• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Елбасының Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары Ақжайық ауданында да кеңінен насихатталып келеді. Мемлекет басшысының биылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа тарихи ерекше Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында аудандық медиа-жоспар жасақталып, аудандық және ауылдық ақпараттық-насихат топтарының құрамы жаңартылып, олармен аудан әдістемелік-нұсқау кеңес өткізілді. Бүгінде аудандық ақпараттық-насихат тобы барлық ауылдар мен елдімекендерде болып, тұрғындармен кездесті.

3 ақпан күні аудан активінің жиналысы өтті. Жиналысқа барлық ауылдық округтің әкімдері, мектеп директорлары, «Нұр Отан» бастауыш партия ұйым төрағалары, кәсіпкерлер, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Актив жиынының соңында арнайы қарар қабылданды.

Сонымен қатар Елбасы Жолдауына орай барлық ауылдық кітапханаларда, мектептерде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Елбасы Жолдауын ақпараттық қолдау мақсатында жергілікті «Жайық таңы» газетінде «Жолдауға - қолдау» атты арнайы айдар ашылып, тұрғындардың Елбасының тапсырмаларының орындалуы жөнінде мақалалары, ұсыныс-пікірлері тұрақты жариялануда.

Наурыз айында Республикалық үгіт-насихат тобының мүшесі, Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  Бақылау  және  әлеуметтік комитетінің  төрағасы Бисақаев  Серікқали  Ғұмарұлымен Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау министрлігі  Батыс Қазақстан  облыстық  департаментінің  директоры  Нұржанов  Берікболат  Нәсекенұлы аудан активімен жиын өткізіп Жолдауда көрсетілген мақсат – міндеттерді айқындап, іске асыру жолдары жөнінде әңгіме өрбітті.
 

 

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок


 

 


Ауа райы