• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

Проект детальной планировки п.Чапаево (pdf, 4.2 Mb)


Ақжайық  ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Елді мекендердің сәулет келбетін жақсарту және көркейту мақсатымен Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі елді мекендердің территорияларында халық денсаулығына ыңғайлы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін, инженерлік дайындығын, бас ғимарат құрылыстары мен таза ауыз сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау бағыттары бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

Сонымен қоса бөлім мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді олар: облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі  автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру, Батыс Қазақстан облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру, сәулет жоспарлау тапсырмасын беру, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру,Елді мекен шегінде объект алу үшін жер учаскесін беру. Аталған қызметтер электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесінде жұмыс жасалуда. Бұл қызметтер стандартқа сай орындалып, азаматтарға уақытымен көрсетілуде.

Бөлім қызметкерлері  бірыңғай құжат айналым жүйесі арқылы  жұмыс істейді.  LOTUS NOTES  дерекқоры  енгізіліп құжат айналымы осы бағдарлама арқылы жүргізіледі. Сол сияқты, «Мекенжай тіркелімі»АҚ, «ИИС ЦОН», «Е-лицензиялау», «Мемлекеттік сатып алу» электрондық жүйелерінде жұмыс жүргізеді.

 

1. Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі - аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы №26 қаулысымен, бұрынғы қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ізінде құрылды. Қызметі - аудан аумағындағы елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес бірегей сәулет және қала құрылысы саясатын белгілеу және жүзеге асыру, елді мекендердің бас жоспарларын, сәулет тораптарын дайындауға қатысу, ескі тұрғын үйлерді бұзудың тиісті бағдарламаларын жасау, сәулет-жоспарлау тапсырмаларының төлқұжаттарын әзірлеу, пайдаланымға берілмек нысандарды қабылдауға қатысу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын аудандық деңгейде өткізу, меншік түріне қарамастан барлық субъектілердің заңнамалық және нормативтік актілердің сақталуын бақылау.

 

2. Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің штаты:

1)  Жұмағазиев Ромен Алібекұлы – бөлім басшысы,  1989 жылы туған, білімі - жоғары.

2)  Ваканттық орын

3) Хайруллина  Айгерим Насибуллақызы - бас маман, 1992 жылы туған, білімі - жоғары. 

4) Туреханов Серик Сәндібайұлы - бас маман,(есепші) 1990 жылы туған,білімі- жоғары.

 

Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің  2018 жыл бойынша атқарылған және атқарылып жатырған жұмыстар.

Көше жарықтандыру

2018 жылы Чапаев ауылының Әбілқайыр хан көшесіне жарық жүйесі жіргізіледі. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, құрылыстың болжамды құны 23 000 мың теңгені құрайды.

 

Инженерлік инфракұрылым құрылысы.

Чапаев ауылы бойынша тұғын үй құрылысын жер алуға өтініш берушілердің саны көбеуіне байланысты (екі жүзге жуық өтініш тіркелді) Чапаев  ауылының қазіргі жоспары негізінде, солтүстік және оңтүстік тұрғын аудандарының инженерлік инфрақұрылымы әзірленуде. Берілген участкілер саны 300, сметалық құны-242 767 мың теңге. 2018 жылы солтүстік-батыс тұрғын ауданында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, сметалық құны-67 746 мың теңге, участкілер саны 218.

 

Коммуналдық тұрғын үй құрылысы

2018 жылы БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылында үш қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Құрылыс құны  195 915  мың.теңгені құрайды.Республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін тиісті мемлекеттік мекемелерге хаттар жіберілді.

 

Елді мекендерді ауыз сумен қамту

«Өңірлерді Дамыту» бағдарламасы -2020 жж. бойынша 2018 жылы Сайқұдық ауылына  республикалық бюджеттен құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған 203 733 мың.теңге қаражат бөлінді.Ағымдағы кезеңде Құрылыс басқармасы келесі елді мекендерді сумен жабдықтауға арналған жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. «Су құбыры құрылысы БҚО Ақжайық ауданы Базартөбе ауылы», «Сумен жабдықтау жүйесін қайта құру Ақжайық ауданы Жайық ауылы», «Сумен жабдықтау жүйесін қайта құру Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылы», «Су құбыры құрылысы БҚО Ақжайық ауданы Кеңсуат ауылы», «Су құбыры құрылысы БҚО Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы».

 

 

 

 


 

egov kz

 zt kk

zt kk1


Ауа райы