• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Атауы:  Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев атындағы көше, №73 ғимарат.

Байланыс телефондары: 8 (711-36) 91-243 – бөлім басшысы, факс 91-729 және 92-404 – бас мамандар.

Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. Facebook.com желісінде – «Ақжайық – мәдениет, тіл және спорт»

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты:

«Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылыды.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

Тарихы: 1936 жылдары Ілбішін ауданында мәдени-көпшілік орындар ашылып, жұмыс жасады. 1948 жылы мекеме аудандық мәдени ағарту бөлімі болып аталады. 1953 жылы шілдеде аудандық кинофикация бөлімі мен мәдени ағарту бөлімі біріктіріліп, аудандық мәдениет бөлімі құрылады.

Бөлім 2006 жылдың қаңтарында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып құрылды. 2010 жылдың желтоқсан айында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі болып қайта құрылды.  2015 жылдың ақпан айында Азаматтық хал актілерді тіркеу қызметі,  мамыр айынан бастап «Балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  қосылды.

Штаттық құрылым:

Аты-жөні

Қызметі

Байланыс телефоны

1

Кулмуканова Гүлбану Дәрібайқызы

бөлім басшысы

91-243

2

Батырова Райгүл Серікқалиқызы

бас маман (мәдениет)

91-729 (fax)

3

Балхашев Айбек Бауыржанұлы

бас маман (спорт)

4

Жолдығалиева Зульфия Нұрлыханқызы

бас маман (тілдерді дамыту)

92-404 (f)

5

Қанатқызы Эльмира

бас маман (АХАЖ)

92-288 (f)

 

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Р Е Г Л А М Е Н Т Т Е Р І

№р/р

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қызмет көрсету күні

Ақысы

Сала

Қызмет көрсету нысаны

Жауапты маман

1.

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

20 күнтізбелік күн

Тегін

Спорт

Қағаз түрінде

Балхашев Айбек Бауыржанұлы

Жұмыс -

91-729

2.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

15 күнтізбелік күн

4810 теңге

АХАТ

 

Қанатқызы Эльмира

 

Жұмыс -

92-288

3.

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

4.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

30 күнтізбелік күн

Тегін

5.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

5 күнтізбелік күн

2405 теңге

6.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

30 күнтізбелік күн

2405 теңге

7.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

5 күнтізбелік күн

Сот шешімі бойынша

8.

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3 күнтізбелік күн

Тегін

9.

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

10.

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

 

Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша

Мәдениет саласы

Мәдениет объектілерінің желісін 18 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 мәдени-демалыс орталығы, 1 жастар мәдениет орталығы,  және 45 кітапхана құрайды.8 кітапхана «модельді кітапхана» статусына ие. Халықтық атағы бар 8 өнер ұжымы бар.

Мәдени-демалыс орталығына бойынша мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында LED экран жинағы, рәміздер, сахналық киімдер, жиһаздар және Тайпақ мәдениет үйі, Томпақ, Жаңажол ауылдық клубтарына, аудан орталығындағы koworking орталығына музыкалық аппаратуралар сатып алынды.

 

Кітапханалар жүйесі

Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 45 кітапхана бар. Оның 18-орталық кітапхана, 25 - кішігірім кітапхана, екі балалар кітапханасы. Солардың 8-і модельді кітапханалар болып табылады. Жылдың басында еліміздегі жақсылықтардың бірі болып мәдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханалары заман талабына сай жаңаша жабдықталып, Жаңабұлақ және Ақжол ауылдық кітапханалары «модельді кітапхана» мәртебесін алды.

Кітап қоры 583871 дана, қазақ тілінде 300893 дана әдебиеттерді құрайды. Жаңа әдебиеттердің түсуі – 4124 дана, қазақ тілінде 3751 дана.

 

Тілдерді дамыту

«Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асырудың негізгі индикаторларын орындау мақсатында қазіргі таңда 997 адам байқау сынағына өтіп, 124 адам сертификат алды.

«Аумақтарды дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша аудан тұрғындарын ағылшын тіліне қазіргі таңда 104 адам оқып, сертификат алды.

 

Спорт саласы

Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 28 спорт залы қызмет атқарады.

2020 жылға дейін дене шынықтыру мен спортқа тұрақты атсалысатын халықтын санын 30%-ға жеткізу, ұлт өміршендігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесінде спортпен шұғылданушылар саны 11420 адамды құрайды (27%).


Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы өткізілген шаралар мәліметі

23-25 сәуір күндері Чапаев ауылында волейболдан әйелдер командалары арасындағы Батыс Қазақстан облысы Чемпионатының ІІ тур ойындары өтті.

Жарысқа Бөрлі, Зеленов, Шыңғырлау аудандары және Орал қаласынан №19 ОЖББМ, «Грация» волейбол клубы, жергілікті құрама командалары қатысты. Үшінші орында БҚАТУ командасы. Екінші орында Бөрлі ауданы. Бірінші орынды "Грация" ВК командасы алды.

20 сәуір күні Чапаев ауылында БЖСМ спортзалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Ақжайық ауданының іріктеу жарысы өткізілді.

Ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында, аудандық «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Ақсуат, Алғабас, Есенсай, Жамбылдан Үштөбе ауылы, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Конеккеткен, Қарауылтөбе, Құрайлысай, Сарытоғай, Тайпақ және Чапаев ауылдық округтерінен келген палуандар қатысты. «Түйе палуан» атағын Биғазиев Ерлан (Тайпақ) жеңіп алды.

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

17 сәуір. Мәдени-демалыс орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жыршы-термеші Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» республикалық қыз-келіншектер арасындағы жыршы-термешілер байқуы өтті. Ауданға келген құрметті меймандар Мейрамгүл Орашева, термешінің группаласы Бибажар Махамбетқызы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сауле Жаманқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Жәңгірұлы байқауыдың қазылар алқасы болып бекітілді. Байқауға Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан, Атырау облысынан, Астана қаласынан, Павлодар облысынан, Ақтөбе облысынан Мұғалжар ауданынан, Қазылорда облысынан, Алматы қаласынан, ОҚО Кентау қаласынан, Орал қаласынан, БҚО Ақжайық ауданынан үміткерлер қатысты.

17 сәуір. Аудандық кітапханада «Отанымыздың көркеюі – «Цифырлы дәуір» талаптары» Елбасы Жолдауына орай дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттың экономикасын цифрландыру. Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат болып табылатыны туралы бөлім басшылары, құжатты түсіндіру мен насихаттау жұмыстарын қолға алуды және негізгі басымдықтардың жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.


Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы өткізілген шаралар мәліметі

02 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне арналған 2003-2006 және 2007-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы шахматтан Чапаев ауылы біріншілігі өткізілді. Шараға М.Әуезов ат. ОМ пен Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары  өз ара сайысқа түсті.

08 наурыз күні БЖСМ-де халықаралық әйелдер күніне арналған топ аралық «Көңілді сөре» сайысы өткізілді. Жарысқа волейбол, бокс, бадминтон, күрес, футболдан үйірмелерінің спортшылары қатысты.

Шараға қатысушылар асық атудан (қыздар – бес асық), үстел теннисі, бадминтон және арқан тартудан сайысқа түсті.

10 наурыз күні халықаралық әйелдер күніне орай БЖСМ-де волейболдан қыздар командалары арасында жолдастық кездесулер өткізілді. Жарысқа волейболдан БЖСМ-нің Чапаев пен Ілбішін ауылдары мен Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің 2001-2004 ж.т. қыздар командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орында Чапаев командасы.

10 наурыз күні қолжетімді спорт түрлері арқылы тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыру мақсатында наурыз мейрамдарына арналған шаралар аясында шаңғы тебуден жарыс өткізілді. Шараға Жаңабұлақ, Қабыршақты, аграрлық-техникалық колледжі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аурухана, М.Әуезов ат. ОМ, № 1 ОМ, БЖСМ, білім бөлімі, туризм және «Жігер» спорт клубы командалары өз ара сайысқа түсті.

14 наурыз күні БЖСМ-де ұлттық күресімізді дамыту арқылы жастардың спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуын міндеттеп отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық қазақ күресі федерациясы жүлдесіне жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы аудандық турнир өтті. Жарысқа Алғабас, Жанажол, Есенсай, Үштөбе, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Құрайлысай, Сайқұдық, Тайпақ, Чапаев және Жайық  ауылдарының 2004-2006, 2007-2008 ж.т. ұлдар және 2002-2005 ж.т. жасөспірім қыздар қатысты.

21 наурыз күні Чапаев ауылында М.Әуезов ат.ОМ спорт залында Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай Наурыз мейрамына арналған волейболдан мемлекеттік қызметшілер командалары арасындағы аудандық ашық турнир өтті.

Жарысқа Зеленов пен Казталов ауданы әкімдігі, «Білім-Инновация» лицейі (Орал қ.), Орал қаласы әкімдігі, БҚО әкімдігі және аудандық әкімдігі командалары қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша Ақжайық ауданы әкімдігі командасы жеңімпаз атанды. Екінші орында Орал қаласы әкімдігі командасы. Үшінші орынды БҚО әкімдігі командасы алды.

31 күні Чапаев ауылында М.Әуезов атындағы ОЖББМ спорт залында Елордасы-Астана қаласының 20 жылдығына орай баскетболдан ерлер және әйелдер командалары арасында Ақжайық ауданының біріншілігі өткізілді.Тартысқа толы ойындарға Бударин а/о, Жаңабұлақ а/о, Қабыршақты а/о, Аудандық аурухана, Аудан әкімшілігі, Абай ат. мектеп-гимназиясы, Ақжайық аудандық арнаулы қызмет көрсету орталығы, Аграрлық-техникалық колледжі, БЖСМ, М.Әуезов ат. ОЖББМ, Чапаев №1 ОЖББМ және «Жігер» спорт клубы командалары қатысты. Әйелдер командалары арасында аудан біріншілігінің қола жүлдесін Аудан әкімдігі, Аудандық аурухана командалары иеленді. Финалдық ойында «Жігер» спорт клубы мен М.Әуезов ат ОЖББМ командалары кездесті.Ойында «Жігер» спорт клубы жеңіске жетіп жарыстың жеңімпазы болып атанды.

06 сәуір күні Алмалы ауылында волейболдан 2002-2004 ж.т. ұлдар командалары арасындағы БЖСМ ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Қаршы, Базаршолан, Бітік, Краснояр, Байсықов атындағы және Алмалы ОМ командалары қатысты. Жарысқа 70-ке жуық оқушы қамтылды. Ойындар нәтижесінде үшінші орынды Бітік пен Байсықов ОМ бөлісті. Екінші орында Алмалы ОМ, ал жеңімпаз болып Краснояр ОМ командасы атанды.

12 сәуір күні Чапаев ауылында Кеңес Одағы батыры М.Абдоловтың 100 жылдығына орай шағын футболдан БЖСМ ашық біріншілігі өтті. Аталған жарысқа Лбішін, Қабыл, Алғабас, Базаршолан, Қабыршақты, Мерген, Атамекен, Тайпақ, Шабдаржап, Абай ат. мектеп-гимназия және Чапаев №1 ОМ командалары қатысты. Барлығы 100-ге жуық адам қамтылды. Тартысты өткен ойындарда үшіншгі орынды Мерген және Алғабас бөлісті, Тайпақ екінші орында, ал ауылдың Қабыршақты ауылының жас футболшылары жеңімпаз атанды.

13 сәуір күні аудандық БЖСМ-де волейболдан әйелдер командалары арасындағы аудан біріншілігі өтті. Біріншілікке Ақжол, Алмалы, Жаңабұлақ, Мерген, Тайпақ, Чапаев, СЭС, МСУ, аурухана, «Бөбек» балабақшасы, АТК, әкімдік, БЖСМ және «Жігер» СК командалары қатысты. Жарысқа 130-ға жуық адам қамтылды. Ойындар нәтижесінде үшінші орынды АТК мен Мерген бөлісті. Екінші орында Тайпақ, ал жеңімпаз болып Чапаев а/о қыздар командасы атанды.

17 сәуір күні М.Әуезов ат. ОМ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы тоғызқұмалақ пен шахматтан біріншілік өткізілді. Шахматтан әйелдер арасында С.Айтқалиева (аудан әкімдігі), ал тоғызқұмалақтан Ш.Қуанышқалиева (Мерген а/о) мен М.Байбарақова (аудан әкімдігі) үздік көрінді. Ерлер арасында тоғызқұмалақтан Ө.Панғалиев (Қарауылтөбе а/о) және Б.Ғиззатов (тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі), ал шахматтан Ж.Жолдығалиев пен М.Тойекешов (аудан әкімдігі) ерекшеленді.

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

3 наурыз. Халқымыз бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды ұлттық мирас ретінде ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келген. Аты аңызға айналған ару аналарымыз бүгінде аз емес. Солардың бойындағы тектілікті, сабырлықты, парасаттылықты, нәзіктікті кейінгі ұрпақ бойына дарыту, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүру, қазақ аруларының бойындағы асыл қасиеттерін өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында аудандық мәдени - демалыс орталығының ұйымдастыруымен «Қыз өссе елдің көркі» атты арулар байқауы өтті. Бас жүлде Аруна Қуатова-мектеп –гимназия. 1 орын Армангүл Гусманова - №1 ЖОББМ.

12 наурыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Қазіргі тіл саясаты: Латын әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері» тақырыбында БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Бейсенғалиеваның қатысуымен ақпараттық - насихаттық кездесу өтті.

Жиында рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Әліпбидің жаңа жобасы талданып, алдыңғы ұсынылған жобамен салыстырмалы қарастырылды. Жат дыбыстық таңбалардан арылып, өзіндік ұлттық төл әліпбиімізді қалыптастырып, тіл тазалығы мен дамуына белгілі бір дәрежеде қол жеткізу жөнінде сөз айтылды. Латын әліпбиіне көшіп, төл стандартты қабылдауда «әрбір ұлт - өзіндік мәдени орта, айрықша тілдік құбылыс» екенін ескеріп, табысқа қол жеткізу туралы ойлар ортаға салынды.

16 наурыз. Мәдени-демалыс орталығында дәстүрлі өнерді насихаттау, жас ұрпақты ұлттық мәдени құндылықтардың бағасын білуге тәрбиелеу, ансамблдердің жұмысын жандандыру, репертуарлық көркемдік сапасын көтеру мақсатында аудандық «Рухы биік аналар» атты әжелер ансамбльдері байқауы өтті. Байқауға 18 ауылдық округтен үміткерлер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қортындысы бойынша 1 орын - «Ақтілек» әжелер ансамблі /Тайпақ а/о/,  2 орын – «Асыл әжелер» /Жайық а/о/, «Інжу-Маржан» /Алмалы а/о/ әжелер ансамблдері, 3 орын – «Ақ әжем» /Қарауылтөбе а/о/, «Атамекен» /Атамекен ауылы/, «Ақтілеу» /Жаңабұлақ а/о/, «Мейірім» /Бударин а/о/ әжелер ансамблдері. Барлық ансамбльдер дипломмен марапатталды.

28 наурыз.  Аудандық кітапханада  жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі,  өнер дәстүрін насихаттаушы, Ақ Жайықтың ерке қызы Сәуле Таудаеваны  еске алу кеші өтті. «Қазағымның ән-жыры, көңілімнің жан нұры» әдеби сазды кешінің мақсаты: өнерін оқырман қауымға кеңінен насихаттау, ұлттық код, ұлттық мәдениетті сақтау, дәстүрлі ән, жыр арқылы жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. «НҰР» рухани отауында кітапхананың жалпы оқырмандарының қатысуымен өткен шара барысында С.Таудаеваның өмірбаяны айтылып, оның өнері туралы видеоролик көрсетілді.  «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» бөлімінде  Мұхит пен Ғарифолланың қалдырған мұрасын, әуезді ән – термелері мен шығармаларын кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан С.Таудаеваның шығармашылығы туралы айтып, орындап жүрген жыр – термелерін Адилхан Аружан тамылжыта орындап берді. Шара соңында «Әуені бөлек әсем үн» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, видеоролик арқылы С.Таудаеваның орындауындағы Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңімен қортындыланды.

30 наурыз. Қыз баланың бойына қазақтың иманжүзді, көркіне ақылы мен білімі сай, инабаттылық кішіпейілдік, адалдық, талғампаздық, шеберлік қасиеттерді сіңіру, ата – баба дәстүрін насихаттау мақсатында мәдени-демалыс орталығында Қ.Байсейітовтің, Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» қойылымы ұсынылды. Мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарымен қойылған спектакльді көрермендер жылы қабылдады. Рөлдерді сомдаған актерлер: ауылда жұмыс күшінің жетіспеушілігі, жоғары білімді жас мамандардың аз келетіні, бойжеткен қыздардың өз теңін тауып қосылуы да мәселеге айналатыны әзілмен жеткізе білді. Жастардың актерлық өнерге деген іңкәрлігі тәнті етті.

5 сәуір. Мәдени-демалыс орталығында аудандық «Жарқыра, Жайық жастары» әдеби-сазды кеш өтті. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» Елбасы Н.Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатындарыңа сенемін» деп жастарға сенім білдірген еді. Сол сенімді ақтайтын білімді жастар, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, озып, Қазақстанның көк байрағын білім додаларында халықаралық деңгейде желбіретулеріне үлес қосу керектігі жөнінде сөз қозғалды. Кең даладай дархан да жомарт халқымыздың болашағы жарқын болуға атсалысып жүрген жастар  өнер өлкесіне, әдебиет әлеміне қанат қаққан талантты ұлдары мен қыздары өз өнерлерін ортаға салады.

Шара нәтижесінде үздіктерге дипломдар, сыйлықтар табыс етілді. Қаламызда жүрген аудан түлектері болып табылатын өнерпаздар мен аудан жастары аянып қалған жоқ. Өлең оқылды, ән айтылды, қол өнер бұйымдары шеберлері өнерлерін ортаға салды. Бастысы, бірлігі жарасқан бір топ жалынды жастар өнерге адалдықтары көрінді.

10 сәуір. Елбасының "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" мақаласындағы мақсат- міндеттерді  жүзеге  асыру - жылдар жүзіндегі көмескі тартқан айтулы  оқиғаларды, белгілі тұлғаларымызды, біртуар перзенттеріміздің есімін ел есінде, жасұрпақ жадында сақтау, оның ерлігін, өмір жолдарын дәріптеу арқылы ел болашағы жасөспірімдерді елін, жерін сүйетін рухты ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу мақсатында Ақжайық ауданы бойынша Кеңес Одағының батыры Михаил Абдоловтың 100 жылдығына арналған  «Ұрпаққа үлгі, рухты ұлы қазақтың» онлайн режимінде старт беру шарасы бастама алып, өткізілді. Аудандық, республикалық шаралардың беташары болып табылатын бас қосу еліміздің басқа да аймақтарымен онлайн режимінде өтті. Астана қаласындағы Ұлттық әскери музейі, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, облыстық әскери комиссариат, облыстық өлкетану музейілері байланысқа шықты.


Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы өткізілген шаралар мәліметі

 

08 ақпан күні Лбішін ауылында, Қаршы ОМ спорт залында БЖСМ-де волейболдан қыздар командалары арасындағы біріншілік өтті. Біріншілікке Қаршы, Алғабас, БЖСМ және «Жігер» СК командалары қатысты. Жарысқа 40 оқушы қамтылды.

Ойындар нәтижесінде үшінші орында спортклуб шәкірттері. Екінші орында Қаршы ОМ, ал жеңімпаз болып Алғабас ОМ қыздар командасы атанды.

Номинация бойынша Азамат Самал (Алғабас), Сабырғалиева Алина (спортклуб) және Коняева Руслана (БЖСМ) марапатталды.

09 ақпан күні белгілі спортшысы Ж.Куженовты еске алуға арналған волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді. Жарысқа Алмалы, Алғабас, Ақжол, Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Жайық ауылы, Көнеккеткен, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Тайпақ округтері және аудан әкімдігі, арнаулы қызмет көрсету орталығы, аграрлық- техникалық колледжі, М.Әуезов ат.ОМ, жастар құрамасы, «Жігер» спорт клубы, «Жасұлан» командалары қатынасты.

Тартысты өткен ойындарда Қарауылтөбе ауылының волейболшылары финалдық ойында «Жасұлан» командасын жеңіп бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар аталым бойынша:

«Үздік ойыншы»-Ғазез Диас («Жастар» командасы),

«Үздік байланыстырушы» - Шамелов Асқар (АТК командасы),

«Үздік шабуылшы» -Уахитов Фархат (Аудан әкімдігі),

«Үздік қорғаушы» -Маратова Надежда (Қарауылтөбе ауылы),

«Үздік тосқауыл қоюшы»- Шнаев Елнар («Жасұлан» командасы) атап өтілді.

11 ақпан күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық спортымызды дамыту мақсатында Жамбыл ауыл округі Үштөбе ауылында көкпар және теңге ілуден жарыс өткізілді. Жарысқа үш команда қатынасты.

Көкпар ойыны қорытындысы бойынша:

I орын-Үштөбе (ерлер) командасы

II орын-Үштөбе (жастар) командасы

III орын- «Жігер» спорт клубы командасы иеленді.

Теңге ілуден:

I орын- Есілай Айбек

II орын- Наурзов Шапағат

III орын- Бағдат Мақсат

III орын- Шарипов Олжас

19 ақпан күні Тайпақ ауылында самбо күресінен 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында БЖСМ ашық біріншілігі өтті. Жарысқа Атырау облысынан Индер ауданы, Қ.Байсықов ат.ОМ, Краснояр ОМ, Тайпақ гимназиясы, Краснояр ОМ және БЖСМ самбошылары қатысты. Барлығы 25 спортшы.

22-23 ақпан күндері Тайпақ спорт мектебінің ұйымдастыруымен ақын Сағат Абдуғалиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен Ақжайық аудандық ашық турнир өтті. Осы турнирге Атырау облысы Индер ауданы, Қызылқоға ауданы, Орал қаласы және Тайпақ ауылдық округінің спортшылары қатысты.

 

Футзалдан 2017-2018 жылғы Ақжайық ауданы лигасы өз мәресіне жетті. Жарысқа Бударин, Есенсай, Жамбылдан Үштөбе ауылы, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Мерген, Тайпақ, Чапаев, аурухана, мешіт, Бітік мектебі, аудандық арнаулы әлеуметтк қызмет көрсету орталығы, ішкі істер бөлімі, БЖСМ, «Жігер» СК. Ұпай бойынша орталық аурухана командасы Лига жеңімпазы атанды.

02 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алғыс айту күніне арналған 2003-2006 және 2007-2010 ж.т. жасөспірімдер арасындағы шахматтан Чапаев ауылы біріншілігі өткізілді.

Шараға М.Әуезов ат. ОМ пен Абай атындағы мектеп-гимназия оқушылары  өз ара сайысқа түсті.

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

1 ақпан «Мерей» мәдениет орталығында «Мәңгілік ел- ән жырым» патриоттық әндер орындаушылардың байқауы  өтті. Мақсаты: патриоттық сезімді тәрбиелеу. Отанға, туған жерге құрмет, мақтаныш сезімін ұялату.   Мәдениетті дамыту, өнерді дәріптеу,таланттарды айқындау.

2 ақпанда Аудандық кітапханада «Латын әліпбиі – ұлы дәуір бастауы» атты вебинар өтті.  Мақсаты: Халық арасына латын әліпбиінің қолайлығын түсіндіру, тіл тазалығын ұғындыру.

9 ақпан күні  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  аудандық кітапханада əуесқой сазгер, Батыс Қазақстан өңірінің күйлерін насихаттаушы "Ой-өрнек", "Өткенге ізет" кітаптарының авторы Аманғали Қайсағалиевтің шығармашылығына арналған "Ұлттық рухты ұлықтаған" атты рухани қазба тағылымды шарасы өтті.   Мақсаты:  ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде ұғындыру, қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, ұлттық ойындар арқылы белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және күштілікке тәрбиелеу. Сазгердің шығармашылығындағы тақырып əр алуан: отан, туған жер, ата-ана сынды патриоттық əн-күйлермен қатар табиғат, жануарлар, махаббат тақырыбындағы туындылары және əзіл-қалжын өлеңдері де бар. Қатысқандар 25.

9 ақпан күні «Тайпақтың Мұқағалиы» атанған жерлес  ақын Сағат Әбдуғалиевтың 70 жыл толуына орай «Сағат жырының сыңғыры» атты орталық модельді балалар кітапханасы мен Тайпақ модельді балалар кітапханасы оқырмандарымен   онлайн-мост  ұйымдастырылды.

21 ақпан күні ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында Есенсай ауылында аудандық БЖСМ-нің қазақ күресінен үйірмесінің ашылуы өтті. Осыған орай қазақ күресінен ашық біріншілік өтті. Ауылдық мəдениет үйінде өткен жарысқа Сырым ауданының Қособа ауылы, Есенсай, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Құрайлысай жəне Тайпақ ауылдарының 2006-2008 ж.т. жасөспірімдері қатысты.

Жарыстың ашылу рәсіміне самбодан əлем чемпиондары Е.Байбатыров пен М.Оңдағанов қатысты. Жалпы шараға 32 бала қамтылды.

 

 

25 қаңтар күні БЖСМ спорт залында еркін күрестен 2008-09 ж.т. кіші жасөспірім мен 2001-03 ж.т. ұлдар арасындағы аудан біріншілігі өтті. Жарысқа Ақжолдан Қабыл ауылы, Ақсуат, Алғабас, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қабыршақты, Тайпақ, Жайық және Чапаев ауылдары қатысты. Барлығы 83 оқушы.

Жарыс ауданымызда күрес өнерін дамытуға зор үлес қосқан, бірқатар шеберлі палуандарымызды тәрбиелеп шығарған, белгілі жаттықтырушылар, спорт ардагерлері Даулет Ишанғалиұлы Мұнайтпашев пен Ират Жайықұлы Қрықбаевтың құрметіне арналды.

27 қаңтар күні XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын жерлестерімізді қолдау мақсатында және қысқы спартакиада шеңберінде шаңғы және допты хоккей жарыстарынан аудан біріншілігі өткізілді.

Шараға Базаршолан, Бударин, Жаңабұлақ, Қабыршақты, Мерген, Тайпақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, аурухана, балабақша, М.Әуезов ат. ОМ, № 1 ОМ, Абай атындағы мектеп-гимназия, туризм орталығы, БЖСМ, БШО және «Жігер» спорт клубы командалары өз ара сайысқа түсті.

Жарыстын ашылу салтанатына аудан әкімі Ә.Жоламанов қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Шаңғы жарысының қортындысы бойынша:

18-24 жас аралығы Темірболатов Әди (туризм) және Рсалиева Динара (МСУ), 25-34 жаста Темірболатов Әділбек (Бітік), Ералиева Самал (туризм). 35-44 жас аралығында Ибраев Дархан (Бударин), Бекмагамбетова Дина (М.Әуезов),

45-54 жаста Кадырғалиев Бегелді (М.Әуезов ат.ОМ). 55 жастан жоғарыда Темирбаев Мұрат (Бударин), Сисенгазиева Замира (М.Әуезов ат.ОМ). Жасөспірімдер арасында Кенес Армат (Базаршолан), Бисенбайқызы Айым (М.Әуезов ат.ОМ).

Жарыстын қортынды бойынша допты хоккейден:

I орын – «Жігер» спорт клубы командасы.

II орын – арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы.

III орын – Жаңабұлақ а/о  командасы және Ұстаздар командасы еленді.

Үздік аталымдар бойынша:

«Жас спортшы» - Сағынғали Әділбек

«Үздік қақпашы» - Кубашев Данияр (Жаңабұлақ ОМ)

«Үздік қорғаушы» - Телагисов Куаныш (М.Әуезов ат.ОМ)

«Үздік шабуылшы» - Саркулов Ермек (МСУ)

«Ардагер спортшы» - Куспанов Кахим (МСУ)

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

23 қаңтар күні мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және аудандық музей, музей залында «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты дөңгелек үстел ұйымдастарып, өткізді. Шараға мәдениет және музей қызметкерлері, агро-техникалық колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Қатысушыларға «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысының қасиетті, киелі жерлері туралы бейнебаян арқылы ХVIII-XIX ғасырдағы көне қорымдар, араб жазулы эпиграфикалық ескерткіштердің фотосуреттері көрсетіліп, тарихы жөнінде айтылды. Аудандық балалар жасөспірімдер туризм орталығының маманы Д.Шамелов экспедиция жөнінде әңгімеледі. Бөлімінің бас маманы Р.Батырова киелі жерлер бойынша жинақталған мәліметтер, қорымдардың, құлпытастардың орналасқан жерлерінің GPS координаттары жайында айтып берді.  Музей директоры А.Жұмағалиев жалпы Қазақстандағы киелі жерлер туралы баяндады. Шара соңында қатысушылар музей экспозицияларымен танысты.

24 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақ пен дойбыдан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті. Мақсаты: салуатты өмір салтын насихаттау, тоғызқұмалақ және дойбы ойынын кеңінен өрістету, шеберлікті шыңдау, аудан құрамасына іріктеу.

Жарысқа Қаршы, Бітік, Жаңабұлақ, М.Әуезов ат., Чапаев №1 ОМ және Абай ат. мектеп-гимназия оқушылары қатысты, барлығы 60 оқушы.

31 қаңтар күні аудандық орталық кітапханада белгілі әнші, термеші Қ.Орашеваның туғанына 65 жыл толуына орай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлес онлайн-мост өткізілді.


Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы өткізілген шаралар мәліметі

5 қаңтар күні «Жастар» спорт алаңында Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған қысқы спорттық маусымды ашу аясында маусымдық мұз айдынының ашылуы өтті. Шараға жасөспірімдер, жастар, ұжымдар қатысты.

Ашылу салтанатына қатынасқан аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев, жиналғандарды спортты серік етіп, саламатты өмір ұстануға шақырды. Жиналған жастар қысқы маусымдық жарыстарға белсене қатысатындықтарын және қысқы олимпиада ойындары кезінде қазақстандық командалары қолдайтындарын жеткізді. Жаңа құйылған мұз айдыны бетінде шайбалы хоккейден өткен жарысқа «Жігер» СК, жастар және мұғалімдер құрамасы қатысты. Ойындардан кейін қыс қызығы тұрғындарға арналған конькимен көпшілік сырғанауға ұласты.

4-5 қаңтар күндері аудандық БЖСМ «Мен спортты тандаймын!» атты спорт апталығы шенберінде жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында оқу-жаттығу топтары арасында түрлі жарыстар өткізілді.

Шараға 2002-04, 2005-07 және 2008-10 ж.т. оқушылар, барлығы 150 жасөспірім қамтылды. Қатысушылар «Көңілді сөре», бадминтон, волейбол түрлері бойынша өтті.

12 қаңтар күні Мерген ОМ-де XXIII-ші қысқы олимпиадаға қатысушы, жерлесіміз Абзал Ажғалиевті қолдау мақсатыннда үстел теннисінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудандық БЖСМ біріншілігі өтті. Жарысқа Лбішін, Тіналиев, Мерген, Мойылды, Тайпақ және Чапаевтан М.Әуезов ат.ОМ жас теннисшілері қатысты, барлығы 68 оқушы. Ойындар нәтижесінде бірінші орынды Қаршы ОМ оқушылары жеңіп алды.

13 қаңтар күні Чапаев ауылында М.Әуезов ат.ОМ спорт залында ауданның құрметті азаматы, спорт ардагері Ә.Сәтбаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер командалары арасындағы ашық турнир өтті.

Жарысқа Орал қаласынан «Денсаулық» ВК, «Білім-Инновация» лицейі, Зеленов ауданынан Янайкино ауылы, Ақжол, Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ, Көнеккеткен, Қабыршақты, Тайпақ округтары, М.Әуезов ат.ОМ және «Денсаулық» ВК (Ақжайық ауданы) командалары қатысты. Турнирге 100-ге жуық адам қамтылды. Шараның ашылу салтанатына БҚО мәслихат хатшысы М.Құлшар, аудан әкімі Ә.Жоламанов, ауданымыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері М.Жұматова, аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев қатысты.

Тартысты өткен ойындар нәтижесінде Оралдық "Денсаулық" ВК үшінші орында. Финалдық ойында жергілікті "Денсаулық" клубы екінші болса, турнир жеңімпазы Янайкино ауылы волейболшылары атанды. Турнирдің үздіктер аталымында шабуылшы - Абылай Турешов («Білім-Инновация» лицейі), ойыншы - Киселев Андрей (Янайкино), тосқауыл қоюшы - Хайргалиев Қадыр (Орал қ.) және доп үйлестіруші - Асқар Шамелов (Ақжайық ауданы) марапатталды.

18 қаңтар күні М.Әуезов ат.ОМ спорт залы мен аудандық БЖСМ-де волейболдан қыздар командалары арасындағы біріншілігі өтті. Біріншілікке Ақжолдан Қаршы, Алғабас, Базартөбе, Жаңабұлақ, Сарытоғай, Тайпақтан Байсықов ОМ, Чапаев №1 және М.Әуезов ат.ОМ командалары қатысты. Жарысқа 60-қа жуық оқушы қамтылды.

Ойындар нәтижесінде үшінші орынды Алғабас пен М.Әуезов ОМ бөлісті. Екінші орында Базартөбе ОМ, ал жеңімпаз болып Қ.Байсықов ат. ОМ қыздар командасы атанды.

 

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар мәліметі

Ақын, әдебиет зерттеуші-ғалым, қазақ тілі білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына орай «Ұлтымыздың ұстазы» атты тақырыптық кеш оздырылды. Шараға жалпы оқырман тобы агро – колледж студенттері қатысты. Кітапханашы шараны кіріспе сөзбен ашып, оқырмандарға ұлт ұстазының өмірі мен қызметі туралы айтып өтті. Шара барысында оқырмандар А.Сапаров, А.Алхамбетов, А.Имангалиев А.Байтұрсынұлының өлеңдері мен мысалдарынан үзінді келтірді. Шара соңында «Алаш арысы» атты кітап көрмесіне шолу өкізілді.#руханижаңғыру

18 қаңтар күні аудандық мәдени-демалыс орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша ауданымыздың мәдениет саласына еңбегі сіңген ақын – сазгерлердің әндерінен «Атамекен ән - жырым» атты әдеби – сазды кеш өтті. Ұлы да ұлық өнерге өлшеусіз олжа салып кеткен Жұбан ақын, С.Сейітов, С.Әбдуғалиев, Ж.Қуанғалиев, С.Қайырғалиев және сол ізді жалғастырушы А.Бақтыгереева, Ү.Елеубайқызы, С.Бисенғалиев, М.Бердіәлі, Е.Меңдешев, Ғ.Хибашев, Р.Жанаисов сынды ақын - сазгерлеріміздің ән-жырлары тамашаланды.#руханижаңғыру

 


 


Ауа райы