28 Желтоқсан 2018
228

Ақжайық ауданы Ақсуат, Құрайлысай ауылдық округтер әкімдері сайлауын 2018 жылғы 12 қазанға тағайындау туралы

     БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

РЕШЕНИЕ

АКЖАИКСКОЙ РАЙОННОЙ

   ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

 

 

090100 Чапаев селосы,

Қонаев көшесі, 73

тел.: 92-4-04 факс 91-8-23

 

 090100, с. Чапаево

улица Кунаева, 73

тел.: 92-4-04 факс 91-8-23

_____________2018_______ж __04.09_________

 

№_____7__________

 

 

Ақжайық ауданы Ақсуат, Құрайлысай

ауылдық округтер әкімдері сайлауын

2018 жылғы 12 қазанға  тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық заңына,  «Қазақстан   Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес және аудан әкімінің 2018 жылғы 1 тамыздағы №6-42/ВН және 4 қыркүйектегі №6-62/ВН хабарламалары негізінде аудандық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ақжайық ауданы Ақсуат, Құрайлысай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2018 жылғы 12 қазанға тағайындалсын.

2.Ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды ұсыну – 2018 жылғы 12 қыркүйекте басталып, 17 қыркүйекте аяқталсын, ал кандидаттарды тіркеу 12 қыркүйекте басталып 27 қыркүйекте аяқталсын.

3. Сайлау аудандық сайлау комиссиясының мекен – жайында (аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимараты)  2018 жылғы 12 қазан сағат 10.00 – 13.00 аралығында өткізілсін.

4.Қоса беріліп отырған Ақсуат, Құрайлысай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

5.Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслихат хатшысына жолдансын.

6.Осы шешім аудандық «Жайық таңы» газетіне жариялансын.

  

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                         А.Абугалиев