• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақжайық аудандық бөлімінің мобильдік ХҚКО шығуының 2016 жылғы 2 тоқсанға арналған кестесі (xls, 38 Kb)


Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы)


Хабарландыру

Есенсай ауылдық округі Тасоба елді мекені тұрғындарының жалпы жиналысы ағымдағы жылдың 14 қараша күні сағат 10-00-де Тасоба бастауыш мектебінде өтеді.

Күн тәртібінде: көшелерге ономастикалық комиссиядан өтпеген көше атауларын қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау.

 

Есенсай ауылдық округі әкімі                                  К.Аристангалиев


Ақжайық ауданы әкімі аппаратында 2014 -2015 жылдың 3-тоқсандағы  жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат

Азаматтардың өтініш, арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде жүргізіледі. Аудан әкімі аппаратына және барлық бөлімдерге түскен барлық өтініштер 2013 жылдың 1 мамырынан  бастап Lotus Notes 8.5 (Basic) бағдарламасы арқылы жүргізіледі.  2014 жылдың желтоқсан айынан бастап   барлық  тіркелген арыз-шағымдар (бөлімдер+ауылдық округтер) Айқын бағдарламасы арқылы жүргізіледі және тоқсан сайын сол Айқын бағдарламасы бойынша БҚО құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне  есеп береді.  

Аудан әкімі аппаратына  2014 жылы аудан  әкімінің  атына барлығы 723 өтініш келіп түсті. Оның697 - і  жеке,  ал 26 - ы  заңды  тұлғалардан.  481 - і жазбаша, 242 - і  ауызша түрде келіп түсті. Санаттар бойынша сараласақ, 26 - ы әлеуметтік  мәселелерге,   360 - ы  жер  қатынастарына,  93  - і тұрғын  үйге, 106 - ы  жұмыспен қамту, 138 - і басқа да мәселелерге байланысты болды. Сондай - ақ 133 азамат аудан әкімінің,  109 азамат аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болды. Жоғары тұрған органдар арқылы келіп түскен өтініштер саны -14, соның ішінде-16 облыс әкімдігі, 1 өтініш БҚО білім басқармасынан. Осы түскен 17 өтініштің барлығы да бақылауға алынып, иелеріне және облыс әкімдігі аппаратына  жауаптары берілді. БҚО әкімінің блогына түскен -14 және  аудан әкімінің блогына- 22 арыз бойынша да облыс әкімдігіне  және өтініш иесіне уақытында жауаптары берілді

2014  жылы оңды шешілген мәселелерді атап кетсек, олар:

27- тұрғын үйге  мұқтаж есебінде  тұрған адамдар үймен қамтылды;

11-адам жұмыспен қамтылды (9-қоғамдық, 2-тұрақты)

116-шаруа қожалықтарына  жер учаскесі берілді.

 

Аудан әкімі аппаратына  2015 жылы аудан  әкімінің  атына барлығы 535 өтініш келіп түсті. Оның504 - і  жеке,  ал 31 -  заңды  тұлғалардан.  329 - і жазбаша, 206 - і  ауызша түрде келіп түсті. Санаттар бойынша сараласақ, 15 -  әлеуметтік  мәселелерге,   204 -   жер  қатынастарына,  105  -  тұрғын  үйге қатысты, 114 - ы  жұмыспен қамту, 97 -  басқа да мәселелерге байланысты болды. Сондай - ақ 141 азамат аудан әкімінің,  65 азамат аудан әкімінің орынбасарларының қабылдауында болды.

 
Жоғары тұрған органдар арқылы келіп түскен өтініштер саны -5, соның ішінде-4 облыс әкімдігі, 1 өтініш БҚО Ардагерлер ұйымы РҚБ БҚО филиалы. Осы түскен 5 өтініштің барлығы да бақылауға алынып, иелеріне және облыс әкімдігі аппаратына  жауаптары берілді. БҚО әкімінің блогына түскен -6 және  аудан әкімінің блогына- 11 арыз бойынша да облыс әкімдігіне  және өтініш иесіне уақытында жауаптары берілді

 

 


Ауа райы