• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі. 

Аудан аумағындағы алғашқы ауыл шаруашылық құрылымдар өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында пайда болған. 1962 жылы Чапаев аумақтық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру басқармасы, 1965 жылы Чапаев аудандық өндірістік басқармасы, ал 1969 жылы аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы құрылады. 1998 жылы маусымның аяғында бөлім дербес «Ақжайық аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» болып қайта құрылады.

2005 жылдың қаңтарынан бастап мекеме аудандық ауыл шаруашылығы және жерқатынастары бөлімі болып өзгертілді. 2006 жылдың қаңтарында бөлім ауыл шаруашылығы бөлімі болып қайта құрылды. 2011 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қыркүйегінедейін 3 бөлімнің бірігуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі болып құрылды. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қайта құрылып аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі болып келеді. Бөлімді 2008 жылдың қарашасынан бері Сердалин Мұрат Амангелдіұлы бас қарып келеді.

 

2. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің штаты:

1. Сердалин Мұрат Амангелдіұлы - Басшы. 1975 жылытуған, білімі - жоғары.

2. Майранбаева Әлия Сәлімгерейқызы – Қаржы экономикалық жұмыстары жөніндегі бас маман. 1976жылытуған. Біліміжоғары.

3. Шакилов Нұрлыбек Дүйсенғалиұлы - Инженерлік – техникалық инфро құрылым жөніндегі бас маман, 1969 жылытуған.  Білімі жоғары.

4. Усахова Дана Ғалымжанқызы - Мал асылдандыруісіжөніндегі бас маман. 1987 жылытуған. Білімі жоғары.

5. Мурзагалиева Айгүл Нұрланқызы - Статист, 1990 жылытуған, Білімі жоғары.

6. Ашабаева Даурия Қабашқызы – Қабылдау бөлімінің хатшысы. 1960 жылытуған. Білімі орта.

7. Абаканов Олжас – Маман, 1992 жылы туған. Білімі жоғары.

 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мәлімет

Мал шаруашылығы

Мал басы. 2017 жылдың 1-ші қарашадағы статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда  80 мың 731  бас мүйізді ірі қара, 238 мың 376 бас ұсақ мал, 31 мың 622 бас жылқы, 203 бас түйе тіркеліп отыр. Тиісінше 2016 жылдың 1-ші қарашасымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 8,2 %, жылқы 14,8  % өссе, ұсақ мал 0,5 %, түйе 6,9 % азайып отыр. Аналық малдан  25776 бас бұзау, 114211 бас қозы-лақ, 8125 бас құлын  алынып, 2016 жылдың 1- қараша көрсеткіштерімен салыстырғанда: бұзау- 10,8 %, қозы және лақ – 5,7 %, құлын –10,5 % көбейіп отыр.

Ағымдағы жылдың  10 айының қорытындысы бойынша ет өндіру 3,7 пайызға  өсіп отыр. 2016 жылдың 1-ші қарашасына мүйізді ірі қараның 55,5 %, ұсақ малдың 50,9 %, жылқының 72,3 %  а/ш құрылымдарда шоғырланған болса, 2017 жылдың 1-ші қарашасына мүйізді ірі қараның 60 %, ұсақ малдың 50,2 %, жылқының 72,3 %  а/ш құрылымдарда шоғырланып отыр.

Малды асылдандыру. Ауданда 2014 жылы мүйізді ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын өсіретін  5 шаруашылық  болса,  2017 жылдың 1 қарашасына олардын саны30 жетіп 6 есе өсіп отыр. Көшім жылқысын өсіретін 4 асыл тұқымды шаруашылық қатарына  2015 жылы қазақтын жабы тұқымын өсіретін  «Ернұр-Ж» ш/қ, 2017 жылы  көшім жылқысын өсіретін «Аманер» ш/қ қосылып ұзын саны 6-ға жетті. 2015 жылы «Сабит» ш/қ Ақжайық етті-жүнді қой тұқымын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алса, 2016 жылы  Бударин а/о «Еділбай» ш/қ 1015 бас қой малына тиісті палатамен асыл тұқымды Еділбай тұқымы мәртебесі берілді.

Ауданның а/ш құрылымдары  2016 жылы асыл тұқымды 642 бас МІҚ (310 бас қашар, 332 бас бұқа) сатып алса, 2017 жылдың 24-қарашасына асыл тұқымды 1130 бас МІҚ ( 721 бас қашар, 409 бас бұқа)  сатып алынды. 2016 жылы 28 бас асыл тұқымды жылқы, 193 бас асыл тұқымды қошқар сатылып алынса, ағымдағы жылдың 24-ші қарашасына 73 бас    ( 30 бас айғыр, 43 бас бие) жылқы және  453 бас ( 100 саулық, 353 қошқар) сатылып алынды. 2016 жылы тұқымдық түрлендіру аясында селекциялық және асылдандыру  жұмыстарына ауданның 211 ш/қ және 21 ауылшаруашылығы өндірістік  кооперативі (АӨК) 15658 бас аналықпен қатысса, биылғы жылдың 10айдың қорытындысы бойыншаауданның  248 ауылшаруашылығы құрылымы  базалық нормативі бойынша 16113 бас аналықпен қатынасып отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 455 басқа, немесе 2,9 пайызға көбейіп отыр. Биыл еңгізілген төлдеген аналыққа берілетін қосымша норматив бойынша 236 а/ш құрылым 11828 басқа өтініш тапсырды.

Сонымен қатар, қойдың аналық малына селекциялық және асылдандыру  жұмыстарына 2016 жылы 17 ш/қ  10569 бас қатысқан болса, биылғы жылдың 24-ші қарашасына 25 ш/қ 12087 (14% артық) бас аналықпен қатысуда, қосымша 1 ш/қ 327 бас аналыққа құжаттарын жинақтауда.

Ауданның а/ш құрылымдары 2016 ж 497  млн 300 мың теңге көмек қаржы алса, ағымдағы жылы 559 млн теңге көмек қаржы алады деп күтілуде.    ( 24-ші қарашаға игерілгені 516 млн теңге.)

Сонымен қатар, 2014 жылы еңгізілген қолдаудың жаңа түрі инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы көптеген а/ш техникасы жаңартылды. Осы бағдарлама бойыншаға  2016 жылы 60 ш/қ және 1 ЖШС ( Батыс МаркаЛамб) қатысып 514 млн 493 мың теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қол жеткізсе (с.і. БМЛ 390 млн. 810 мың теңге), ағымдағы жылдың 15-ші қарашасына 29 ш/қожалыққа 77 млн 656 мың теңге инвестицияық субсидия төленді.

АӨК.  2016 жылы аудан бойынша 21 АӨК жұмыс жасаған болса, ағымдағы жылдың 10 айында олардың саны  42 –ка жетіп отыр, с.і. 16-і мал бордақылауымен, 24-і түкімдік түрлендірумен, 2-і сүт өңдірумен айналысуда.

«Сыбаға»несие бағдарламасы арқылы ағымдағы жылдың 10 айында 7 шаруа қожалығы 153 млн 480 мың теңге несие алып,  12 бас асыл тұқымды бұқа және 503 бас аналық малын сатып алды, немесе тапсырма 97,1 пайызға орындалды. (Тапсырма -518 бас)

«Құлан» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 3 шаруа қожалығы 95 млн теңге несие алып, 6 бас асыл тұқымды айғыр және 278 бас бие сатып алды, немесе тапсырма 176 пайызға орындалды. (Тапсырма -158 бас)

Сонымен қатар, биылғы жылы аудандық «Ақжайық-Агро» несие серіктестігі арқылы «Қанат», «Іскер» жаңа несиелендіру бағдарламалары іске қосылуда. Күні бүгінге «Қанат» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы 30 млн 314 мың теңге, «Іскер» бағдарламасы бойынша 7 ш/қ 36 млн 500 мын, «Бірлік» бойнша 2 ш/қ 32 млн 320 мың теңге, барлығы 90 млн 246 мың теңге несие алды. Қосымша 1 шаруа қожалығы 5 млн  теңге несие алуға құжат тапсырып отыр. Барлығы 20.11.2017 алынған несие көлемі  347 млн 614 мың теңге.

 

А/ш техникаларын жаңарту.

2016 жылдың 10 айында лизингке - 21 дана ауылшаруашылық техникасы, соның ішінде 7  дана МТЗ тракторы, 7 дана пресс-подборщик, 2 дана КУН, 4 дана шалғы  және 1 дана  шөп тырнауыш сатылып алынған болса, биылғы жылдың 10 айында29 дана, соның ішінде 11дана МТЗ тракторы, 7 дана пресс-подборщик, 6 дана КУН, 4 дана шалғы және 1 дана жатка сатылып алынды.

Барлығы 2012-2016 ж.ж. аралығында ауданның а/ш құрылымдары 414 дана а/ш техникасын сатып алса, соның 155 данасы МТЗ тракторы (91-і лизингке) және 109 дана шөп тайлауыш.

 

Өсімдік  шаруашылығы.

 2016 жылы картоп, көкөніс және бақша дақылдары 1008 гектарға егілсе (картоп-168 га, көкөніс- 270 га, бақша – 570 га), биыл 840 гектарға (картоп-120 га, көкөніс- 200 га, бақша – 520 га) егіліп отыр (меморандумға сәйкес азайды).  2016 жылы Алмалы а/о қарасты «Балауса» ш/қ – 15 га, «Б-Абылай» ш/қ – 12 га жерге тамшылатып суару әдісін қолданып көкініс-бақша дақылдарын өсірген болса, ағымдағы жылы «Балауса» ш/қ – 24 га, «Б-Абылай» ш/қ – 12 га жерге егіс көлемін ұлғайты. Сонымен қатар, Алмалы ауылдық округінде «МұнайКонтакт» ЖШС-і  9 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып алма бағын отырғызды.

Ауданда мал азығы қорының сапасын жақсарту мақсатында екпелі шөптер егу қолға алынуда. Биылғы жылы осы мақсатта Бударин ауылдық округіне қарасты «Атамұра» шаруа қожалығы 16 гектар жерге жүгері өсіріп, 600 тн силос бастырылды. Биылғы жылы аудан бойынша 7 ш/қ 26,5 т арзандатылған тыңайтқыштар сатып алды, соның ішінде 18 т аммиак селитрасы және 8,5 т аммофос.

 

Су шаруашылығы.

Ауданда су шаруашылығы нысандарын түгілдеп құжаттарын жасақтау жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы облыс бюджетінен 52 млн. теңге қаржы бөлініп аудан аумағында орналасқан Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесіне кіретін коммуналдық меншікте тұрған 5 суландыру каналының және 23 қолтабанның құжаттары толығымен жасақталса, 3 (Қашкен, Ащы-Азнабай –Тайпақ, Азнабай-Тайпақ) суландыру каналының және 1 көлтабанның (№ 53 лиман) мемлекеттік жер актілері мен жерге орналастыру жобалары дайындалды. 2017 жылы облыстық бюджеттен  37 553 000теңге қаражат бөлініп  4 (Қашкен, Ащы-Азнабай –Тайпақ, Азнабай-Тайпақ, Тоғыз) суландыру каналының, 1 көлтабанның (№ 53 лиман)  техникалық паспорттарын, сонымен қатар Солянка өзеніндегі Ақжайық су қоймасының техникалық құжатын, Аяқ су қоймасы және Қос-Жүген суландыру каналының құжаттарын (мемлекеттік жер актісі, жерге орналастыру жобасы және техникалық паспорты) жасақтау жұмыстары толығымен аяқталды. Күні бүгінге аудандағы 24 қолтабанның, 11 суландыру каналының және 2 су қоймасының құжаттары толығымен рәсімделді.

 


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2014 жылдың 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидасының» 14 - ші тармағына сәйкес ауданның ауылшаруашылық құрылымдарынан  асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидия алуға тиісті негіздердің туындауына қарай Ақжайық ауданы ауылшаруашылығы бөлімі 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы  хабарлайды. 

Толық мәліметті Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69 мекен жайы бойынша орналасқан «Ақжайық ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (71136) 92519, 92062.

 


«Ақжайық ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ

Хабарлама

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрілігінің  2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер  енгізілуіне байланысты, Ақжайық ауданының ауылшаруашылығы бөлімі, ауылшаруашылығы тауар өндірішілердің   өтінімдерін  субсидияланатын басым ауылшаруашылығы дақылдарының әрбір түрлері бойынша 16 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін қабылдайтынын хабарлайды.

Өтінімдерді  қабылдайты норын: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69  мекен жайында орналасқан Ақжайық ауданының ауылшаруашылығы бөлімі. Байланыс телефоны: 8 - 711 - 36 -92-0-62.

 


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2014 жылдың 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидасының» 14 - ші тармағына сәйкес ауданның ауылшаруашылық құрылымдарынан  асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидия алуға тиісті негіздердің туындауына қара йАқжайық ауданы ауылшаруашылығы бөлімі 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы  хабарлайды.

Толық мәліметті Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі 69 мекенжайы бойынша орналасқан «Ақжайық ауданы ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 (71136) 92519.


 

 


Ауа райы