Аудандағы екінші коворкинг орталығы

Арайлы, айбынды астанамыздың 20 жылдық мерейтойы асуындағы ауданымыз үшін айтулы бір жаңалық – Жаңабұлақ ауылындағы модельді кітапхана бұдан былай жаңа дәуірдің бір айтулы жаңалығы – коворкинг орталығы ретінде жұмыс жасауға кірісті. Үлкен ауданда жастардың зияткерлік әлеуетін, олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы соны қадамның бірі осы болып табылады. Жыл басында ғана аудан орталығында «Өркен» коворкинг орталығы ашылған болатын. Бұл рухани жаңғыруға «іргетас» қалаған ілгері істердің бірі болды. Содан бері қыз-жігіттер сол орталықтың мүмкіндіктерін өз игіліктеріне тиімді пайдаланып келеді.

Тайпақтағы жазғы сахна

«Рухани жаңғыру» алаңы ашылды.

Ұтымды ұсыныстың, тың жобаның жөні бөлек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өңірлерде жүзеге асуын саралау үшін Ақжайық ауданында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұловпен бірге Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Есет Бәйкенов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру кабинетінің меңгерушісі Лаура Нарушева, Ұлттық музейдің «Қазақстан тарихы» бөлімінің ғылыми қызметкері Динара Кәрімова, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитеті азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Еркебұлан Жаулыбаев, Ақпарат комитетінің қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Жазира Жұмағұлова болды. Алдымен Бударин ауылдық округіне аялдаған олар осындағы кәсіп иелерінің қолдауымен жасақталған нысандарды көрді.

Елжандылықтың қайнары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор серпіліс әкелген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Чапаевта жерлестер форумы ұйымдастырылды.