• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысына қатысты деректер 1946 жылдан басталады. 1962 жылға дейін мекеме аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, 1992 жылға дейін аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып аталды. 2002 жылдан аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып көптеген құрылымдық өзгерістерге ұшырады. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып қайта құрылды. Бөлімнің міндеті - жұмыссыздарды тіркеу, тұрақты немесе қоғамдық жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау, тұрмысы төмен отбасыларына әртүрлі мемлекеттік  көмек көрсету, қариялар мен мүгедектерді қамқорлау.  Бөлімді 2007 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 3 ақпанына дейін  Қайрекеев Талғат Қырықбайұлы басқарса, 2017 жылдың 3 наурызынан бастап бөлім басшысы қызметіне Нұржанова Жанна Рахметоллақызы тағайындалды. 

 

 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штаты:

1) Нұржанова Жанна Рахметоллақызы - бөлім басшысы, 1961 жылы туған, білімі - жоғары.

2) Қажғалиев Оразбай Жігербайұлы- орынбасары, 1968 жылы туған, білімі-жоғары

3) Утемисова Светлана Пазылханқызы - арыз-шағымдарға жауапты бас маман, 1969 жылы туған, білімі - жоғары.

4)  Байбаракова Мәншүк Ғалиарыстанқызы - әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу жөніндегі бас  маман, 1984 жылы туған, білімі - жоғары.

5) Есенғалиева Анар Бауыржанқызы - қаржы экономикалық жұмыстары жөніндегі  бас маман, 1985 жылы туған, білімі - жоғары.

6) Бегманова Айзада Болатқызы -  мүгедектермен жұмыс жөніндегі бас  маман, 1986 жылы туған, білімі - жоғары.

 


Күш біріктіріп күрескен жөн

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  заңының  орындау мақсатында Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жемқорлықтың алдын алуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы негізгі үш бағытқа бағытталған – халықты жұмыспен қамту, кедейшілік деңгейін төмендету , аз қамтылған отбасыларын қолдау, мүмкіншілігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер, жалғызілікті қариялармен жұмыс жүргізу.

Осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында бөлім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жыл 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен  бекітілген 19 мемлекеттік стандарт бойынша  қызмет көрсетіледі. Осы стандарт бойынша көрсетілетін қызметтерді жүргізу регламенті  БҚО әкімдігінің 2015 ж 4 тамыз №204 қаулысымен бекітілді. Бөлім бойынша азаматарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стндарты мен регламенттері арнайы стендіде орналастырылған және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер аудандық «Жайық таңы» газет бетіне жарияланды. Сыбайлас жемқорлық ол міндетті түрде пара алу немесе пара беру емес. Халықпен жұмыс жасаған кезде әр мемлекеттік қызметкердің  ар намыс Кодексін сақтамай, өз лауазымын асыра пайдалану да сыбайлас жемқорлықтың бір түрі болып табылады .

2017 жылдың 10 айында жалпы 12698 қызмет көрсетілді соның ішінде  314  ХҚКО арқылы баламалы тұрде. Осы көрсетілген қызметтерді бағалау жөнінде 8174 карточка толтырылды. Бюджеттен бөлінген қаражат мақсатты жұмсалып, мемлекеттік сатып алу процедуралары заң аясында электрондық тәртіппен өткерілуде. Салық органдарына табыс салығы туралы декларациялар уақытында өткізілді. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арыз – шағымдар жәшігі орнатылған. 8(71136)91-390 сенім телефоны жұмыс істейді. 2017 жылдың он айында заң бұзушылықтар бойынша сенім телефонына, орнатылған жәшікке арыз шағымдар түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында бөлімде аудан мекеме басшыларымен, бөлім қызметкерлерімен жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады. Бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөнінде буклет жасақталып таратылды. Жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібі, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау жұмыстары заң аясында және нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Тұрғындардың ұсыныс пікірлері мен арыз шағымдарына арналған жәшік ғимараттың екінші қабатында орналасқан.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. 2017 жылдың 10 айында бөлімге заңды тұлғадан 267 өтініш түсіп, 267-і қанағаттандырылып, түсініктеме берілді, соның ішінде   жеке  тұлғалардан 134 өтініш түсіп, оның 134 –не түсініктеме берілді. Бүгінгі күнде өтініштердің кешіктірілгені немесе қанағаттандырылмағаны туралы фактілер жоқ. Жеке сұрақтармен 37 азамат бөлім басшысының қабылдауында болып, тиісті жауаптар алды.

Қорыта айтқанда, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, осы дерттің алдын алған жөн.

 

Сыбайлас жемқорлық туралы мақала 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан    борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде   , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті деп көрестілген. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысуының негізгі себептері мыналар болып табылады: -мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы; -құқық бұзушылыққа немқұрайды қарайтын, қызметтік тәртібі төмен кейбір мемлекеттік органдар; -кейбір мемлекеттік қызметшілердің мемлекет мүддесін емес, өзінің жеке басының жайын күйттеуі; -кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы заң талаптарын орындау жөніндегі жұмысының мардымсыздығы; Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық   да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

 

Ақжайық   аудандық   жұмыспен   қамту  және   әлеуметтік

Бағдарламалар   бөлімі

 

  1. Жалғызілікті қарияларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі   -     Макатова Айсумгуль Макатовна

Әлеуметтік кеңесші -

Әлеуметтік қызметкерлер саны -    хххх

Қарауындағы адам саны - *****

 

  1. Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі        Байгазиева Гүлдана ****

Әлеуметтік кеңесші      Жазықбаева Айдана Канатовна

Әлеуметтік қызметкерлер саны     хххх

Қарауындағы адам саны - *****

 

  1. Аралас жалғызілікті қарияларға және мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі

Бөлім меңгерушісі        Сапарова Айман+++

Әлеуметтік кеңесші    Жумказиева Аягоз ----

Әлеуметтік қызметкерлер саны     хххх

Қарауындағы адам саны - *****


Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай,   «Мейірімді ана алақаны» атты  мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен мерекелік кездесу  өтті.

Шараға «Шуақ» әйелдер қоғамының төрайымы Мәншүк Есенжанқызы, «Нұр Отан» партиясының Ақжайық аудандық филиалы  төрағаның орынбасары Нысанбаева Айжан Ғибатоллақызы және аналар қатысты.

Бөлім басшысы Нұржанова Жанна Рахметоллақызы көктемнің алғашқы мерекелік күнімен қатысушылырды құттықтап, мүгедек балаларға қатысты  бірқатар мәселелерге тоқталып кетті. Аналар өз ойларын ортаға салып, көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Аталмыш  шара барысында бөлімше меңгерушісі А. Макатова «Мейірімді жүрек» атты танысу тренинг және «Анаға арнау» өлеңін тарту етсе,  Саз мектебінің  оқушысы Әділхан Аружан  ән шашу арнады.

Шара нәтижесінде жігерлері мықты, қоғамда ерекше орыны бар  ардақты аналар жүрекжарды тілектерін арнады.

Сый-сияпаттар беріліп, мерекелік дастарханнан дәм тартты.  


Ақжайық ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру туралы

2014 жылы  ауданымыздағы шағын кәсіпкерлікті дамыту  үшін  57 адамға 133,0 млн.теңге несие берілді, оның  ішінде.  44 адам (109,0 млн.теңге) мал шаруашылығын дамытуға  несие алса, 13 адам (24,0 млн.теңге)  әр түрлі салада несие алды (наубайхана-2 , тігін цехы-2, автокөлік жөндеу -3, ағаш өңдеу цехы-1, жылыжай салу-1,қымыз өңдеу-1, тойхана ашу-1,пластик терезе жасау-2).

2015 жылы  2013-2014 жылдағы берілген несиенің  қайтарым сомасының есебінен 12 адам 25 000,00 млн. теңге   несие алды,1 адам құс өсіру қалғаны  мал шаруашылығына алды  жәнеде  осы жылға 40  млн. теңге   несие ауданымызға қарастырылып қазіргі таңда 5 адам 12,000 млн. теңге несие алынса  5 құжат «Ауыл  шаруашылық қаржылай қолдау қоры АҚ-на» құжаттарын толықтай тапсырылды.

Кәсіби оқуға  -2014 жылы  кәсіби даярлыққа  жоспар бойынша 18 адам болғанымен 21 адамға жолдама берілді.  2014 жылға оқытылатын мамандықтар: (шаш үлгілерін жасаушы, тігінші, іс қағаздарын жүргізуші, мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі, бала күтуші, есепші , мал дәрігерлік өңдеу операторы). Оқу мерзімі-10 ай

Қайта даярлауға - 2014 жылы жоспар бойынша 5 адам, бірақ 9 адамға жолдама беріліп, барлығы да өз  мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Біліктілігін арттыруға - 2014 жылы «есепші» мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға 5 адам жоспарланып, шілде айының 1-не дейін 2 адамға жолдама беріліп,  толықтай жұмысқа орналасты

2015 жылға «Кәсәби оқу», «Қайта даярлау», «Біліктілігін арттыру»  курстарына қаражаттың бөлінбеуіне байланысты жұмыстар атқарылған жоқ. 

Әлеуметтік жұмыс орындары- 2014 жылы 52 жұмыс  берушіден  өтінім  қабылданып , жоспар бойынша 86 адамның орнына  144 адамды жұмысқа қабылдадық. Қазіргі таңда 107 адам  тұрақты жұмсқа орналасты.

2015 жылы қаражаттың аздығына байланысты 14 жұмыс берушіден өтінім қабылданып, жоспар бойынша 29 адамның орнына 31 жұмыссыз адам «әлеуметтік жұмыс орнына» тартылды.

Жастар тәжіребесі- 2014 жылға 43 ұжыммен келісім шарт жасалып    жоспарланған 66 жас маманның орнына   93 жас маман «Жастар практикасына» өз мамандықтары бойынша қатысып,  бөлінген 12 959,0 млн.теңге қаржыны игеріп ,67  жас маман  тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2015 жылға  9 723,0 мың тенге қаражат бөлініп  4 620,0 қаржыны игеріп,  36  ұжыммен келісім шарт жасалып,жоспарланған 23 жас маман  орнына  40  жұмыссыз жас маман жастар практикасына орталықтың жолдамасы арқылы жұмысқа орналастырылды.   6  адам тұрақты жұмысқа орналасты.


Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, дәстүрлі 1-қазан Халықаралық қарттар күнін  өткізу мақсатында қайырымдылық акцияларын өткізу, еңбек ұжымдарында, Ардагерлер кеңесінде, егде адамдарға материалдық көмек көрсету, төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдерін сату жәрмеңкелерін ұйымдастыру, денсаулық ұйымдарында, мәдениет және қызмет көрсету салаларында ашық есік күндерін өткізу, жеке кәсіпкерлерді аталған акцияға қатысуға тарту, сондай-ақ басқа да қайырымдылық шараларын ұйымдастыру туралы көптеген игі шаралар барлық округ бойынша және мекемелер көлімінде  аталып өтті.


10.02.2015 ж.

«Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 090100 Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі35 үй.

 

Веб-сайт мекен-жайы: www.akzhaik-bko.gov.kz. Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, жеке көмекшілері  мен ымдау тілі мамандарына ерекше тәртіп әдісін пайдалана отырып, әлеуметтік мемлекеттік тапсырыспен қарастырылған, әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілетінін хабарлайды.

 

Сатып алатын қызметтердің тізімі, жеткізу мерзімі және толық егжей-тегжейін ашу құжаттары конкурстық құжатнамада  толық көрсетілген.

 

Жеткізу орны: Батыс-Қазақстан обласы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35 үй.

 

Қызмет көрсетуді жеткізу мерзімі: қол қойған күннен бастап, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

 

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен 8 бабының, 1 тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

 

Конкурстық құжаттар көшірмесін 2015 жылдың 16 ақпан  күні сағат 11.00 дейін мына мекенжайда: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 090100, Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35 үй, сағат 8.30-ден 18-30-ге дейін немесе веб-сайт арқылы мына мекенжайда:www.akzhaik-bko.gov.kz  болады.

 

Конкурсқа қатысуға әлеуетті жабдықтаушылар тапсырысы жабық конвертте (жіберіледі) төмендегі мекенжайға тапсырылады: «Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 090100, Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35 үй, №4 каб.

 

Конкурсқа сұраныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2015 жылдың 17 ақпан күнге, сағат 10.00-ге дейін.

 

Конкурсқа сұраныстар конверттері 2015 жылдың 17 ақпан күні, сағат 11.00-де мына мекенжайы бойынша ашылады: «Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 090100, Батыс-Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 35 үй.

 

Қосымша мәліметтер мен анықтамаларды 8(71136) 91-7-50 телефоны арқылы алуға болады. Ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті өкілі: Есенгалиева Анар Бауржановна - «Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы, байланыс телефоны: 8(71136)91-7-50.


 

 


 

 


Ауа райы