• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-001.png
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG
  • 2016-07-27-008.jpg
  • 2016-07-27-009.jpg

1. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі - аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы №26 қаулысына сәйкес құрылды. Қызметі аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолдар мен жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, жолдар желісін дамыту, жолдар мен жол бойы құрылыстарын пайдалану, жолаушылар көлігімен тұрғындарға сапалы қызмет көрсету жұмыстарына басшылық, салаға қатысты заңнамалар мен нормативтердің сақталуына мемлекеттік бақылау жасау.

 

2. Бөлімінің штаты:

1) Жаншин Асылбек Ғабитұлы- бөлім басшысы 1979 жылы туған, білімі - жоғары

2) Конусова Мария Ниетқалиқызы - бас маман-есепші, 1962 жылы туған, білімі - жоғары.

3) Замеров Айбек Дамерұлы - бас маман, 1992 жылы туған, білімі - жоғары.   

4)  Гиззатов Беимбет Махамбетұлы- бас маман,  1991 жылы тұған, білімі-жоғары.


«Үздік ауылдық округ орталығы» және «Үздік елді-мекен» байқау – конкурсын өткізу ережесі


Ақжайық ауданы бойынша жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар (xls, 22 Kb)

Ақжайық ауданы бойынша Қомқорлықсыз қалған жетім балалар (xls, 33 Kb)

Ақжайық ауданы бойынша Халықтық әлеуметтік жағынан қорғалатындар (xls, 40 Kb)

Ақжайық ауданы Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері (xls, 33 Kb)


Жолаушылар тасымалы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы. ЖК "БАЙМУРЗИЕВ Р.С." (pdf, 235 Kb)

Жолаушылар тасымалы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы. ЖК ТЮРЕБАЕВ Т.Г. (pdf, 235 Kb)


«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ нің  2018 жылға  арналған азаматтық бюджетіне жазбаша түсіндірме.

«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ нің 2018 жылғы бюджеті Ақжайық аудандық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2017 жылдың 15 желтоқсандағы №15-2  шешімімен төмендегі бағдарламалар бойынша бекітілген:

Әкімшісі,бағдарлама, кіші бағдарлама

Ерекшелігі

Сомасы,
мың тенге

Түсіндірме

458-Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

 

 

001000-Жергілікті деңгейде тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

 

 

 

 

111

5487

2018 жылға штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақылары мен жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемдері

 

113

915

2018 жылға штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің сауықтыруына өтемақы төлемдері

 

114

274

мемлекеттік қызметкерлердің міндетті кәсіпкерлік жарналары

 

121

296

мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік салығы

 

122

247

мемлекеттік қызметкерлердің МӘСҚ әлеуметтік аударылымы

 

123

11

Көлік құралдарының иелерін азаматтық құқықтық жауапкершілікке міндетті сақтандыру жарналары

 

124

165

мемлекеттік қызметкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары

 

131

931

2018 жылға штаттық кестеге сәйкес техникалық персоналдардың  еңбегіне ақы төлеу мен жыл сайынғы еңбек демалыстарының төлемдері

 

135

167

Техникалық персоналдың әлеуметтік салықтары, МӘСҚ әлеуметтік аударылымы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары

 

136

265

Техникалық персоналдардың іс сапар шығындары

 

144

754

АИ-92 маркалы бензин, жанар- жағар май (мотор май) сатып алу

 

149

660

Мерзімді басылымдарды, кеңсе заттарын, автокөліктің қосалқы бөлшектерін, шаруашылық  және оргтехникаларға шығыс материалдарын сатып алу

 

152

587

Байланыс қызметтері мен интернетке ақы төлеу 

 

159

7604

1С бағдарламасын ақпараттық-технологиялық сүйемелдеу, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, газетке хабарландыру орналастыру банктің қаржылық қызметі, картридждарға бояу құю, оргтехниканы жөндеу, вирусқа қарсы бағдарлама орнату, жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын жасау және шекараларын бекіту

 

161

375

Мемлекеттік қызметкерлердің іс сапар шығындары

 

169

11

Қоршаған ортаға эмиссия төлемдері мен нотариалдық қызметтер.

Жиыны

 

18850

 

Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

412

12000

үй-жайлар сатып алу

автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

159

47035

 №1,  2 нысандар (оң және сол жағалау) бойынша Ақжайық ауданының аудандық маңызы бар автожолдарын
ағымдағы жөндеу және күтіп - ұстау жұмыстары

Әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

311

1060

  Жолаушыларды Нефтебаза-Чапаево-Жаик маршруттар автокөлікпен тасымалдауға субсидия

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға деінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру

159

45346

"БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының көшелерін абаттандыру" нысаны бойынша  жобалық-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама  жасау қызметі және тратуарлар орнату жұмыстары

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу-жиыны

 

8678

 

в т.ч.                средний ремонт

159

4054

БҚО Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылының кіреберіс жолын орташа жөндеу" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау және мемлекеттік сараптама жасау қызметтері

капитальный ремонт

422

4624

БҚО Ақжайық ауданы Жаик ауылының кіреберіс жолын құмды-қиыршықтасты жабынмен күрделі жөндеу" нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау және мемлекеттік сараптама жасау,«БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының Тәуелсіздік, Щурихин көшелеріндегі ауылішілік жолды күрделі жөндеу", «БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылының Меңдалиев, Қазақстан,  Щурихин көшелеріндегі ауылішілік жолды күрделі жөндеу" нысаныдар  бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау

Барлығы

 

132969

 

 

Басшының м.а.                        Б.Гиззатов

Бас маман                               М.Конусова


Тұрғын үй

1) Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Чапаев көшесі, №47а коммуналдық үйдің 1 пәтері 1 және 2 топ мүгедегі санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Есенаманулы Бекболатқа жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

2) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №13 коммуналдық үйдің 1 пәтері зейнеткер санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Макашева Инсаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

3) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №13 коммуналдық үйдің 2 пәтері көп балалы отбасылар  санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Амангалиева Улдаш Магызомовнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

4) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №17 коммуналдық үйдің 1 пәтері толық емес отбасылар  санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Каримова Гульжанар Идеятовнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

5) Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, Чапаев көшесі, №47а коммуналдық үйдің 2 пәтері толық емес отбасылар санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Гумарова Айгуль Дабысовнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

6) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №17 коммуналдық үйдің 2 пәтері толық емес отбасылар санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Буланаева Эльмира Срымовнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

7) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №21 коммуналдық үйдің 1 пәтері мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Аугалиева Райгуль Гатауовнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

8) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №19 коммуналдық үйдің 1 пәтері мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасы санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Нуралина Айгул Тулеповнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

9) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №19 коммуналдық үйдің 2 пәтері мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасы санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Кенесова Зауреш Бисеновнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

10) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №15 коммуналдық үйдің 1 пәтері кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Аманбек Малика Нұрлыбекқызына жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.

11) Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №15 коммуналдық үйдің 2 пәтері кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатымен тұрғын үй кезегінде тұрған Бородосова Надия Сериковнаға жалға беру тәртібімен пайдалануға берілді.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбына мақала

Сыбайлас жемқорлық - әзiрше әлемнiң бiрде бiр елi жеңiп шыға алмаған әлеуметтiк бәле.

Әлемнiң барлық мемлекеттерi осы бәлеге тап болып отыр. Сонымен қатар қазiргi заманғы жағдайда сыбайлас жемқорлық мемлекет iшiлiк проблемадан бiртiндеп ғаламдық проблемаға айналып бара жатыр.

Сыбайлас жемқорлық жалпы қылмыспен қатар Қазақстанда мемлекеттiк билiк және қоғам үшiн қауiптi.

Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді.

Қазақстан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендік болып саналады.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленеді.


Туған өлкеміздің экологиясын бірге сақтайық!

Қазіргі уақытта Қазақстанда қалдықтарды басқару мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Қалдықтарды басқару  Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Елді-мекендердің көшелері әсем де әдемі, таза да көрікті болуы көпшілікпен бірге атқарылатын, тәрбиелік және мәдени мәні жоғары  іс деп білеміз.

Соңғы жылдары ауданда абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру басты назарда. Нәтижесінде ауылдар мен елді мекендерде тал-көшеттер отырғызу, көктем және күзгі мезгілдерінде қалдықтардан тазалау жұмыстар қалыптасты.  Осындай істерге тазалық күндері, сенбіліктер мен айлықтар өткізу үрдісі оң ықпал етуде. Өйткені, тазалық әр тұрғынның өзінен басталады. Ал, ең бастысы - тазалық денсаулық кепілі.

Сондықтан, елді мекендердің аумақтарын жинастыруды және тазалауды ұйымдастыру; аумақты абаттандыру, жарықтандыру; саябақтардың аумақтарын абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалау; арықтар мен каналдарды тазалау; жолдарды қысқы-жазғы тазалау және күтіп ұстау талаптарын қатаң есте сақтауымыз қажет.

Аталған жұмыстар жыл бойы атқарылатын жұмыс болғандықтан мекемелер мен ұжымдар атқаратын жұмыс ауқымын нақты белгілеп, тиісті аумақтарды бекітіп беру керек және ауыл тұрғындары өз үйінің аумағын таза ұстау қажет. Өйткені, тазалық - ауылдың айнасы.

Жыл сайын елді мекендерде абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып, экологиялық ойсырауға ұшырады.  Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендерінің ластануы, қоқыстардың көбеюі - бұл экологиялық мәселе.

Өкінішке орай, талдаулар көрсеткендей, елді мекен аумақтары мен белгіленбеген жерлерде әлі де болса қоқыс пен қалдықтардың шашылып жату фактілері орын алып келеді. Ең басты кемшіліктің бірі тұрғындар арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, тазалықты сақтау жұмыстары әлі де өз деңгейінде жүрмеуі деп білеміз. Осыған байланысты көпшілік арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп, тұрғындарға Заң талаптарына сәйкес ескерту беріп, тиісті шара қолдану қажет екендігін есте сақтаған жөн. Тұрғындар арасында қоғамдық ұйымдар мен оқушылардың қатысуымен ҚТҚ бөлектеп жинау жүйесі туралы үгіт насихат жұмыстарын (жиналыстар, брошюра,  акциялар) тұрақты түрде ұйымдастыру және жүргізу қажет.

Сондықтан, алдағы уақытта барлығымыз елді мекендер мен көшелердің, қоршаған ортаның санитарлық тазалығын сақтауға, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына сергек қарауымыз қажет. Болашақ ұрпағымыз үшін туған өлкеміздің экологиясын бірге сақтайық!

 

Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар  көлігі  және

автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Д.Замеров


Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайынғы түгендеу

Ақжайық ауданы бойынша тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізілуіне орай,  Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 71-бабы  5 тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған азаматтарына ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 желтоқсанға дейін (қажетті құжаттар тізімі жалғанған) құжаттарын жаңарту үшін жолығуларын сұрайды. Сонымен бірге егер отбасы құрамына өзгеріс болған, тұрғылықты жері ауысқан жағдайда мына мекенжай бойынша: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, №70 үйге келіп өзгертулері сұралады. (қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма күндері аралығы сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 12.30 - 14.30-ға дейін, 1-қабат, 25-бөлме).

Тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған азаматтар үшін қажетті құжаттар тізімі:         

1) өтініш иесінің мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

2) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктерінің көшірмелерін;

3) аумақтық әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы);

4) жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің жоқтығы туралы);

5) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (құжатты салыстыру үшін), не тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

6) басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп таныған жағдайда оларды өтініш берушінің отбасы мүшесі деп тану туралы соттың шешімі;

7) әлеуметтiк жағынан осал топтарға жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) әлеуметтiк жағынан осал азаматтарға жататынын растайтын құжатты;

8) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы туралы анықтамасы;

9) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі берген мәртебесін анықтайтын құжаттарын ұсынады.

10) жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады;

11) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда өтініш берушілер тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.

 «Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Ақжайық ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны-электрондық түрде, мерзімі- күнтізбелік 30 (отыз) күн, нәтижесі - кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға, коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиісті елді мекенде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік  қызметті көрсетуден бас тарту мынадай:

- жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғын үйі авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдіргенін анықтау;

- республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын фактінің болмауы;

егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде:

- тұрғын үй-жайын ауыстыру;

- оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған кезде сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығару;

- оның кiнәсiнен тұрғын үйдi бұзу немесе бүлдіру;

- тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен көшіп кету;

- жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу жолымен өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса, 
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады және де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың дара тізімдері Ақжайық ауданы әкімі аппаратының интернет-сайтында жарияланып келеді.

2) «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде, мерзімі - құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 10 (он) күн, нәтижесі - мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

3) жұмыс орнынан анықтаманы;

4) мекенжай анықтамасы ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген кезде тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

3) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде, мерзімі - көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн, нәтижесі-белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты, әзірлік паспортының беруден бас тарту, не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)    көрсетілетін қызметті берушілерге:

- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;

- әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

- станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.

2)    порталға:

- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

- әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

- станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

Көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде - қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

 


 


Ауа райы