• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

1. Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі.

2010 жылы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, жергілікті атқаршуы органдарға ветеринария саласындағы бірқатар іс-шараларды жүргізу құзыреті берілген болатын. Осыған байланысты 2010 жылы дербес Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. 2011 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қыркүйегіне дейін 3 бөлімнің бірігуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі болып құрылды. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қайта құрылымдалып «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі» болып қызмет атқарып келеді. Бөлімді 2015 жылдың қыркүйегінен бері Нуралиев Мақтауғали Зғалиұлы басқарып келеді.

 

2. Ақжайық ауданының ветеринария бөлімінің штаты:

1. Нұралиев Мактауғали Зғалиұлы – бөлім басшысы ,1958 жылы туған, білімі – жоғары

2. Бакиров Әлібек Жәрдемұлы – бөлім басшысының орынбасары ,1986 жылы туған, білімі – жоғары

3. Дюсенгалиев Мажит Қыдырұлы  - бас маман, 1966 жылы туған, білімі – жоғары

4. Шмиров Серикбай Бисенбайұлы - бас маман, 1965 жылы туған, білімі – жоғары

5. Утешев Марлен Жүнісұлы - бас маман, 1984 жылы туған, білімі – жоғары

6. Есеналиев Нұрқабыл Тлекбайұлы - бас маман, 1991 жылы туған, білімі-арнаулы орта

7. Малғаспаева Жадыра Берікқызы - бас маман, 1991 жылы туған, білімі – жоғары (бала күтіміне байланысты еңбек демалысында)

 

Байланыс телефондары: 8-71136-92-3-88

 


2018 жылдың 4-сәуірінде ауданның Бударин ауылдық округіне қарасты Дархан шаруа қожалығының базасында аусыл ауруынан симулятивті жаттығудың тәжірбиелік бөлімі оздырылды. Жаттығуға Халықаралық эпизоотиялық бюроның Қазақстан Республикасындағы өкілі Қожамұратов Асылбек Әубәкірұлы бастаған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің сарапшылары, Республикалық ветеринариялық зертхана өкілдері, КазНИВИ ғалымдары, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау және Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері, Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың өкілдері, Батыс Қазақстан облысы Ветеринария басқармасының басшылары мен мамандары, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшылар мен мамандары, аудан аумағында орналасқан жергілікті ветеринариялық қызметтің мамандары түгелімен қатынасты.  Жаттығуды аудан әкімі Ә.Жоламанов ашып, келген қонақтарды ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы тыныс-тіршілігімен таныстырды. Симулятивті жаттығуда аусыл ауруының клиникалық белгілері білінгеннен бастап, ауырып тұрған малды қарау, малдан зертханаға сынамалар алу және тапсыру тәртібі, малды оқшаулау, эпизоотологиялық зерттеу жүргізу, вакцинация жасау, бұқырлау жүргізу және өлген малды өрттеу арқылы жою сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қағида талаптарына сай атқарылуы тиіс шаралардың барлығы келген сарапшыларға көрсетілді.

 5-сәуір күні облыстық ветеринария басқармасының мәжіліс залында аусыл ауруынан симулятивті жаттығудың теориялық бөлімі оздырылды. Осы шарада КазНИВИ-дың ғалымдары және сарапшылар аусыл ауруы бойынша дәріс оқыды. Сарапшылардың берген бағасы бойынша жаттығу жақсы деңгейде өткізілген. Осы оздырылған аусыл ауруынан симулятивті жаттығу аусыл ауруының ошағы пайда бола қалған жағдайда ветеринариялық қызметтің үйлесімді және дер кезінде шараларды қабылдап, ауру ошағының ары қарай таралмауына өз септігін тигізеді деген ойдамыз.


 


Ауа райы