• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округінің 2018-2020 жылдар аралығындағы даму жоспары (docх, 26 Kb)


Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті


1. Алмалы ауылдық округі – 1957 жылы құрылған

 

2. Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының штаты:

1. Ахмет Жарқынғали Ғалымұлы- Алмалы ауылдық округінің әкімі, 1963 жылы туған, білімі - жоғары.

2. Булекбаева Ақзия Адайбайқызы- жетекші маман-есепші, 1961 жылы туған, білімі - арнаулы орта, 

3. Шарафиева Ақкенже Аманжанқызы - жетекші маман,1992 жылы туған, білімі- жоғары. 

4. Куракова Құралай Құрманғазықызы- жетекші  маман, 1992 жылы  туған, білімі - жоғары.

 

Округ аумағы

215,5  мың  га.   Облыс   орталығынан   қашықтығы -252 км, аудан  орталығынан - 127 км.

 

Алмалы ауылдық округі бойынша халық саны - 2044 адам.

/ Алмалы ауылында - 1435, Атамекен ауылында - 538, Жантемір ауылында - 71 адам./

Округ бойынша  аула саны - 424/ Алмалы - 302, Атамекен - 108, Жантемір – 14/

Отбасы саны – 455 /Алмалы - 321, Атамекен - 115, Жантемір - 19/      

Табиғи газ жүйесі тартылған аула саны - 281, қамтылу пайызы - 64,1

Таза ауыз су жүйесіне қосылған  мекеме - 4, барлығы - 297, қамтылу пайызы – 70,0/

 

Қаржы және экономика саласы

Жылдық бюджет көлемі - 21 млн 747 мың теңгені құрады. /жергілікті бюджет /

 

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы.

- Ірі қара малы - 3539 басты / Алмалы - 2265 бас, Атамекен – 590 бас, Жантемір 684 бас/

- Қой мен ешкі - 17382 басты / Алмалы - 11447, Атамекен - 3202, Жантемір - 2733/

- Жылқы малы – 1211 басты /Алмалы - 926, Атамекен - 124, Жантемір - 161/

- Түйе малы - 6 басты /Жантемір - 6/ құрады.

Округ бойынша барлығы – 514,8 га алқапқа көкөніс және бау-бақша дақылдарын егу жоспарлануда.

Ауылдық округ бойынша 72 шаруа қожалығы /Мал шаруашылығымен айналысатындар - 32, бау-бақша егу жұмыстарымен айналысатын - 40/ және 17 жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды.

 Кәсіпкерлік саласында  20 адам еңбекпен қамтылып отыр.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласы

Жыл басынан уақытша жұмысқа 3 адам, тұрақты жұмысқа 1 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған  - 33 жұмыссыз адамдар.

Білім беру саласы

Ұстаздар саны - 78 / Алмалы -52, Атамекен -26/

Оқушылар саны-325/ Алмалы -233, Атамекен -92/

Оқушылардың  ыстық тамақпен қамтылу пайызы -   Алмалы мектебі-73 пайыз, Атамекен мектебі- 90 пайыз.

Мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленушілер саны - 76 бала. /Алмалы -50, Атамекен -26/

Мектеп алды даярлық сыныбынан өткендер -47./Алмалы -29, Атамекен -18/

 

Денсаулық сақтау саласы.

Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.

Алмалы дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі – Айсагалиева Динара Нурлановна

Дәрігерлер саны -1

Орта буынды медицина мамандары - 6

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тұрғындар арасында негізгі әлеуметтік ауруларды ерте анықтауға арналған тегін скрининг-зерттеулерден - 352адам өтті.

«Портал бюросы» арқылы 152 адам ем- дом алды.

Есепті кезеңде жалпы  сомасы  5 млн 95 мың 873 теңгені құрайтын дәрі-дәрмек рецепт арқылы тегін берілді.

Соның ішінде:

-5 жасқа дейінгі балаларға 320мың 564 теңгеге,

-1 жасқа дейінгі сәбилерге 400 мың 80 теңге

-жасанды сүт қоспасы -755 мың 420 теңге

-үлкендердің дәрі-дәрмегі 3 млн 619 мың 809 теңгеге. Есепті кезеңде дүниеге келген сәбилер саны-36

-Табиғи өсім – 18 адам

-Адам өлімі-18

 

Мәдениет және спорт саласы

Округ бойынша 1 мәдениет үйі - меңгерушісі Өмірәлі Біржан Мақсотұлы, 1 ауылдық клуб - меңгерушісі Даулетова Гулжан Максутовна /1 модельді кітапхана/ меңгерушісі Капатаева Дархан Мусеновна/  және 1 ауылдық кітапхана /меңгерушісі - Жангалиева Софья Тилеккабыловна халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

Мәдениет үйінде 4 үйірме - би, ән, домбыра, драма үйірмесі жұмыс істейді.

 

Арыз - шағымдармен жұмыс

Округ әкімі атына жолданған өтініштер саны-5.

/заңды тұлғалардан 1, жеке тұлғалардан  4/.

  жеке тұрғын үй және өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу мақсатында жалпы жер учаскесін пайдалану үшін-3

жеке тұрғын үй құрылысын қысқа мерзімді уақытша өтеулі 3 жылға дейінгі мерзімге-1

өтініш жер пайдалану құқығын беру туралы өтініш аумақтық органдарға жолданды-4

Заңды тұлғадан 1- өтініш қысқа мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы туралы, аумақтық органдарға жолданғанды туралы түсінік берілді, 

 Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы.

Есепті кезеңде тіркелген қылмыстар  саны-5

Соның ішінде:

-         Бөтеннің мүлкін ұрлау -2

-         Заңсыз үйге кіру -2

-         Ұрлық-1

Түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергені  толтырылған әкімшілік хаттамалар саны-38.

 

Округ бойынша өзекті мәселелер:      

-         Техникалық аула суының құжаттарын жасақтау және басқа көшелерге құбырлар жүргізу.

-         Алмалы ауылына саябақ салу

-         Атамекен ауылына жаңа мектеп салу

-         Алмалы және Атамекен ауылдарына кіреберіс жолдардын  жөндеу

 


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы