• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің 2018-2020 жылдар аралығындағы даму жоспары (doc, 71 Kb)


1. Жаңабұлақ ауылдық округінің тарихы:

Жаңабұлақ ауылының іргесі 1737 (шамамен) жылы салынған. Атырау-Орал тас жолының  бойында 4 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қазіргі таңда Кожехар ауылы Жаңабұлақ ауылы деп аталады, халқының саны 1171 адам. Бұрыңғы кезде Каре деген қалмақ тері өңдеп, кәсіп еткен. Сол себептен ауылды Кожекаре, кейін Кожехарово деп атаған. Кеңес Үкіметі орнағаннан кейін 1928 «Родник Новый» колхозы құрылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Жаңабұлақ ауылы болып өзгертілді.

 

2. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының штаты:

1. Құсаинов Ермек Жахимұлы – Жаңабұлақ ауылдық округінің әкім, 1962 жылы дүниеге келген, білімі - жоғары

2. Төлегенов Айбат Алматұлы – Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1993 жылы дүниеге келген, білімі - жоғары

3. Калелова Самал Самиғоллақызы  -  Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (есепші), 1986 жылы дүниеге келген, білімі - жоғары

4. Крикпаев Ринат Ирханұлы - Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 1993 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары

 

3. Округтегі халық, аула, мал басы саны

р/с Елді мекен атауы Халық саны Аула саны Мал басы
Ірі қара Қой- ешкі Жылқы Түйе
1 Жаңабұлақ 1094 286 5491 31366 2153 4
  Барлығы 1094 286 5491 31366 2153 4

 

4. Білім беру саласы

р/с Мектеп атауы Басшысы Оқушы саны Мұғалім-дер саны Ыстық тамақпен қамтылу Шағын орталық Кезекте тұр-ған бала саны
1 Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі   165 38 118 50 -
  Барлығы   165 38 118 50 -

 

5. Денсаулық сақтау саласы

Жаңабұлақ ауылдық фельдшерлік - акушерлік пунктінің фельдшері Баядылова Сәуле Нұрланқызы

 

6. Мәдениет саласы

Мәдениет үйінің меңгерушісі – Сүндетов Манарбек Қайырбекұлы

 

7. Ауыл шаруашылық саласы

2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі мен 69 шаруа қожалығының  барлығы  мал  өсірумен айналысады.

 

8. Халықты  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  көмек

- Ашылған жұмыс орындары - 20әлеуметтік жұмыс орындары - 12

- Қоғамдық жұмысқа тартылғаны - 34 адам, кәсіптік оқытылғаны - 16

- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 14 отбасы, 69 бала

 

9. Округ бойынша өзекті мәселелер:

1. Орал-Атырау тас жолының Жаңабұлақ ауылына дейіңгі 3 км 700 метр жерге асфальт тарту.

2. Жаңабұлақ ОЖББ мектебінің төбесін, терезесін ауыстыру, спорт залдың қабырғалары жарылуына байланысты күрделі жөндеу жүргізу және сан узел салу.

3. Жас мамандарды тұрақтату мақсатында қызметтік тұрғын үй салу.         

4. Жеке тұрғындардың малын жаюға жер тапшылығы.

5. Жаңабұлақ ауылына қосымша 1 трансформатор қондыру.


«Қарлығаштағы» қуаныш


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы