• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

2018 жылға Ақжайық ауданы бойынша бекітілген бюджет (xls, 89 Kb)


Азаматтық бюджет - Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады.

Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің мемлекеттік мекемелерге қатысты ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден кезекті қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңның (жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жоятын болады.

4. Республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

 

Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар

Мыналар:

1) осы Кодекс;

2) республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі;

3) кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі;

4) республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің республикалық немесе жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында қабылдайтын шешімдері;

6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;

6-1) бюджеттік бағдарламалар;

7) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;

8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары;

9) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары;

10) осы Кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы