• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. 1965 жылы құрылған 

 

  2. Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының штаты

1.  Бекен Дәмелі Таубайқызы - әкім, 1959 жылы туған, білімі -жоғары.

2.  Аслямов Мереке Рахметоллаұлы - бас маман, 1960 жылы туған, білімі -жоғары.

3.  Сисенова Ардақ Ниетқалиқызы - жетекші маман-есепші, 1972 жылы туған, білімі-жоғары.

4. Сипатталова  Айдана Есмұратқызы-жетекші маман-1991 жылы туған,білімі-жоғары

 

3.Округ аумағы - 122,4 мың га

Облыс орталығынан қашықтығы - 200, аудан орталығынан-75 км       

 

4.Округтегі халық, аула саны, мал басы

Елді мекен атауы

Халық саны

Аула саны

Малдың түрі

Құдықтар саны

Монша саны

МІҚ

Қой-ешкі

жылқы

1

Аксуат

782

187

3235

6740

2787

74

67

2

Акбулак

176

48

319

1248

19

32

24

 

БАРЛЫҒЫ

958

235

3908

7988

2806

106

91

 

5.Білім беру саласы бойынша 

р/с

Мектеп атауы

Басшысы

  Оқушы саны

Мұғалімдер саны

Ыстық тамақпен қамту

Шағын

 орталық

Кезекте тұрған бала саны

Тасымалда-

   тын бала саны

1

Ошанов ат. орта мектеп

Нұрқожа Дәурен Қайырбекұлы

116

30

106

40

-

5

2

Каленый бастауыш мектеп

Шотқалиева Гүлмира Әбілханқызы

8

3

-

10

-

15

 

Барлығы

 

124

33

106

50

-

20

 

6.Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық фельдшерлік- акушерлік пункті-Доспаева  Жазира Жасұланқызы

Ақбұлақ  медициналық пунктінің фельдшері - Мусина Әлия Тілекқабылқызы

 

  7.Мәдениет саласы

Округте  1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана   халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет үйінің директоры-Какимова Лиза Айбарқызы.  Мәдениет үйі жанындағы 4  үйірмеге 62 адам қатысады.

р/с

Кітапхана атауы

Кітап қоры

оқырмандар

1

Ақсуат ауылдық кітапханасы

17451

794

2

Ақбұлақ  ауылдық кітапханасы

7080

108

 

Барлығы

24531

902

 

8. Ауыл шаруашылық саласы

26  шаруа қожалықтары бар. Оның ішінде 25 мал өсірумен, 1  бау-бақша өсірумен айналысады.  

 

9.Шағын кәсіпкерлік

19 жеке кәсіпкер қызмет істейді.

 

10. Халықты  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  көмек

-   Әлеуметтік жұмыс орны  -4

-   Қоғамдық жұмысқа тартылғаны - 69 адам, кәсіптік оқытылғаны - 3

-   Атаулы әлеуметтік көмек алушы - 3 отбасы, 9 адам

-   Балалар жәрдемақысын алушылар - 44 отбасы, 113 бала

 

11. «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламасы  бойынша жасалған жұмыстар:

рисунок 

 

11.Қоғамдық  тәртіптің  сақталуы

Жасалынған қылмыстар

Соның ішінде: ұрлық

2014

2015

2014

2015

 13

11

 9

9

 

Округ Округ бойынша өзекті мәселелер:

Ақсуат ауылы

- Таза ауыз су мәселесі

- Мәдениет үйін күрделі жөндеу

- Газ пайдаланушылар саны көбеюіне байланысты негізгі ШРП-ға дейінгі газ құбырын диаметрі үлкен газ құбырына ауыстыру

 

Ақбұлақ ауылы

- Газ құбырын тарту

 


«Қазақстанның   жарқын  болашағы  - жастар» атты студенттермен  кездесу кеші.

Ақсуат мәдениет үйінің қызметкерлері  мен  жастар  ұйымымен бірлесе өткен «Қазақстанның жарқын болашағы - жастар»  атты  тақырыпта ауыл студенттерімен  кездесу өтті.  Кездесуге  жоғарғы  сынып оқушылары, сынып  жетекшілері, ауылдық округтегі әртүрлі мекемелерге  жұмысқа келген жас мамандар, мекеме басшылары,  Ақсуат ауыл округінің әкімі  Бекен.Д.Т. қатынасты.

Кездесуге қатысқан  студенттер өздерінің оқып жатқан  мамандықтары жайлы, студенттік өмірлеріндегі  қызықты жайттарды әңгімелеп берді.

Сөз алған ауыл әкімі  Бекен.Д.Т.   Елбасының  «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда:өсім,реформалар,даму» атты Жолдауындағы  жастарға арналған сөздерін айта келе, ауылдағы  жастардың  жұмыспен қамтылуы  жайлы әңгімелеп,  студенттерге оқуларын аяқтаған соң туған ауылдарына  келіп, белсенді еңбекке  араласуларына шақырды.

Кешке белсене  қатысып өз  ойларын ортаға салған  Астана қаласындағы Гумилев атындағы университеттің  тарих  факултетінде  білім алып жатқан  Ә.Хайрушеваға,  Алматы қаласында физкультура және спорт бөлімінде  білім алып жатқан, туризм жарыстарының  жеңімпазы  Темірбаев  Аманерге жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  М.Бердәлінің  «Жүрек  назы» өлең жинақ кітабы сыйға  тартылды.

Кітапханашы Б.Мусағалиева  ауылдың кітапханасында кітаптың бай қоры бар екендігін ескерте отырып,  кітапханаға келген жаңа кітаптармен  таныстырып,  студенттермен жастарға, оқушыларға бос уақыттарында  кітапханаға  келіп, кітап оқуға шақырды.

Кездесуде сөз алған  Гумилев атындағы университеттің  дін тану факултетінің   магистранты Утемисов  Асхат  жастарды  білімін жетілдіружәне  тіл байлықтарын арттыру үшін  кітапты көп  оқу керек екенін және  жоғарғы сынып оқушыларының  мамандық  таңдауда қателеспеуге  шақырды.

Кездесу соңында «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы  бойынша  келген жас мамандар  таныстырылды.

Кеш соңы  жастар арасында  түрлі  викториналық  ойындар  ойналып, жеңімпаздарға   естелік сыйлықтар  тапсырылды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок 


«Дініміз тұрсын, дін аман» 

15-қаңтар  күні  Ақсуат ауылындағы  С.Ошанов атындағы ОЖББ  мектептің акт  залында  «Дініміз тұрсын дін аман»атты дөңгелек үстел  өткізілді.

 

Ауылдық округ бойынша  70-тен  астам  жастар еліміздің қалаларында, аудан  орталықтарында  жоғарғы  және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында білім алуда немесе вахталық әдіспен  еңбек етуде.

 

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты- ауылдан тыс жерде оқып білім алып, еңбек етіп  жүрген  жастарды жат діни ағымның жетегіне кетуден сақтандыру.

 

Дөңгелек үстелге студент жастар, мектеп ұстаздары,мектептің 9-11 сынып оқушылары,  ардагерлер кеңесінің  мүшелері , ауылдық округі әкім аппаратының мамандары,  ақпараттық  насихат  топ  мүшелері   қатысты.

 

Дөңгелек үстелде  «Дін мен дәстүр- рухани тәрбие негізі» және

 

«Жат  ағымның мақсаты  не?» деген  тақырыпта  баяндамалар оқылды.

 

Орта мектептің кітапханашысы  Ислямгалиева  Бекзат «Жат  ағымның мақсаты не?» атты өзінің баяндамасын   әзірленген слайд  арқылы, мектептің тарих пәні мен дінтану пәні  мұғалімі  Махсутов Бексұлтан  өзінің баяндамасын  «Ислам» атты бейнефильм  арқылы  көрсетті.

 

«Жалған ағым» атты бейнефильм көрсетіп,тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды.

 

Дөңгелек үстелге әсіресе  студент жастар, оқушылар белсене қатысты.

 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шоқалақов Абухан,  Мусағалиева Дариға   тақырып  бойынша  барлық  сұрақтарға  жауап  беріп,  бейнефильмге байланысты  өз ойын айтты.

 

Гумилев атындағы университеттің  дінтану мамандығы бойынша  магистранты   Утимисов Асхат , студенттер жағынан  ағайынды Хайрушевтер  Табиғат пен Әсемгүл ерекше көзге түсіп, өз ойларын айтып, жастарды, жас өспірімдерді жат ағымдардан аулақ болуға шақырып,  барлық сұрақтарға белсенді түрде жауап берді.

Дөңгелек үстелді   ауылдық округі әкім аппаратының  бас маманы. ақпараттық насихат тобының жетекшісі  Аслямов Мереке  қорытындылады.  
рисунок
 
рисунок
 
рисунок
 
рисунок 
 

С.Ошанов атындағы орта жалы білім беретін мектепте «Қамқорлықтағы бала тәрбиесі» атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстел туралы

13.01.2016

Мақсаты :

Қамқорлықта оқып жатқан және басқа округтен келіп жақын туыстарының қамқорлығында оқып жатқан балалардың ата-аналарына құқықтары мен міндеттерін таныстыру,мәлімет беру.

1. «Қамқоршылықта оқып жатқан балалар»  бейнеролик

2. «Қамқоршылық және қорғаншылық» баяндама

3. «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?» сауалнама

4. Қамқорлықта оқып жатқан балаларға жауапты тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

Қатысушылар:

Ауыл әкімі:   Бекен Дәмелі Таубайқызы

Тәрбие ісінің орынбасары:   Шайхиева Арина Жауынбайқызы

Әлеуметтік педагог: Қайыржанова Арайлым Естайқызы

Мектеп психологі:   Темешева Айдана Нурмухамбетовна

Ата-аналар және сынып жетекшілер

1. Қамқорлықта оқып жатқан балалар және олардың жағдайы туралы  шағын видеоролик көрсетілді.

2.Мектеп психологі А.Н.Темешева «Қамқоршылық және қорғаншылық» тақырыбында баяндама оқылып,слайдпен түсіндіріп өтті.

рисунок

3. Ата-аналарға «Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?» сауалнама жүргізіліп, қортындысы айтылды.

4. Әлеуметтік педагог А.Е.Қайыржанова  қамқорлықта оқып жатқан балаларға жауапты тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айтып,түсіндірді.

рисунок

Қорыта келгенде,осы күн тәртібінде қаралған мәселер бойынша  тәрбие ісінің меңгерушісі А.Ж.Шайхиева өз пікірін білдірді.

Ауыл әкімі Д.Т.Бекен  сөз сойлеп, қамқорлықтағы 5-сынып оқушысы Дүйсенгалиев Асланға жана жылдық сыйлығын табыс етті.

рисунок 

Ата-аналар атынан  Адиетова Сәния  өз пікірін білдірді.

рисунок


 

 


Ауа райы