• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 272 қаулысымен «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітіліп 2014 жылғы 4 тамыздағы «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін, әрқайсысын бөліп шығару жолымен қайта құры туралы № 328 қаулысы негізінде кәсіпкерлік бөлімі құрылды.

 

Ваканттық- бөлім басшысы

Жолдигалиев Жалел Кахимович- бас маман

Нургалиева Фарида Данияровна- статистик

 

Кәсіпкерлік

Еліміздің экономикасы мен мемлекеттілігін дамыту, қазақстандықтардың өмір сүру саласын арттыру мақсатында Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халқына Жолдауында; бес негізгі басымдылық көріп отырмын, олар экономиканың әлемдік өсімінің орта денгейден жоғарғы қарқының қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілуге лайықталған деп атап көрсетті. Осы жолдаудағы екінші басымдылық– бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кенейту болып табылады.

Бизнесті белсенді мемлекеттік қолдау шаралары ауданымызда кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізіп келеді деп айтуға болады.

Кәсіпкерлік саласын дамыту- жұмыс орындарын ашып, бюджеттік қаржыларды толықтырудың тұрақты көзі болып қана қоймай, экономиканың одан әрі өсуінің нақты факторына, сонымен қатар, халықты жұмыспен қамтамасыз етудің және әл-ауқатын жақсартудың негізіне айналып отыр.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде аудан бойынша әлеуметтік- экономикалық даму өзінің оң серпінін сақтап отыр.

Тұтас алғанда аудан бойынша 2017 жылдың 01 қарашасына барлық субъектілердің саны-1742 құрап 1,2% -өсті (2016 жылдың осындай кезеңінде -1722). Осы ретте ашылған субъектілер саны- 212, жабылған-192. Соның ішінде жұмыс істейтіндер саны-1459 құрап 4,0% өсті (2016 жылдың осындай кезеңінде -1403).

-заңды тұлғалар-153 (2016 жылдың осындай кезеңінде -129) соның ішінде жұмыс істейтіндер- 140 (2016 жылдың осындай кезеңінде -119).

-жеке кәсіпкерлер- 781 (2016 жылдың осындай кезеңінде -844) соның ішінде жұмыс істейтіндер- 541 (2016 жылдың осындай кезеңінде -532).

-шаруа қожалықтар- 804 (2016 жылдың осындай кезеңінде -750) соның ішінде жұмыс істейтіндер- 790 (2016 жылдың осындай кезеңінде -730) құрап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылар саны ағымдағы жылдың 01 қарашасына 3142 құрап (2016 жылдың осындай кезеңінде -2924) 7,5% ұлғайды. Осы ретте заңды тұлғалар 393, жеке кәсіпкерлер-992, шаруа қожалықтар- 1757.

2017 жылдың 01 қараша айына барлық субъектілердің өндірілген көлемі 5 млрд 175,7 млн теңге құрады.

Күні бүгін аудан бойынша 31 шағын цехтар жұмыс жасайды. 2017 жылғы 01 қарашасына жұмысшылар саны- 70, өндірілген өнім- 88,6 млн теңге құрады.

Ақжайық ауданы бойынша жылдын басынан несие алушылар саны-124, несие мөлшері- 1078,8 мың теңгені құрап отыр.

 

саны

2017 ж. 01.11

саны

2016 ж. 01.11

«Бизнес жол картасы 2020»

3

368,7 млн

3

39,0 млн

«Береке» және «Халықты жұмыспен қамту», («Даму-Өндіріс»)

100

362,5 млн

1

150,0 млн

Ауылшаруашылығы бағдарламалары

21

347,6 млн

24

317,2 млн

Барлығы

124

1 078,8

28

506 280,0

 


Жемқорлыққа жол жоқ


«Атамекеннің» бизнесті дамытудағы 10 қадамы

рисунокҮстіміздегі жылдың қыркүйегінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Басты міндеттердің бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету белгіленген. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті дамытуға арналған 10 басым қадамды айқындады.

1-қадам. Шағын несиелеу - шағын және орта бизнес үшін ең жылдам және тиімді құрал

Қазіргі таңда бизнеске шағын несиелер «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламалары аясында және «ҚазАгро» холдингі арқылы бойынша беріледі. Бұл бағдарламалардың тиімді қаржыландыру жағдайларына қарамастан, кәсіпкерлер кепілдікті қамтамасыз ету, қажетті құжаттардың көп болуы және жобаға қолдау көрсетудің жоқтығы сынды мәселерге кезігеді. Мысалы, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алу үшін бас-аяғы 13 құжат өткізуі керек.

Шағын несиелеу нарығындағы жағдайды талдау жұмыстары көрсеткендей, бір жағынан, ауылдық жерлердің аз қамтылуы себепті, екінші жағынан, өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін жоғары пайыздық көрсеткіштерге байланысты (жылдық орташа есеппен 40%) шағын несие алу мүмкін болмай отыр. Сол себепті, осы жылдың басында «Атамекен» ҰКП жеке инвестицияларды тарту  және жергілікті бюджет қаражатының есебінен бес пилотты облыс бойынша шағын несиелеуге кірісті. Олар: Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

«Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған шағын несиелеу тәсілдерінің артықшылығы кепілдік беру бойынша икемділік, кепілдікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді оқытудан бастап оларды жүзеге асыруға дейін бизнес-жобаларды қолдау, кооперация мүмкіндіктері және тікелей сату болып табылады. Шағын несиелер 15 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық мөлшері 6%, салалық шектеулерсіз 5 жылға беріледі. Сондай-ақ шағын несиені алу үшін кәсіпкер бар-жоғы 5-6 құжат тапсыруға міндетті. Шағын несиелеу қызметнің кең ауқымды болуы ҰКП инфрақұрылымының дамуын, оның ішінде аудандық деңгейде, қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда 5 пилоттық облыстың шағын несиелеу ұйымдарына 1 942 млн теңге көлемінде 365 өтініш келіп түскен. Қазірдің өзінде 852 млн теңге көлемінде 185 жоба қаржыландырылды. Бірінші қадам аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шағын несиелеу тәжірибесін барлық бағдарламалар бойынша қолдану ұсынылады. Ал Ұлттық палата барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша шағын несиелеудің қызмет көрсету бөлімінің бірыңғай операторы бола алады.

2-қадам. Жаппай кәсіпкерлікке оқыту

Қазіргі қолданыстағы бизнес негіздерін оқыту амалдары тиімді емес. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметінің қолдауымен  халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды жүзеге асыру, әлеуметтік қысымды азайту, сондай-ақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту аясында, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Bastau Бизнес» және «Bastau Кәсіп» атты екі пилоттық жобаны аяқтады. «Атамекен Бизнес Академиясы» онлайн-оқыту жобасы жүзеге асырылу үстінде. Сондай-ақ, бизнес-жаттықтырушыларды дайындау үшін әдістемелік орталық құрылады.

Жобалардың тиімділігін, икемділігі мен оқушылардың сұранысына сай бейімделуін, сондай-ақ бизнес-жобаларды қолдау құралдарының болуын ескере отырып, оның ауқымын еліміздің барлық өңірлері бойынша кеңейту ұсынылып отыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының барлық оқыту бағдарламалары шағын несиелеу жүйесімен байланысты болатынын атап өткен жөн.

Оқыту қорытындысы бойынша бизнесті бастауға арнайы шағын-индустриалды аумақтар мүмкіндік жасай алады. Оның аясында бір сала бойынша (мысал үшін, барлық тігін кәсіпорындары) жасақталған шағын және орта бизнес кәсіпорындары енгізіледі. Бұл жобаның жалпы атауы - «Шеберлер қаласы». Шағын индустриалды аумақтарда 1-2 га көлеміндегі жерге 20-дан 60-қа дейінгі компаниялар орналастырылады. Польша, Түркия сынды елдердің тәжірибесі қажетті базалық инфрақұрылымдары бар осындай бизнес-инкубаторлардың шағын өндірістік кәсіпорындар мен бизнесін енді бастаған өндірушілер үшін қолдаудың негізгі нысанына айналғанын көрсетіп отыр. Мұндай құралдар оларға бастапқы кезеңде қалыптасуға және өсуге көмектеседі.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздің барлық өңірлерінде дайын жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен өнеркәсіптік бағыттағы құрылыстар түрінде шағын индустриалды аумақтар құру ұсынылып отыр. Ол жерде жалға алу шарттары бойынша шағын өндірістік кәсіпорындар орналастырылады.

3-қадам. Ауыл шаруашылығы кооперациясының басымдылығы

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын тежеп отырған мәселелердің бірі көбінесе өндірісте кездесетін шағын тауарлар сипаты болып табылады. Аталған мәселені шешу үшін 2015 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы қабылданды. Сондай-ақ 10 пилотты кооператив құру бойынша ҰКП мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) бірлескен жоспары жүзеге асырылып жатыр. Және де Ұлттық палатада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «200 ауыл шаруашылығы кооперативі» атты бағдарлама жасалып жатыр. Бүгінгі таңда 7 мыңға жуық шаруа/фермерлік қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіретін 283-тен астам ауыл шаруашылығы кооперативіне қолдау білдірілді.

Оған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріккеннен кейін арзан ақшаға қолжетімділіктің болмауы сынды мәселелерге ұшырасады. Қаражатқа қолжетімділік мәселесін шешу үшін кооперативтерге бірікен  қосалқы шаруашылықтарды шағын несиемен қамту басымдылықтарын анықтау, сондай-ақ, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ институттары арқылы жеңілдікпен несилеудің жаңа өнімін енгізу ұсынылды.

Өнімнің белгіленген бағасын анықтау сараптамасы, тікелей сату жүйесінің жоқтығынан бағасы 20-40%-ға қымбаттап жатқындығын көрсетіп отыр. Сол себепті, желілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері арасында  сауданы дамыту үшін үшсатылы  тәсілді пайдалану ұсынылып отыр. Біріншіден, фермерлердің кооперативтерге бірігуі. Екіншіден, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға жататын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, орау, сақтау, тасымалдау және сату үшін пилоттық Көтерме-тарату орталығының тұжырымдамасын жүзеге асыру. Үшіншіден, көрші мемлекеттердің ұқсас желілеріне ықпалдаса отырып, өнімдерді аймақтар арасында және сыртқы өткізу нарығына экспортқа бөлу үшін Көтерме-тарату орталығының тиімді желісін қалыптастыру.

4-қадам. Жергілікті қамту - өзекті мәселе

Қалыптасқан экономикалық жағдайда отандық тауар түрлеріне сұранысты ынталандыру маңызды. Аталған жағдай бойынша маңызды орынға мемлекеттік сатып алулар, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын пайдаланушылар бойынша сатып алулар аясында күнделікті және жиі сұранысқа түсетін тауарлар ие болады. Күнделікті сұранысқа ие тауарлардың (киім, аяқ киім, азы-түлік, жиһаз) жылдық мөлшері 1,9 трлн теңгені құрайды. Сонымен қатар, отандық тауар түрлеріне сұраныс орта есеппен 30%-дан аспай отыр. Сол себепті, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тиісті шараларды қолдану керек. Ол үшін жергілікті қамту үлесін мемлекеттік қолдаулар көрсету мен ұзақмерзімді келісімшарт жасау арқылы арттырған жөн.

Отандық тауар түрлерін ынталандырудың маңызды механизмдерінің бірі мемлекеттік сатып алулар жүйесін орталықтандыру болып табылады. Мысалы, АҚШ-та АҚШ мемлекеттік тапсырыс беру кеңсесі (Келісімшарт кеңсесі) бар. Ол жерде барлық сатып алулар ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімшарттар бойынша жүргізіледі. АҚШ Үкіметі тауар өндірушілермен бірге барлық процесті жүзеге асырады. Сонымен қатар,тауарлар мен қызметтерге арналған  мемлекеттік келісімшарт, несие беру мақсатында, кепілдік құжат ретінде америкалық коммерциялық банктермен жүзеге асырылады. ҰКП «NADLоC» жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агентігі» АҚ базасында, АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сенімді басқаруымен, мемлекеттік тапсырыс берудің орталықтандырылған кеңсесін құру ұсынылады. Мемлекеттік қолдаулардың кешенді шараларын алу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру үшін кәсіпкерлерді іріктеу түсінікті және нақты талаптар негізінде жүргізілуі тиіс. Оларға  индустриалды сертификат пен кәсіпорынның болашағы жоспарланған стратегиялардың болуы және 2-5 жылдың ішінде экспортқа шығару үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жатады.

5-қадам. Шағын және орта бизнес - экономика өсімінің негізгі күші

Мемлекеттің экономикалық дамуының  бәсеңдеуі, бізді  дамуға жетелейтін жаңа күштерді іздеуге итермелейді. Егер ондаған жылдар бойы ел экономикасы ірі компанияларға тәуелді болып келсе, бүгінгі күні біз ол жағдайды өзгертіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуымыз керек. Әсіресе, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға назар аударғанымыз жөн. Олар өз кезегінде тауарларын Қытай, Ресей, Иран сынды елдердің үлкен нарығына шығара алатын еді.

Алдын-ала бағалау бойынша, тек қана алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешені өнімін экспорттау 2 есеге көбеймек. Яғни, 1,7 трлн теңгеге өседі. Соның арқасында Қазақстан экспорттаушы елдердің ондығының қатарына енуге мүмкіндік алады. Осылайша, өсімдік майын өндіруді 4-5 есеге көбейтуге болады (2 млн тоннаға дейін); сиыр етін - 2 есеге (400 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін, оның 300-400 мың тоннасын экспортқа шығаруға болады); қой етін - 160 мың тоннадан 300 мың тоннаға дейін, оның 50%-ын экпорттауға болады.

Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік секторының да өзінің ішкі мәселелері бар. Мысалы, дамыған мемлекеттерде шағын және орта бизнестің экспорттағы үлесі қазақстандық көрсеткішті он есеге басып озады. Бұл еліміздегі кәсіпкерлердің айтарлықтай бөлігі сауда секторымен бас қатыратынын көрсетеді. Ал басқа алдыңғы қатарлы мемлекеттер керісінше, өндіруші болып табылады. Мысалы, Польшада шағын және орта кәсіпкерліктің 93%-ы экспорттау қызметімен айналысады.

Бүгінде Қазақстанда экспорттың көптеген мемлекеттік қолдау шаралары бар. Олардың көпшілігі әртүрлі мемлекеттік мекемелердің тасасында қалып қояды. Органдар арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан біздің кәсіпкерлер зардап шегіп отыр. Сол себепті экспорттаушыларды қолдау шаралары сан қырлы мехнизм болып табылатынын және әртүрлі құралдарды пайдалануды қажет ететінін ескере отырып, барлық шараларды бірыңғай жүйеге топтастыру керек. Ол үшін алдымен экспортты дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығарған жөн. Ол жерде барлығы түгелімен қамтылуы тиіс. Экспорт саласындағы бірыңғай операторға «Атамекен» ҰКП басшылық ете алатын еді.

6-қадам. Бизнес-навигатор және бизнес-конструктор

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы - бұл бизнес-навигаторды білдіретін электронды портал. Ол жерде кәсіпкерлер, инвесторлар мен бизнеске қызуғушылық танытқан басқа да қатысушылар үшін маңызды ақпараттар топтастырылған. Бизнес-навигатор мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерліктің дамуы, еліміздің барлық өңірлері бойынша жүргізілген талдаулар туралы (әлеуметтік-экономикалық дамыдың негізгі көрсеткіштері) ақпараттарды ұсынады. Сондай-ақ порталда бизнес-субъектілер туралы маңызды байланыстар және басқа да керекті ақпараттар берілген еліміздегі Кәсіпкерлердің бірыңғай реестрі орналасқан. Өңірлік карта индустриалдық және инвестициялық шешім шығарудың негізі бола алады. Қазіргі таңда өңірлік картада 105 инвестициялық жоба белгіленген. 103-тен астам мемлекет өкілдері  қызығушылық танытып, қазірдің өзінде  порталға кіріп жатыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер болашақта инвесторларды тарту үшін, бизнес-идеяларының инвестициялық жоба деңгейіне жетпей қалу мәселелеріне кезігіп отыр. Ал кәсіпкер ұсынған инвестициялық жобалар инвесторлардың талаптарына сәйкес келе бермейді.

ҰКП «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына Техникалық-экономикалық негіздемені жасау кезінде кәсіпкерлердің шығынын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қосу керек деп ойлайды. Сондай-ақ Техникалық-экономикалық негіздемені жасау кезінде қызмет көрсету бойынша компанияларға қойылатын талаптарды бекіту керек. Аталған жағдай өңірлік карта базасында «бизнес-конструктор» негіздемесі бойынша ішкі жүйелерді құруды талап етеді. Ол нарық туралы толық ақпарат беретін маңызды құралға айналуы тиіс.

7-қадам. «Билік бизнес үшін» жобасы

Мемлекет соңғы жылдары бизнесті қолдау шаралары мен қажетті бағдарламалар және институттардың инфроқұрылымдарын жүзеге асырды. Бүгін сол қолдау шараларын тиімді әрі ыңғайлы етіп, топтастыру керек.  Кәсіпкерлерге  «Билік халық үшін» жобасының ұқсас баламасымен нақты қолдау көрсеткен жөн. «Билік бизнес үшін» жобасы кәсіпкерлер үшін жүргізілетін шаралардың ауқымын және қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Операторлық аудандық деңгейден бастап, кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша жұмыс тәжірибесінде қолданылатын инфроқұрылымдарды ескере отырып, Билік тарапынан  үйлестіру жұмыстарын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бекіту ұсынылады.

Билік бизнес үшін - кәсіпкерлерге кеңес беретін,бизнестің дамуы үшін ұсынылатын институттардың барлық шараларын біріктіріп, бірыңғай пішінде қызмет көрсететін жүйе. Ол жерде субсидиялаудан бастап, грант алу, сертификаттау, сауда алаңдарын белгілеу және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер және т.б. жұмыстар жүргізіледі.

8-қадам. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне тексеру жүргізу.

Жалпы еліміз бойынша бақылау-қадағалау қызметі 61 ведомстваны жүзеге асырып жатыр. Зерттеулер, ведомствалардың әртүрлі салалар бойынша 512 бақылау қызметі бар екенін анықтады. Бақылаудың жалпы жиынтығы бойынша, бүгінде кәсіпкерлерге қатысты  18 мыңнан астам талап бар.

Мемлекеттік бақылаудың басты міндеті өнімнің (жұмысы мен қызметінің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігіне ешкім шек келтірмейді. Бірақ сапа мәселесін нарықтың өзі реттеуі керек. Өйткені нарықтың басты мақсаты - іскерлік беделін сақтап қалу, тұтынушыларды тарту және тұтынушыға  стратегиялық бағдар жасау. Бұлардың барлығы бәсекеге толы нарықта қызмет етіп отырған  ұйымдар мен кәсіпорындарға аса қажет. Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін тексеретін уақыт жетті. Және де "Атамекен" ҰКП осыған орай, бірқатар ұсыныстарын жасады.

9-қадам. Жалған кәсіпкерлік және адал кәсіпкерлердің құқығын қорғау.

Жаңа Қылмыстық кодексте экономикалық қылмысты жеңілдету шараларының қарастырылғаны аз. Олардың кейбіреулері адам өлтіру қылмысымен тең дәрежеде жазаланып жатыр. Мысалы, салық төлеуден жалтару мақсатында жасалған жалған шот-фактура үшін жалған кәсіпкерлік 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, экономикалық саладағы құқық бұзушылыққа экономикалық жауапқа тарту шараларын қолдану керек.

Жалған кәсіпкерлік ісі бойынша қылмыстық жауапқа тарту барысында заң талаптары сақталмайды. «Жалған кәсіпкерліктің» құрамында басқа да құқық бұзушылықтар қайталанады (негізінен бұл салықтан, банк несиелерінен жалтарудың, алаяқтықтың бір түрі).  Заңды тұлғаларды (жалған кәсіпорындар) тіркеуді алып тастау тәжірибесі қалыптасты. Олардың контрагенттермен жасаған барлық келісімдері жарамсыз деп танылады. Соның салдарынан, соңында салықтар мен айыппұлдардың қосымша сомасы есептеледі.

Қылмыстық қудалау «жоспардан тыс» тексеру құралы ретінде де қолданылады және де бизнеске қысымын түсіреді. Егер жай тексеру барысында мемлекеттік орган, тексерудің негізділігін прокуратура органдарына дәлелдеу керек болса, қылмыстық қудалаудың алғашқы сатысында мұндай кедергілер кездеспейді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» жаңа Кодекстің қабылдануына қарамастан, шешімін таппай тұрған бірнеше мәселені кездестіруге болады. Жалпы кодексте құқық бұзушылықтың 608 құрамы бар.Оның 400-ден астам құрамы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты қолданады. Сол 400-дің ішінде бар-жоғы 14 бапта ғана «ескерту жасау» жазасын қарастыру көзделген.

Әрине, бұл тақырып ерекше талқылауды қажет етеді. Кәсіпкерлер палатасының тәжірибесінде кездескен көптеген жағдайларды мысал ретінде келтіруге болар еді. Бірақ бүгінде жүйелі шаралар қолдану керек. Әкімшілік кодекс аясында бизнестің көлемі бойынша айыппұл төлеу қажеттілігі, сондай-ақ бизнестің барлық категориялары бойынша айыппұлдың жоғары шектік межесін белгілеу, ескерту институттарын кеңейту жұмыстарын жүргізу де аса маңызды.

10-қадам. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) стандарттарын енгізу

Үкіметтің қыркүйектегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрліктер мен ведомствалардың қарамағындағы ұйымдарды бәсекелестік ортаға немесе жергілікті деңгейге беру мақсатында қайта түгендеу шараларын өткізу қажеттілігін атап өтті.

Қазіргі таңда квазимемлекеттік сектордың экономикадағы рөлі өте жоғары деңгейде қалып отыр. Мемлекеттік ұйымдар қадағалап отырған активтердің үлесі 60%.  Мемлекеттік компаниялардың  нақты саны туралы ақпарат мүлдем  кездеспейді. Өйткені  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік Реестрі мемлекеттік компаниялардың  еншілес және тәуелді ұйымдарының бесінші деңгейге дейінгі  бірігуін қамтамасыз етеді. Алайда жекелеген мемлекеттік компаниялар 9-шы деңгейге дейінгі  ұйымдастыру құрылымдарына құқылы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қордаланған мәселелерді, ЭЫДУ елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып шешу үшін, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) мемлекеттік экономикаға қатысу үлесін азайту мақсатында, ҰКП 2016-2020 жылдарға есептеліп, Жекешелендірудің кешенді жоспарын қатар орындауға арналған биліктің  деңгейінде арнайы жұмыс тобын - Билік штабын  құруды ұсынады. Ол бизнес-қауымдастықтың өкілдерімен бірге мемлекеттік органдардың еншілес және қарамағындағы ұйымдарының қызметіне толыққанды зерттеулер және ЭЫДУ стандарттары мен нарық принциптерінің бұзылуына талдаулар жүргізеді. Және де субъектілер мен ұйымдарды жекешелендіру немесе жою туралы үкім шығарады.

Жоғарыда келтірілген шаралар Мемлекет басшысының 30 елдің қатарына ену Стратегиясымен белгіленген талаптарға және ЭЫДУ енгізген стандарттарға толығымен сәйкес келеді. «Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдармен бірге ұсыныстарды талқылау мен пысықтауға қатысуға, сондай-ақ нақты механизмдерді, қажетті есептерді, құқықтық-нормативтік актілердің өзгерісі бойынша ұсыныс жасауға дайын.


 

 


Ауа райы