15 Қантар 2019
728

Аудан басшылығы

Ақжайық ауданының әкімі - Айтмухамбетов Калияр Шадиярович

 

Айтмухамбетов Калияр Шадиярович, 1969 жылы дүниеге келген, 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын агроном, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

 1986 жылы Қызылкөл совхозының жұмысшысы болып жұмыс жасаған, 1994-1997 жылдары Қызылкөл совхозы директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары, 1997-1998 жылдары Қызылкөл совхозының №2 бөлімшесінің агрономы, 1998-2003 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік бөлімінің бас маманы, 2003-2006 жылдары Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2008 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2009-2017 жылдары Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, 2017-2018 жылдары БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, 2018 жылдың 11 қазанынан бастап Ақжайық ауданы әкімі болып тағайындалды.

   

 

Абуғалиев Асқар Батырханұлы 1960 жылы Қазталов ауданының Талдыапан ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1983 жылы Семей зоотехникалық - мал дәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Фурманов» кеңшарында комсомол-жастар бригадасында көмекші шопан болып бастаған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Чапаев ауданының Жамбыл атындағы совхозда мал дәрігері,  Чапаев аудандық малдәрігерлік зертханасының мал дәрігері, директоры, Ақжайық аудандық малдәрігерлік қадағалау бөлімі бастығының орынбасары, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасының мемлекеттік инспекторы,бөлім бастығы, ауданның бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторы болды. 2003-2005 жылдары - Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005 жылдың қаңтарынан бастап Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.  2013 жылдың тамыз айынан  Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары
   
   

 

Габдушев Тлеккабыл Александрович 

2000-2002 жылдары Чапаев ауылындағы Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, 2002-2006 жылдары Абай атындағы мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және 2006-2016 жылдары Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

   
 

Үмітов Ердос Рашидұлы 1986 жылдың 03 маусымда дүниеге келген. Жоғары білімді, 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін  ветеринариялық санитария және 2012 ж. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

2008 - 2009 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2009 - 2012 жылдары аралығында Сырым ауданы жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы білім беру бөлімінің бас маманы, 2012 - 2013 жылдары аралығында Сырым ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлімінің бас маманы 2013-2015 жылдары Сырым ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы, 2015 - 2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды.