25 Желтоқсан 2018
1004

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

 

Мекен-жайы: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев атындағы көше, №73 ғимарат.

Байланыс телефондары: 8 (711-36) 91-243 – бөлім басшысы, факс 91-729 және 92-404 – бас мамандар.

Электронды мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Facebook.com желісінде – «Ақжайық – мәдениет, тіл және спорт»

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаты: 

 «Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылыды.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

  Тарихы: 1936 жылдары Ілбішін ауданында мәдени-көпшілік орындар ашылып, жұмыс жасады. 1948 жылы мекеме аудандық мәдени ағарту бөлімі болып аталады. 1953 жылы шілдеде аудандық кинофикация бөлімі мен мәдени ағарту бөлімі біріктіріліп, аудандық мәдениет бөлімі құрылады.

Бөлім 2006 жылдың қаңтарында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып құрылды. 2010 жылдың желтоқсан айында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі болып қайта құрылды.  2015 жылдың ақпан айында Азаматтық хал актілерді тіркеу қызметі,  мамыр айынан бастап мекемеге қарасты «Балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  қосылды.

Штаттық құрылым:

Аты-жөні

Қызметі

Байланыс телефоны

1

Ермуханов Артур Орынғалиұлы

бөлім басшысы

91-243

2

Батырова Райгүл Серікқалиқызы

бас маман (мәдениет)

91-729 (fax)

3

  Тулакбаев Бауыржан Мухамбеткалиевич

бас маман (спорт)

4

Жолдығалиева Зүлфия Нұрлыханқызы

бас маман

 (тілдерді дамыту)

92-404 (f)

5

Қанатқызы Эльмира

бас маман (АХАЖ)

92-288 (f)

 

 

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Р Е Г Л А М Е Н Т Т Е Р І

 

№р/р

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Қызмет көрсету күні

Ақысы

Сала

Қызмет көрсету нысаны

Жауапты маман

1.

2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру

20 күнтізбелік күн

Тегін

Спорт

Қағаз түрінде

Балхашев Айбек Бауыржанұлы

Жұмыс -

91-729

2.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

15 күнтізбелік күн

4810 теңге

АХАТ

 

Қанатқызы Эльмира

 

Жұмыс -

92-288

3.

Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

4.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

30 күнтізбелік күн

Тегін

5.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

5 күнтізбелік күн

2405 теңге

6.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

30 күнтізбелік күн

2405 теңге

7.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

5 күнтізбелік күн

Сот шешімі бойынша

8.

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3 күнтізбелік күн

Тегін

9.

Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

10.

Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1 күнтізбелік күн

Тегін

 

Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы бойынша

Мәдени-демалыс орталығы

Мәдениет объектілерінің желісін 18 мәдениет үйі, 10 ауылдық клуб, 1 мәдени-демалыс орталығы. Халықтық атағы бар 8 өнер ұжымы бар.

Жыл басынан Ақсуат МҮ және Атамекен ауылындағы мұражай ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу ЖСҚ сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мәдени-демалыс орталығы бойынша мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында этнофольклорлық топқа сахналық костюмдер, Халықтық ұлт аспаптар оркестрінің дирижеріне сахналық костюм, Үлгілі Сымбат би тобына сахналық костюмдер, Ақжол ауылдық мәдениет үйінің Ай Дарын би тобына сахналық костюмдер, Халықтық ұлт аспаптар оркестріне музыкалық аспаптар және Шабдаржап ауылдық клубына музыкалық құрылғы сатып алынды.

Кітапханалар жүйесі

Кітапханалар – 45, соның ішінде  6 модельді кітапханалар - аудандық модельді балалар кітапханасы, Тайпақ ауылдық кітапханасы, Тайпақ ауылдық балалар кітапханасы Алмалы, Мерген, Есенсай, 2 коворкинг орталығы: Ілбішін, Жаңабұлақ ауылдық кітапханаларында.

Жалпы кітап қоры - 592793, қазақ тілінде 312441 дана. Кітаппен толықтырылуы -3805     дана, қазақ тілінде -3424  /88235,1 мың тенге/

 

Тілдерді дамыту

«Өңірлерді дамыту бағдарламасын» орындау мақсатында 2019 жылы 44 адам  ағылшын тілі курсын  аяқтады.

Ауданымызда тіл саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізілуде. Аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер  мен ұйымдарда  құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,6 пайызды құрайды. Аудан халқының санының  95 % - қазақтар, 3 % - орыстар, 2 % - өзге ұлт өкілдерінен құралған.

 

Спорт

Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 28 спорт залы қызмет атқарады.                                                                 

2020 жылға дейін дене шынықтыру мен спортқа тұрақты атсалысатын халықтың санын 30%-ға жеткізу, ұлт өміршендігін қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстың нәтижесінде спортпен шұғылданушылар саны 11420 адамды құрайды.

 

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар

 

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған мақсат - міндеттерді  жүзеге  асыру мақсатында – өз өлкеміздегі танымал тұлғаларымызды, біртуар перзенттеріміздің есімін ел есінде, жас ұрпақ жадында сақтау, олардың ерлігін, өмір жолдарын дәріптеу мақсатында  әр айдың 6-сы күні «Туған өлкеңнің тарландарын танып,біл!» танымдық жобасы аясында барлық ауылдық кітапханаларда циклді  шаралар легі оздырылуда.

 Орталық модельді балалар кітапханасында өңірімізден шыққан танымал ақын-жазушылардың өмірі мен шығармаларын танытып, насихаттау мақсатында  сайыс түрінде өткен шара №1 ОЖББМ 6 «а» сыныбы  мен Абай атындағы мектеп-гимназияның 6 «а» сынып оқушылары арасында  өткізілді.                

Базаршолан ауылдық кітапханасында өткізілген  «Өлкенің ардақты азаматтары», «Өмірінің өзі дастан», «Ел үмітін ер ақтар» атты 3 бөлімді танымдық ойыны жерлес ақын-жазушылар, ҰОС-ның ардагері, тыл ардагерлерін таныту мақсатында ұйымдастырылды.

Жамбыл ауылдық кітапханасында жерлес ақын-жазушыларды танып білуге, шығармаларын  жатқа мәнерлеп оқуға баулу мақсатында танымдық кеш өткізілді.

 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында 6 сынып оқушыларынан құрылған екі команда ақын жазушыларды портрет арқылы танып, өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгімелеп, өлеңдерін жатқа оқуда сынға түсті. Жеңімпаз команда келесі ойынға жолдама алды.

Қабыл ауылдық кітапханасында жоба аясында «Ардақты азаматтарым», «Жыр жазамын жүрекпен», «Ерлігі елге үлгі» атты үш бөлімді сайыс 5-8 сынып оқушылары арасында оздырылды.

Мерген ауылдық модельді кітапханасында жерлес еңбек ерлерін жас ұрпаққа танытып, олардың өмір жолын, еңбегін үлгі ету мақсатында өткен танымдық ойынға жас оқырмандар белсене қатысты.

Жасөспірімдерді   өз өлкесін сүю, тарихын құрметтеу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелейтін  мазмұнды шаралар әлі де жалғасын табады.

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін  айтқан болатын. Осы бағытта аудандық кітапханада латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Латын – әліпбиін үйрену заман талабы» тақырыбында тіл мамандарымен кездесу кеші өткізді.

13 наурыз күні «Ауылым – ел бесігім» жобасы аясында Жұбан ауылының құрметті азаматы, «Еңбек данқы» орденінің иегері, «Бағындырған белес» кітабының авторы Наурызғали Әбілхайыровпен  кездесу кеші өтеді.

10 сәуірде Сарытоғай ауылдық мəдениет үйінде Ұлы даланың жеті қыры аясында "Туған өлкем - тұнған шежірем" атты дөңгелек үстел оздырылды.

8  мамырда  Мойылды  ауылдық мәдениет үйінде «Жаныңда  жүр  жақсы  адам» тақырыбында Прапорщик  3-дәрежелі  «Айбын»  орденінің  иегері Үмбеткалиев  Салауат  Бауыржанұлына  арналған  патриоттық кеш өткізілді.

1 маусым күні «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен асық ойынынан аудан біріншілігі өткізілді.      Ұлттық спортты  дамыту арқылы тұрғындардың спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болу мақсатында қатысушыларға «Құлагер» ат спорты кешенінде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ұлдар арасында аударыспақтан, ләнгі тебуден және «асық ату» ойыны, қыздар арасында «бес асық» ойыны өтті.

27 шілде күні Жаңабұлақ ауылында "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" бағыты аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гиззатов Саялбек Махамбетұлының «Жаңабұлақ тарихы» атты монографиясының тұсаукесері өтті.

1-4 тамыз күндері Чапаев ауылында Ұлттық спорт түрлерінен БҚО V-ші фестивалі өткізілді. Ұйымдастырушылар:  Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ақжайық ауданының әкімдігі.

Мақсат: ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін жастар арасында насихаттау және дамыту, фестиваль өткізу арқылы қоғамда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру. Облыс халқы арасында достық пен өзара татулық  қатынастарды нығайту саясатын  насихаттау, Батыс Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең  мықты ауданды анықтау, сондай-ақ облыс құрама командасына мықты спортшыларды іріктеу.

Қатысушылар арасында ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін бәйге, аламан бәйге, құнан жарысы өтті.

Қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнайтын икемді де білекті жігіттердің көкпардан, аударыспақтан, теңге ілу және жамбы атудан сайыстары оздырылды.

    «Күш атасын танымас» деген ұранмен палуандырдын қазақ күресі және ұлттық жекпе-жектен белдесулері, тоғызқұмалақтан ой шайқасын, асық атудан мергендер сайыстары өтті.  

12 қыркүйек  күні   «Алтын адам туралы не білеміз?»  атты тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырушылар: Қурайлысай  ауылдық мәдениет үйі. Жастарымызды отансүйгіштікке  тәрбиелеу мақсатында, жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыру бағытында «Алтын адам туралы не білеміз?» атты тәрбие сағатында алтын адам туралы алғашқы түсінік берілді. Шараның мақсаты: оқушыларға өз Отанының тарихын, құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетін білуге үйрету. Тарихты зерттеуге қызығушылығын арттыру. Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.