• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Орал обаға қарсы станциясынақарасты Чапаев обаға қарсы күрес бөлімшесінің 2011 жылғы 12 айлық жұмыс жоспарының орындалу барысы жөнінде ақпаратын жолдайды.

1. Карантиндік індет ошақтарына эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, соның ішінде оба індетін емдеу, клиникасы, нақтамалау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері дайындалды;

а) дәрігерлер - 39 адам (жоспар бойынша - 34)

ә) орта буынды медициналық қызметкерлер - 188 (жоспар бойынша - 160)

Оба ауруының алдын - алу жөнінде 22 дәріс (жоспар бойынша - 12) оқылды, 422 әңгімелер (жоспар боынша - 340) жүргізілді, 1 - мақала шығарылды.

Сондай - ақ, түйелерді оба індетінің алдын - алу жөнінде мал дәрігерлер - 29 (жоспар бойынша - 28) және санитарлық нұсқаулар - 37 адам (жоспар бойынша - 36)

Зертханада обаға 5340 әр түрлі кеміргіштер бактериологиялық әдіспен зерттелді (жоспар бойынша - 4600), соның ішінде 1715 серологиялық жолмен зерттелді (жоспар бойынша - 1600) және 553 биосынама қойылды (жоспар бойынша - 540). Зерттелген барлық бүргелер саны 4372 (жоспар бойынша - 5600) және 1781 кенелер (жоспар бойынша - 2300). Зерттеулер нәтижесі  теріс болып анықталды.

Туляремия ауруын алдын алу және диагностикесы жөнінде семинар - 5 (жоспар бойынша - 1), 37 дәрігер және 184 орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды, 4 дәріс оқылды және 1 мақала шығарылды.

Туляремияға эпизотологиялық тексерумен 76 орын қамтылды (жоспар бойынша - 40). Зертханада  туляремияға 2385 әр түрлі кеміргіштер мен бактериологиялық әдіспен зерттелді (жоспар бойынша - 1500) соның ішнде 305 серологиялық әдіспен зерттелді (жоспар бойынша -300) және 326 биосынама қойылды, 865 кенелер зерттелді (жоспар бойынша - 1500). Зерттеулер нәтижесі теріс болып анықталды.

Сарып алдын алу және диагностика жөнінде 5 семинар жүргізілді (жоспар бойынша - 1), 37 дәрігер және 184 орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды.

Жүргізілген санитарлық ағарту жұмыстарына 3 - дәріс оқылды (жоспар бойынша - 5), 26 - әңгіме жүргізілді (жоспар бойынша - 25), 1 - мақала шығарылды.

Зертханада сарып ауруына 2 - адамнан алынған анализ зерттелді оның ішінде 1 - анализ оң нәтижесімен анықталды. 2 мал күбірі зерттелді, зерттеулер нәтижесі теріс болып анықталды.

Тырысқақ ауруына санитарлық ағарту жумыстары жүргізлді: 4 - дәріс оқылды (жоспар бойынша - 3), жаттығу сабақтары - 37 (жоспар бойынша - 1),  22 - әңгімелер жүргізілді (жоспар бойынша - 10) және 1 - мақала шығарылды.

Тырысқақ алдын алу және диагностика жөнінде 19 семинар жүргізілді (жоспар бойынша - 10), 55 дәрігер және 211 орта буынды медициналық қызметкерлер дайындалды.

Зертханада тырысқаққа жайық өзенінен 2 нүктесінен 94 - су сынама алынды соның  ішінде 32 non О1 топ үтір тәрізді бір - екі шыбыртқысы бар, қозғалатын микроорганизм (вибрион) зерттелді. Ағынды судан 54 сынама алынды соның ішінде 4 non О1 топ үтір тәрәзді  бір-екі шыбыртқысы бар, қозғалатын микроорганизм шығарылды. Адамнан алынған анализ 53 науқастан өткір ішек ауруларынан түсті, зерттеулер нәтижесі теріс болып анықталды.


 

 


Ауа райы