• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ақжайық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жұмысы ҚР ТЖМ Алқасының 2011 жылғы 14 қантардағы № 1 «ҚР ТЖМ 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарды іске асыру  шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу  және жою саласындағы жұмыс қорытындылары туралы» іс-шаралар жоспары, БҚО төтенше жағдайлар Департаментінің және бөлімнің  2012 жылға арналған жоспарлары бойынша жүргізілуде.

Есеп беріп отырған кезеңде, яғни 2012 жылдың 3 айында аудан бойынша ірі көлемді төтенше жағдайлар болған жоқ, алайда 2 оқиға тіркелуде, олар біріншісі: 2012 ж. ақпанның 02-күні сағат 08:00 шамасында ауа-райына байланысты, яғни боран шығып, қатты жел соғу салдарынан Ақжол ауылдық округінің Тінәлі ауылында әуе жолдарының электр желісіндегі  аварияның нәтижесінде электр жарығы сөніп қалу оқиғасы. Екіншісі: 2012 ж. 15.02 сағат 13:40 Мерген ауылының тұрғыны аз.Р.М.Шолапановтің /1978 ж.туған, жұмыста жоқ/ тұрғын үйінің артқы жағында орналасқан қора-қопсылардың маңында үй иесі шаруашылық жұмыстарын атқару барысында - бағана қазып жүрген кезде азаматтық соғысынан қалған жарылғыш снаряд типті затты тауып алған фактісі. Адам шығыны болған жоқ. Аудан аумағында орналасқан БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-ң № 18 және №24 өрт сөндіру бөлімдерімен бірге 16 рет авариялық-құтқару жұмысына шықты, жалпы 61 адам қүтқарылды, соның ішінде: 3 бала, 6 әйел. Жыл басынан 6 өрт оқиғасы орын алды, барлық өрт фактілері жайында Ақжайық ауданының ТЖБ-мі қызметкерлерімен дербес, яғни өз бетімен қылмыс құрамы жоқтығына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды. Ал, тиісті шара қолдану үшін басқа тергеу органдарына іс-құжаттар аталған мерзім ішінде жолданбаған.

Қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыру мақсатында алғашқы дайындық мектебінің қызметкерлерімен оқу-жаттығулар өткізілді.

Қызмет барысында осы мерзімге бағытталған іс-шаралар атқарылды, атап өткенде: - аумақтық қауіпсіздік паспортына, төтенше жағдайлар қауіп қатері каталогына түзетулер еңгізілді; - қар үйінділері, су тасулар туындауына байланысты  қауіпті табиғи құбылыстарға, дала өрттеріне үздіксіз мониторинг жасалды; - ықтимал қауіпті учаскелерге шолулар өткізілді; - тиісті шұғыл шараларды жүргізу үшін орталық атқарушы органдармен ауа райы ақпаратымен жедел алмасуы қамтамасыз етілді.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының 1 жоспарлы отырысы өткізілді. Олар 2011 жылын қорытындылап, 2012 жылға жоспар құру, су тасқынының  және «Көктем 2011» КШЖ  өткізу тақырыбында бағытталды.

БҚО ТЖД бастығымен 2012 ж. 27.01 бекітілген «БҚО ТЖД Ақжайық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2012 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес, ТЖ департаменті бастығының жанындағы Кеңестің 2011 жылғы 25 қыркүйектегі №3 хаттамалық шешіміне сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардан болуы мүмкін зардаптарының қауіп-қатерлерін бағалау мен алдын ала болжау мақсатында мынадай жұмыстар ұйымдастылуда: БҚО Ақжайық ауданының Қауіпсіздік паспортына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; аудан және ауылдық округтердің Қауіпсіздік паспорттарын келісу; БҚО Ақжайық ауданы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар Қауіпінің каталогіне түзетулер енгізу болып табылады. Аудан аумағының табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға бейімділігін, Елбасының 2010 жылғы 12 наурыздағы және 2011 жылғы 17 сәуірдегі су тасқыны келеңсіз зардабының алдын алу жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, аудан әкімімен бекітілген «Ақжайық ауданы халқын және аумағын су тасқыны кезеңінде ТЖ-дан қорғау және 2012 жылға арналған су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу» жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. ТЖ кезінде халықты әрекет ете білуге үйрету түрін жетілдіру, АҚ және ТЖ күштерінің өзара әрекет етуін ұйымдастыру, Азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау мақсатында мынадай кешенді іс-шаралар дайындалып өткізілді: құрастырылған айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2012 жылғы 1-28 ақпан аралығында Ақжайық ауданы аумағында «Халықты төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге оқыту жөніндегі айлығы» өтті. Айлық барысында жеке тұрғын үйлер секторында жадынамалар үйлестіріліп, әңгіме-нұсқамалар жүргізілді. Азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттау мақсатында білім беру ошақтарында 1-11 сынып оқушылар арасында техникалық қауіпсіздікті сақтау, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар туралы әр түрлі тақырыптары жөнінде дәрістер  оқылды. 2012 жылдың 1 наурыз күні Азаматтық қорғанысының Дүниежүзілік Күнін атап өтуге ұштастырып, ҚР ТЖМ құрылымдарында «Ашық есік» шарасы, авариялық жағдайлар бойынша мектептерде үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды.

Халықты азамат қорғанысына үйрету мақсатында жаттығулар өткізіліп, бүгінгі күнге 10 - командалық штабтық оқу-жаттығу, 1 - кешендік оқу-жаттығулар өткізілді. Аудандық баспасөз арқылы, яғни «Жайық таңы» газетінде бірқатар мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, 2012 жылдың І-ші және ІІ-ші тоқсандарында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы бойынша Республикалық курстар мен және облыстық ТЖД-не біліктілігін жетілдіру курстарына оқуты үшін аудан тұрғындарын жіберу жоспарлануда.

2012 жылдың І-ші тоқсанында жоспар бойынша 39 объект өрт-техникалық тексерістен өткізілді. Өткен мерзім ішіндегі тексерістің қорытындысы бойынша 22 лауазымды және 2 жеке түлғаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдың жалпы сомасы 215.194 теңге қүрады, 1 ескерту берілді. БҚО мамандырылған ауданарлық экономикалық сотына объектілердің жұмысын  тоқтату  үшін 4 талап-арыздар жолданды. 3 қондырылған автоматты өрт дабыл жүйесі қабылданды. ҚР ӨҚЕ талаптарының 58 бұзушылықтары анықталып, 10 жойылды.  

Төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты үйрету  мақсатында аудандық "Жайық таңы" газетінде 8 мақалалар жарияланды. Сонымен қатар мектептер мен мекемелерде 250 адамға 13 рет дәрістер оқылды, 400 адам қамтылуымен 20 жиын өткізілді. Тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жұмыстарын нығайту мақсатында ақпан-наурыз мерзімінде айлық өткізіліп, 2.370 үй тексеріліп өтті. Тексеріс барысында үй тұрғындарымен әңгіме-нұсқамалар өткізіліп, жадынамалар үйлестірілді. БҚО ТЖД Ақжайық ауданының ТЖБ-нің қызметкерлерімен объектілердің өртке қарсы жай-күйіне жүргізілген тексерістер нәтижелері туралы, тұрғын үй секторында жарияланған өрт қауіпсіздігі айлығының барысы туралы, аудан көлемінде орын алған өрттердің және оларды алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы аудан әкімділігіне, аудандық прокуратурасына және басқа да мүдделі орындарға ақпараттар дайындалып жолданды.

Көкшетау техникалық институтына оқуға 2 үміткер іріктеліп, қазіргі таңда үміткерлер оқу орнына түсуге дайындалу үстінде.

Жеке құрамның білім деңгейін жоғарлатып нығайту мақсатында жоспар-кесте бойынша әскери қызметтік дайындығы сабақтары және жеке тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан бойынша өзекті мәселе болып, жергілікті басқару органдарымен бірігей шешуге келесі мәселелерді жоспарлауда:

1. Көктем мезгілінде еріген қардың суын ауыл арасынан тазарту мақсатында су өтетін жолдар мен орындарды тазалау

2. Өрт сөндіру автокөліктеріне су алатын әдейі орындар орнату жайындағы мәселелерін көтеру .

3. Өрт қауіпті кезеңдерге дайындалу кезінде ауылдық әкімдіктермен бірлесе отырып жұмылдыратын құрамылар мен ерікті өрт сөндірушілермен тактикалық жаттығулар өткізу.

 

Ақжайық ауданы аумағындағы Төтенше жағдайлардың, өрттердің алдын алу, бұқаралық үгіттеу жұмыстарын күшейтіп профилактикалық жұмыстар жүргізу бөлімі қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.


 

 


Ауа райы