• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Құрметті салық төлеушілер!

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2017 жылдың 13 қазаны күні Ақтөбе қаласында жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша көшпелі семинар өткізілетінін хабарлайды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қызметкерлері, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері қатысады.

Семинардың негізгі тақырыбы:

  1. Салық кодексінің жобасындағы жаңа тәсілдер;
  2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
  3. Өңірлік ерекшеліктерге байланысты қосымша баяндамалар (агроөнеркәсіп кешені, шағын бизнес субъектілерін әкімшіліктендіру, жер қойнауын пайдалану);
  4. Сұрақтар-жауаптар.

 

Салық төлеушілерді семинарға қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова көш.34, А.Жұбанов университетінің студенттер сарайы, басталу уақыты сағ. 10:00.

Барлық сұрақтар бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру басқармасына немесе жергілікті Мемлекеттік кірістер басқармаларына жолығуыңыз керек.


 

 


Ауа райы