• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. Алғабас ауылдық округі - 1994 жылы құрылған.

 

 2. Алғабас ауылдық округі  әкімі аппаратының штаты:

1. Есенгалиев Темирболат Кайратович - әкім, 1979 жылы туған, білімі жоғары

2. Мукателов Джанибек Алибекұлы - бас маман, 1988 жылы туған, білімі жоғары

3. Сейтқалиева Айнаш Әлібекқызы - жетекші маман, 1976 жылы туған, білімі жоғары

4. Имашева Сайра Нұрболатқызы - жетекші маман, 1980 жылы туған, білімі жоғары,

5. Ахметкалиева Асемгуль Амангельдықызы- жетекші маман, 1987 жылы туған, білімі жоғары

 

3. Округ аумағы - 128,3 мың га

Облыс орталығының қашықтығы - 111 км, аудан орталығынан - 95 км.

 

 4. Округтегі халық, аула саны, мал басы. 

елді мекен атауы

халық саны

аула саны

мал саны

Ірі-қара

Қой мен ешкі

жылқы

түйе

1

Алғабас

1022

219

2082

5909

210

-

2

Жаңажол

385

76

1211

5880

389

12

3

Тегісжол

157

43

1681

6893

1132

7

4

Бесоба

46

17

698

1769

375

-

5

Тоған

186

45

707

3292

208

2

6

Қарағай

97

40

952

3394

292

-

       барлығы

1892

440

7331

27137

2606

21

 

5. Білім беру саласы

мектеп атауы

басшысы

оқушылар саны

мұғалімдер саны

ыстық тамақпен қамту

1

Алғабас ОЖББМ

Кенжегарина Гульмирам Айтқалиқызы

250

43

173

2

Жаңажол НМ

м.а. Нуркина Нурсауле Тулешқызы

57

25

38

4

Тегісжол БМ

Хайранбаева Гүлжайнар Бауыржанқызы

8

3

-

5

Тоған БМ

Ерғалиева Меңдігүл Хайроллақызы

16

4

-

        барлығы

 

331

75

211

 

б/ мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары

бала балабақша немесе шағын орталық

Меңгерушісі, тәрбиешісі

тәрбиешілер саны

тәрбиеленушілер саны

кезекте тұрғандар

1

«Балғын шақ» бала бақшасы

Утемисова Алия Есейқызы

3

25

24

2

Жаңажол шағын орталығы

Ермеккалиева Данагул

Жумабайқызы

2

32

-

3

Тегісжол шағын орталығы

Иғылманова Бағдагүл Жәйдарқызы

1

6

-

4

Тоған шағын орталығы

Исимова Улбөпе Ғұбайдоллақызы

2

15

-

 

6. Денсаулық сақтау саласы

Алғабас ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушісі - Куаныш Нурсауле Боранбайқызы

 

7. Мәдениет саласы

Округте бір мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 5 кітапхана қызмет жасайды, Алғабас ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі - Ишанова Гулмира Сулейменқызы, Жаңажол ауылдық клуб меңгерушісі - Габдушев Батырбек Құспанұлы, 2 мәдениет үйірмесіне 28 адам қатысады.

кітапханалар

кітап қоры

оқырмандар саны

1

Алғабас

17553

385

2

Жаңажол

5414

182

3

Тегісжол

6600

98

4

Тоған

9308

112

5

Қарағай

9166

50

барлығы

48041

827

 

8. Ауыл шаруашылық саласы бойынша:

69 шаруа қожалығы бар,  67 мал өсірумен, 2 бау бақша өсірумен айналасады.

 

9. Шағын кәсіпкерлік:

Округі бойынша 13 жеке кәсіпкер қызмет жасайды.

 

Мекен жайы: Алғабас ауылдық округі, Алғабас вуылы, Е.Орақбаев көшесі 74

Байланыс телефон/факс 8(71136) 93-3-00


Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылында 2017 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 10:00 қоғамдық кеңес жиналысы өтті.

Қатысқан адамдар – қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары

Барлығы: 28  адам, Жақтап дауыс бергендер – 28, Қарсы болған – жоқ

Қалыс қалған - жоқ

Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы көшелеріне қайта атау, сондай-ақ бұл атаулар транскрипциясын нақтылау мен өзгерту.

     Жиынға қатысушылардың ұсыныс пікірлерін ескере отырып төмендегідей ШЕШІМ қабылданды.

  1. Б.Смайлов көшесіне – Дінмухамед Қонаев,
  2. Ж.Сидағалиев көшесіне – Құрманғазы Сағырбайұлы,
  3. Орталық көшесіне – Дина Нұрпейісова
  4. Е.Орақбаев көшесіне – Есен Орақбаев
  5. А.Сапаров көшесіне – Айтқали Сапаров
  6. К.Еділбаев көшесіне – Керей Еділбаев
  7. Бейбітшілік көшесіне – Бейбітшілік  - деп қайта аталсын. 

Осы аталған көше атауларын өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар облыстық ономастикалық комиссия қарауына ұсынылсын.


МАҚАЛА

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін қоғамымыздың ең басты қауып қатерлерінің бірі.

Президент Нұрсултан Әбішұлы мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беріп, халық алдындағы есептілігін арттырып, істің нәтижесіне деген жауапкершілігін күшейту керектігін атап өтті.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуді жалғастыру үшін Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді.

Осы орайда Алғабас ауылдық округінде тиісті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын – алу шаралары жүрізілуде. Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне өтінішпен келетін әрбір адам нақты жауап, түсінік алғысы келеді. Ауылдық округі әкімі кесте бойынша аптаның жұмыс күндері күн сайын сағат 15:00 ден 18:00 ге дейін тұрғындарды қабылдау жүргізіледі. Бірақ та басқа уақытта да жұмыс орнында болған уақытта, келген тұрғындарды өтініштерімен қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдап оны шешуге немесе бізден шешілмейтін болған да, әрі қарай қалай шешілу жолдары жөнінде түсінік береміз.  Бұлардың басым бөлігі ақылы қоғамдық жұмысқа алу, шаруа қожалығын ашу, жеке кәсіпкерлікпен айналасу, несие алу тәртібін сұрау және әлеуметтік мәселелер. Тұрғындардан келіп түскен өтініштер «АЙҚЫН» (Web-ЕУОЛ единый учет обращения лиц) бағдарламасына енгізіледі және сол жерде нақты жауабын немесе түсінігін алып кетеді.

ҚР «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің, Әдеп кодексінің толық мәтіні халыққа жария ету мақсатында, ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі орналасқан ғимаратында көрнекі жерде орналастырулуы тұрғындардың оны кез келген уақытта қарап танысып шығуына мүмкіндік береді. Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне қатысты азаматардың арыздары мен шағымдарына арналған жәшік орналастырылып,  арнайы тіркейтін дәптері ашылды.

 ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын негізге алып округтегі әлеуметтік мәселелерге қатысты, әр саланың мамандарынан жасақталған комиссия құрылып, осы комиссияның шешімімен бюджеттік мекемелерге азаматтық емес жұмыс орындарына, бірінші кезекте нысаналы топтарға жататын адамдарға басымдық беріледі. Сонымен бірге қоғамдық жұмысқа қабылдау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, «Өрлеу» бағдарламасына тұрғындарды қатыстыру, балалар жәрдем ақысын да осы комиссия арқылы жүргізіледі. Бұл таныс-тамыр, туысқандық арқылы жұмысқа орналасудың жолын кесу, сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмаудың бірден-бір  шарасы болып табылады.

Ауылдық округтегі барлық мемлекеттік қызметшілер аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына  2017 жылдарының 31 наурызына дейін кіріс декларациясын тапсырды. Сонымен қатар, аппаратта, бюджеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдармен, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйым мүшелерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа карсы        іс-қимыл жөнінде жалпы ұжымда «Әдеп кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ҚР Заңнамаларын оқу-түсінік өткізу жөнінде, «Халықты жұмыспен қамту туралы»,  «Жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыбында дөңгелек үстелдер, заңдарын түсіндіру бойынша құқықтық оқулар өткізілді.

Алғабас ауылында қоғамдық жерлерде, көшелерде  «Пара беру – бас бостаңдығыңнан және болашағыңнан айырады» және тағы да басқа  тақырыбында плакаттар мен баннер орналастырылып, жаднамалар таратылды.

Алғабас ауылдық округі бойынша тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және 2017 жылдың І жарты жылдықта  ішкі талдау жүргізілді.

Ауылдық округі әкімі аппаратында қандайда болмасын құқық бұзушылық түрі, сыбайлас жемқорлыққа әкеліп  соғуы  мүмкін себептер мен жағдайларды және алынған шараларды Заңмен белгіленген тәртіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар  болған жоқ.

Ауылдық округі әкімі аппаратында қаржылық тәртіпті орындау, бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда. Барлық сатып алулар мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарына сәйкес баға сұранысы және бір көзден сатып алу  жүргізіледі.

Мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік көзқараспен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті қоғаммен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыруы біздің мемлекетіміздің әр тұрғынының қасиетті міндеті екендігі даусыз. Сонда ғана халықтың сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Алдағы уақыттада Қазақстан Републикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Баршаңызды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырамыз.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» ММ

Бас маман Мукателов Д.А.


ХАБАРЛАНДЫРУ

Алғабас ауылдық округінде, Алғабас ауылы тұрғындарының жалпы тұрғындар жиналысы өтеді.

Күн тәртібі: көшелерге  қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнінде.

Жиналыстың өтетін уақыты мен мекен-жайы: 18.09.2017 жылғы сағ.10-да «Алғабас мәдениет үйінде»

«Алғабас ауылдық  округі әкімі аппараты»   ММ


 

 


Ауа райы