздерге  деген  зор  құрметпен,

аудан әкімі                                                        Н.Төреғалиев


Ағымдағы жылдың 2 қазанында Аудан әкімінің орынбасары А.Абуғалиевтің төрағалық етуімен ауданның ветеринария саласының мамандарымен ветеринария жұмыстарының атқарылуы және алдағы міндеттері туралы кеңестің оздырылды. Кеңеске  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аумақтық инспекциясы басшысы Р.Қайырлиев және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімің басшысы М.Сердалин және осы бөлімнің мамандары, Ауылдық округі әкімі аппаратарының ветеринария бойынша мамандары, «Ақжайық аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры А.Тлебалиев және ветеринариялық мамандары (тізім бойынша) қатысты. Жиналыстың басты мақсаты - ветеринария саласы бойынша қордаланып қалған мәселелердің түйінін тарқатып шешу жолдарын қарастырып бағыттарын айқындау, саланы мемлекеттік көмектер аясында интенсивтендіру, әртараптандыру жолына бағыттау болды. Күн тәртібі бойынша:  «Ауданда ветеринариялық бақылау және қадағалау жұмыстарының атқарылуы және алдағы міндеттері» баяндамашы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аумақтық инспекциясы басшысы - Қайырлиев Руслан Жеңісұлы;

«Аудандағы ветеринария саласындағы жергілікті атақрушы органдардың бөлімшелерінің қызметі туралы» аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы -Сердалин Мұрат Амангелдіұлы; «Аудандық ветеринариялық станциясы» атқарып жатырған жұмысының барысы және алдағы міндеттері» станция директоры Тлебалиев Аманжол Ғибатоллаұлы; «Аудандық ветеринариялық зертханасының жұмысы» туралы зертхана меңгерушісі Утешкалиев Манарбек Салықұлы баяндама жасады.

Кеңестің қорытындысы бойынша бруцеллез ауруының алдын-алу шараларын жүйелі және сапалы жүргізу, бірдейлендіру жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша тапсырма берілді. 


 Жануарларды ұстау туралы Ережесі

Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Ы

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 25 қаңтарында  № 35 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» және № 36 «Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» қаулылары қабылданды.

Осы қаулыларды орындау мақсатында «Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарынан субсидия алуға тиісті негіздердің туындауына қарай 2013 жылдың 13-ші ақпанынан бастап өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы  хабарлайды. 

Мекен-жайымыз: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69, «Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс телефондары: 8 71136 92388. 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидалары 

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары


«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 102 ««Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға» кіші бағдарлама республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы №4 келісім 

2013 жылға арналған 222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер», 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға» республикалық бюджеттік бағдарламасының нысаналы трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Батыс Қазақстан облысының әкімі арасындағы №5 келісім

 

Х а б а р л а н д ы р у 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» және 2012 жылғы 19 мамырындағы № 625  «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулыларын жүзеге асыру мақсатында «Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаларға қатысуға ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарынан өтінімдерді қабылдайтының хабарлайды.

«Ақжайық ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен жайы БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі №69, қабылдау мерзімі 2012 жылдың 25 мамырдан мен 25 маусымға дейін жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 8.30 - 12.30 және 14.30 - 18.30.

Қосымша мәліметті төмендегі 87113692388 телефоны арқылы алуға болады. 

 

1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялар 

2. Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялар


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы