13 Тамыз 2019
47

Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауын 2019 жылғы 20 қыркүйекке тағайындау туралы

 

 

 

Ақжайық ауданы Көнеккеткен

ауылдық округі әкімінің сайлауын

2019 жылғы 20 қыркүйекке

тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ақжайық ауданының Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауы 2019 жылғы 20 қыркүйекке тағайындалсын.

2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну – 2019 жылғы                 21 тамызда басталып, 26 тамызда аяқталсын, ал кандидаттарды тіркеу 21 тамызда басталып,  5 қыркүйекте аяқталсын.

3. Сайлау аудандық сайлау комиссиясының мекен – жайында 2019 жылғы 20 қыркүйекте өткізілсін.

  1. Қоса беріліп отырған Көнеккеткен ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. 5. Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслихат хатшысына жолдансын.
  3. Осы шешім жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

Аудандық сайлау комиссия

төрағасының орынбасары                               С.Аймукашев