• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Қабыршақты ауылдық округі - 1956 жылы құрылған.

 

2.Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппараты штаты:

1. Бимаганбетов Саясат Сабырович - әкім, 1972 жылы туған, білімі -жоғары

2. Садыков Нариман Мендешулы - бас маман, 1985 жылы туған, білімі - арнаулы орта

3. Кусаинова Балжан Доскалиевна - жетекші маман, 1962 жылы туған, білімі-арнаулы орта

4. Кабжанова Нурайна  - жетекші маман, 1990 жылы туған, білімі- жоғары

 

3.Округ аумағы  117, 5  мың га.

Қашықтығы: облыс орталығынан -170, аудан орталығынан - 45 км.

 

4. Округтегі  халық, аула, мал  басы саны

Елді мекен атауы

Халық саны

Аула саны

Мал саны

Ірі-қара

Қой-ешкі

жылқы

түйе

Қабыршақты

1062

235

4292

7493

337

-

 

5.Білім беру саласы

Мектеп

атауы

Басшысы

Оқушы саны

Мұғалімдер саны

Ыстық тамақпен қамту

Бітік  орта жалпы білім беретін  мектеп-балабақшасы

Тұяқов Қуаныш Айдынғалиұлы

211

34

142

 

Тәрбиеші саны

Бала саны

Орналасуға кезекте тұрған бала

4

37

-

 

6.Денсаулық сақтау саласы

Первомай ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушісі -  Баядылова Сауле.

 

7.Мәдениет саласы

Округте 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 1кітапхана  халыққа қызмет етеді.

Мәдениет үйінің меңгерушісі- Хасанова Фарида  Казиуллиевна

Кітапханалар

Кітап қоры

Оқырмандар саны

1

Первомай ауылдық кітапхана

14,4 мың

702

 

8.Ауыл шаруашылығы  саласы

Округтегі 20  шаруа қожалықтың   18-і  мал өсірумен, 2-уі бау-бақша егумен  айналысады.

 

9.Шағын кәсіпкерлік саласы

Ауылда  4  дүкен, 1 дүнгершек жұмыс істейді.

 

10. Халықты  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  көмек

- Ашылған жұмыс орындары - 7,  әлеуметтік  жұмыс  орындары  - 3

- Қоғамдық жұмысқа тартылғаны - 19   адам,  кәсіптік оқытылғаны - 3

- Кедей    отбасы саны - 3 отбасы, 13 адам,   атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 3 отбасы, 13  адам

- Балалар жәрдемақысын алушылар -51  отбасы, 141  бала

 

11. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы  бойынша құрылатын несиелік серіктестіктер

Өтініш берген адам саны

Құрылатын несиелік серіктестіктер

ХҚКО-нда тіркелуге құжат тапсырған серіктестік саны

Оның ішінде адам саны

10

3

3

9

 

12. Қоғамдық  тәртіп

Қылмыстар саны

Соның ішінде  ұрлық

Қоғамдық орында мас жүргендер

2014

2015

2014

2015

8

6

8

6

 15

 

13. Ауылдық округ  бойынша  өзекті мәселелер

-  Тұрғын үйлерге су кіргізу

-  Мәдениет үйінің айналасын қоршау 

- Әкімшілік ғимаратының шатырын ауыстыру

 - Қазақ зиратын қоршау


 

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Қабыршақты

ауылдық округі Қабыршақты ауылы

аумағында шектеу іс-шараларын

тоқтату туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 46 ұсынысы негізінде Қабыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 шілдегі № 9 «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі Первомай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3946 тіркелген, 2015 жылғы 13 шілде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)  шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

3. Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Садыков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қабыршақты ауылдық округі әкімі                          С.Бимаганбетов


ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЖАҢА ҚОҒАМ

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - деп дөп басып айтқан. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Еліміздің заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Бүгін бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Соған қатысты біздің Қабыршақты ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары бекітіліп, уақтылы дөңгелек үстелдер, семинарлар, құқықтық оқулар үнемі жоспарға сай ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аппарат қызметкерлері, мекеме, ұйым басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, еңбек ардагерлері өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңы туралы дөңгелек үстел өткізілді. Шарада еңбек ардагері Каримолла Жұмағазиев қазіргі қоғамда жемқорлық, парақорлық тиылмай заманның түзелуі қиын екенін айтып өтсе, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ильяс Тоққалиев өз сөзінде өзінің ауыл тұрғындарын жұмысқа қабылдауда немесе әлеуметтік жәрдемақы тағайындауда ешқандай сыбайластыққа жол берілмей жатқандығын алға тартты.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай ауыл тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына енгізілген өзгерістер туралы құқықтық оқу ұйымдастырылуымен қатар, «Жемқорлықпен күресте оның алдын-алу маңызды» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің биығы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» - деп баса көрсетті.

Енді мемлекетіміздің, қоғамның әр мүшесі ретінде біз де ел дамуына кеселдік келтіретін жемқорлықтан айығуды басты назарда ұстап, адалдықтың ақ жолынан таймауды мақсат тұтуымыз керек деп білемін.

 

Қабыршақты ауылдық округі әкімі Саясат Бимағанбетов


 

 


Ауа райы