29 Қантар 2019
211

Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

 

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары:

 

 

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының

2019 жылғы  29 қаңтардағы  № _11_  шешімі

 

 

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық

ауданы Есенсай ауылдық округінің

сайланған әкімін тіркеу туралы 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 36, 36-1 баптарына сәйкес және 2019 жылдың 29 қаңтарында өткен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы шешті:

 

  1. Мурзагалиев Замир Борисович – «Sicim SPA Kazakhstan» ЖШС сапаны бақылау бөлімінің үйлестірушісі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, БҚО, Орал қаласының тұрғыны, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслихат хатшысына жолдансын.
  3. Осы шешім аудандық баспасөз ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                         С.Бакманов