• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. Чапаев ауылдық округі -1928 жылы құрылған.

 

2. Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының штаты :

1. Набиденов Нуртаза Нурхатович - әкім, 1963 жылы туған, білімі -жоғары

2. Каиров Кенжебек Ғалымұлы - әкімнің орынбасары, 1967 жылы туған, білімі-жоғары

3. Зейнуллин Биболат Бақытжанұлы - бас маман, 1975 жылы туған, білімі-жоғары

4. Серікбаев Армыт Серікбайұлы - бас маман, 1983 жылы туған, білімі-жоғары

5. Сагадиева Айзада Нығметқызы - бас маман, 1960 жылы туған, білімі-арнаулы орта

6. Ғалымжанов Жұмабек Серікқалиұлы - бас маман, 1987 жылы туған, білімі-жоғары

7. Кажгалиев Оразбай Жігербайұлы - бас маман, 1967 жылы туған, білімі-жоғары

8. Аймукашева Гүлшара Жұманқызы - жетекші маман, 1964 жылы туған, білімі-жоғары

9. Салихова Ляйля Ғалымқызы - жетекші маман, 1970 жылы туған, білімі-жоғары

 

3. Округ аумағы : 30359 га, облыс орталығы Орал қаласынан қашықтығы 125 км.

 

4. Округтегі халық, аула, мал басы саны 

Елді мекен атауы

Халық саны

Аула саны

Мал саны

Ірі-қара

Қой-ешкі

жылқы

түйе

Чапаев

9041

2238

1918

2501

362

7

Жайық

613

122

1795

3930

343

-

 

5. Білім беру саласы

а) Білім беру ұялары

р/с

Мектеп атауы

Басшысы

Оқушы саны

Мұғалімдер саны

Ыстық тамақпен қамту

Оқушыларды тасымалдау

1

Чапаев №1 ЖОББМ

Хасанова Дина Хасанқызы

638

89

483

13 /Мұнай базасы/                4 /Мұнай базасы

2

М.Әуезов ат. ЖОББМ

Қаденов Қайырғали Батыргерейұлы

602

61

362

8 /Мұнай базасы/, 12 /Жайық ауылы/

3

Абай ат. мектеп-гимназия

Оразова Светлана Қошанқызы

175

28

31

5 /Жайық ауылы/

4

Агротехникалық колледж

Қоспаев Бақытжан Қасенұлы

176

32

162

12 /Жайық ауылы/ 2/ Мұнай базасы

 

Жайық негізгі мектебі

Ерментаева Мерует Сатқанқызы

58

20

57

-

5

Саз мектебі

Хайрошқызы Ұмсындық

155

11

-

-

6

«Болашақ» БЖСМ

Жазықбаев Қанат Шарухияұлы

188

22

-

-

 

б) мектепке дейінгі тәрбие орындары

р/с

Балабақша атауы

меңгерушісі

Тәрбиеші саны

Тәрбиеленуші саны

Орналасуға кезекте тұрғаны

1

«Бөбек»

Кажгалиева Гүлжанат Жігербайқызы

14

140

368

2

«Ақбота»

Тлекбаева Айгуль Жексеновна

9

90

3

№1 ЖОББМ жанындағы шағын орталық

-

2

25

4

Жайық орталау мектеп жанындағы шағын орталық

-

2

35

 

6. Денсаулық сақтау саласы

Орталық аудандық аурухана бас дәрігері -Хайрушев Дархан Манарбекұлы, 1976 жылы  туған, білімі-жоғары

Жайық ауылдық фельдшерлік амбулаториялық пункт меңгерушісі - Уралова Орынбеке Темірханқызы, 1960 жылы туған, білімі-жоғары

 

7. Мәдениет саласы

«Мерей» мәдени демалыс орталығының директоры - Хабибуллин Ирлан Абайұлы, 1970 жылы туған, білімі-жоғары

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры - Мұсағалиева Роза Сакенқызы, 1966 жылы туған, білімі-жоғары

Кітапханада 36692 дана кітап қоры бар, оқырмандар саны - 3108 адам.

Орталық балалар кітапханасы - 18404 кітап қоры бар, оқырмандар саны-2207 адам.

Жайық ауылдық кітапхана меңгерушісі - Сагадиева Алия Кажмуратовна, 1984жылы туған, білімі-арнаулы орта

Кітапханада 12263 дана кітап қоры бар, оқырмандар саны - 380 адам.

 

8. Шағын кәсіпкерлік саласы

Ауылдық округте  428 кәсіпкер тіркелген, шаруа қожалықтар саны 24.

 

9. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек

Ашылған жұмыс орындары - 44.

Қоғамдық жұмысқа тартылғаны -101, кәсіптік оқытылғаны - 7.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 66 адам жастар тәжірибесінде жұмыспен қамтылды.

Кедей отбасы саны -25, 105 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушылар -25 отбасы, 105 адамға 3496,5 мың  теңге қаржы төленді.

Балалар жәрдемақысын алушылар - 249 отбасындағы 601 балаға 9226,1 мың теңге.

Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар - 39 отбасына 1 315 500 теңге қаржы төленді.

 

10. Ауылдық округ бойынша өзекті мәселелер

1) Ауылдың арық жүйесін жөндеу, су келмейтін көшелерге жеткізумен айналысу.

2) Ауылдағы бұралқы иттерді жою жұмыстарын жалғастыру.

3) Чапаев ауылының бас жоспарына сай тұрғын үй құрылысы мақсатына бекітілген 1450 жер теліміне коммуникация (газ, электр жарығы, су) тартуға жәрдемдесу.

4) Жайық ауылына таза су тарту жұмыстарын қарау.

5) Жайық ауылы мен аудан орталығын жалғайтын автокөлік жолын жөндеу, қысқы уақытта қатынасты бақылауда ұстау.


Чапаев ауылдық округі бойынша мәлімет

 

1. Білім саласы

2016  жылдың 1-тамыз - 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына  аз қамтылған, көп балалы, және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі мүгедек және т.б) жаңа оқу жылына дайындық мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Кәсіпкерлердің демеушіліктерімен  307700 мың теңге  көлемінде сумка, оқу құралдары, мектеп формасымен, 72 оқушыға көмек көрсетілді. «Мекепке жол» акциясы барлық БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарықтандырылды.

 

2. Мәдениет саласы

 Қыркүйек айында «Жұбан саябағының» ішіне Ілия  Жақановтың «Еділ мен Жайық» әніне бьюст орнатылды. Ашылу салатанатына ақының өзі келіп, аудан әкімі Ә.Жоламанов ат мінгізді.

 

3. Экономика саласы

Соңғы кездегі жанар-жағар май құны өсуіне байланысты бірінші тұтыну қажеттілік ететін азық-түлік бағаларының өсуін алдын-алу мақсатында Чапаев ауылының дүкендерінде баға қадағалау шаралары алынуда.


1. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық

Ағымдағы жылы Достық аймағындағы 3 үйге тұрғындардың кеілісімі бойынша модернизация бағдарламасы негізінде жаңартылды.

 

2. Мәдениет саласы

Тәуелсіздіктің  25 жылдық мерекесіне орай ˝Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы˝  мега жобасы аясында 24 шілдеде Чапаев ауылдық округі Тайпақ ауылдық округіне  мегажобасы эстафетасын табыстап бастаған болса, эстафета қортындысын Алмалы ауылдық округі 28 қазанда Чапаев ауылдық округіне табыстады.  

 

3. Спорт

«Құрбан айт» мерекесіне арналып орталық  алаңда «Қол күресінен», «Еркін күрестен», «Қой көтеру», «Асық атудан» спорттық шаралар оздырылды. 


1. Төтенше жағдай

20 тамыз күні Чапаев ауылдық округімен шектес Мерген округінің солтүстік бағытында өрт шығып, дала өрті орын алды. №24Чапаев  өртке қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен қатар жүзден астам тұрғындар да өрт сөндіруге шықты. Бұған Чапаев әкімшілігінің 15 қоғамдық қызметкеріде атсалысты. 

 

2. Әлеуметтік сала

«Құрбан айт» мереке күндері аз қамтылған отбасыларға ет таратылды. «Қайырымдылық айлық аясында» жалғазбасты қарияларға және аз қамтылған 12 отбасына  арзандатылған бағамен отын түсіріліп берілді.


Мал-жан аман ба?

Ең бастысы - қырсықтың алдын алу

Чапаев ауылдық округінде 2016 жылы бөтеннің мүлкін ұрлау, соның ішінде мал ұрлығы қылмысының алдын-алу жөнінде аудандық ІІБ қызметкерлерінің көмегімен, ақсақалдар кеңесімен бірлесіп біршама жұмыс атқарылды.

Чапаев бойынша 2016 жылы 6 мал ұрлығы тіркелді, соның бәрі ашылмауына байланысты, қылмыстық істер өндірісінен тоқтатылды.

Мал ұрлығы себептерінің бастысы - тұрғындардың түлікті қараусыз, бағусыз қалдыруы. Мал көбіне даладан жоғалып кетуі соны сөзсіз әйгілейді. Малдың қаралмауынан автокөлікке қағылып, сөйтіп, жол-көлік оқиғалары жиі орын алып келеді.

Осындай күрмеулерге байланысты Чапаев, Жайық ауылдарында мал бағымын ұйымдастыруға қатысты ұғындыру ісі үздіксіз жүргізіліп келеді. Ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін мал бағымын ұйымдастыру бүгінгі күннің басты мәселесінен түскен жоқ және бақылауға алынып отыр. Осы мақсатта 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ауылдық коопертивтер құру жұмыстары ұйымдастырылуда және тұрғындар арасында бұл жөнінде де түсінік жүргізілуде. Жайық ауылында «Жайық КАБ» кооперативі құрылып, басында 3 асыл тұқымды бұқа әкелінді. Түсінік жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар кооперативке мүше болып кіруде. Қазір кооперативте 221 бас аналық сиыр мен 6 асыл тұқымды бұқа бар. Төрағасы Замир Қапышев мал бағымын дұрыс ұйымдастырып, тұрғындар сеніміне ие болды. Биыл осы жақсы бастаманы Чапаев ауылында ұйымдастыру жүргізілуде.

Халыққа кооперативтің пайдалы жақтары және мал ұрлығы мен тас жолда малдың көлікке соғылу фактілері азаятыны түсіндіріліп келеді. Кооператив құрылған немесе мал бағымы көктемде ұйымдастырылған жағдайда Чапаев ауылының екі тұрғыны мал бағуға ниет білдіріп отыр. Мал иелерінің әрқайсының үйлеріне барып, кооперативке кіру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 186 аула кооперативке кіруге қарсы емесін білдірді, оларда 438 мүйізді ірі қара малы бар екені анықталды, соның 318-і - аналық мал. Мал бағымы ұйымдастырылған жағдайда, Қарасай, Мұнай базасы, Ленин, Республика көшелерінің аяқ жағы бағытында жайылысқа шығарылады деп күтілуде.

Тағы бір айта кететін жайт, ұрлықпен күресті тек полиция қызметкерлеріне жүктеп қоятын психологиядан арылып, ауыл ақсақалдарымен және шаруа қожалықтары жетекшілерімен де ақылдасып жүргізген абзал. Бақташыларды мінгі атпен қамтуға байланысты тапсырма бар.

Көктем айында тұрғындардың көбі малын шаруа қожалықтарына апарады. Сол кезде түлікті сырғалап, ветеринарлық шараларды жүргізулері міндетті. Бұл жұмыстар нәтижелі жүргізілсе, мал ұрлығын анықтау кезінде жедел-іздестіру шараларын жемісті жүргізуге және қылмыстың ізі суымай ашылуына көп септігін тигізеді. Тұрғындар өздерінің малын саттыққа шығару үшін әкімшілікке келіп, ветеринарлық анықтама алу кезінде бірдейлендіру дерек қорында оның атындағы малдың бар-жоғы тексеріледі. Тіркеуде жоқ малға анықтама берілмейді.

Малды сырғалап, тиісті шараларды қатаң сақтап жүру жөнінде түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр, учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, мал ұрлығы мен жоғалуының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында GPS треккер (чипси) сатып алудың тиімділігі насихатталуда. Түлікке таңылатын бұл құрал малдың қай тұста, қандай қашықтықта жүргенінен үйдегі электрондық құралдар арқылы хабар алып отыруға мүмкіндік береді. Бұған қожалық жетекшілері қызығушылық танытуда. Осы кәсіппен шұғылдану үшін жеке кәсіпкер болып тіркелген Чапаев ауылының тұрғыны Әлия Дүйсенбаева айналысуда, онымен тығыз байланысымыз бар. Аудан әкімінің 2016 жылғы 3 қазандағы шешімімен, мал ұрлауға қарсы іс-қимыл жол картасын жүзеге асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары бақылауға алынып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары орындалуда.

Нұртаза НӘБИДЕНОВ,

Чапаев ауылдық округінің әкімі.

 


 

 


Ауа райы